11
айтайық: «Сәлем! Менің есімім... Бұл ойынды ойнауға қазір менің кезегім» −
алдымен ренжіп, содан соң сенімді түрде, кейін тілектес мейрімді көңілмен.
Талдау:
Қандай дауыс ырғағын тиімдірек сезіндің?
Осы дауыс ырғағын қаншалықты жиі пайдаланасың?
«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы
Біздің сөйлескен сәттегі дауыс ырғағымыз басқа адамдармен, балалармен,
үлкендермен өзара қатынасымызға әсерін тигізеді. Айқай, жағымсыз дауыс,
ұрысқа, түсінбеушілікке, жанжалға әкеп соғады. Төбелес өте қауіпті, «кәдімгідей
тозаққа» айналады. Шығыс елдерінің өсиет әңгімесін тыңдауға шақырамын...
Бір жас жауынгер данышпанға келіп былай деп сұрақ қояды:
«О,
данышпан, маған өмірдің құпиясын ашып берші. Жұмақ пен тозақтың
айырмашылығы неде?» Данышпан бір сәтке ойланады да, жауап береді:
«Сен
жас ақымақсың. Сендей топас адам оның мәнін қанша айтсаң да түсінуші ме
еді? Сен өте надансың!». Мұны естіген жас сарбаз сұрланып, тісін қайрап:
«Мен
мына сөздерің үшін сені өлтіріп тастаймын!», − деп айқайлап, данышпанды
бастырмалата қылышын суырып алды. Осы сәтте данышпан:
«Міне, мұның
тозақ», − деді. Мұны естіген сарбаз қылышын қынабына қайта салды.
«Ал енді
мұның жұмақ», − деді данышпан.
Пікірталасыңыз бір кездері төбелеске айналып кеткен сәттеріңізді есіңізге
түсіріңізші! Сонда сізді ызаландырғаны соншалықты, төбелесті бастап кеткіңіз
келді немесе қарсыласыңыз ашу-ызадан жарылып кете жаздап, сізге тұра
ұмтылған болар?! Қол жұмсаудан аулақ болуға мүмкіндік болады ма? Сонда
болған оқиғаны айтып көріңіз. Төбелессіз тарай алдың ба? Сол сәтте сен өзіңді
қалай сезіндің? Бұл оқиғаға қандай атау берер едің?
Талдау:
Пікірталас пен төбелестің айырмашылығы неде?
Айтыс төбелеске айналып кетпеу үшін не істеу керек?
Төбелесуге мәжбүр ететін жағдай болып тұра ма?
Төбелес – бұл дауласудың шешімін табатын ең жақсы амал ма?
Өсиет әңгімеде данышпан зорлық-зомбылық – тозақ деп нені айтады?
Достарыңызбен бөлісу: