«Ешкім де білмейді...» жаттығуы Қатысушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы мынадай сөздерді айтады:
«Сіздердің ешқайсыларыңыз білмейсіздер, менде ... қасиет бар екенін».
«Үшжаңғырық (акустика) жаттығуы» Қатысушылар шеңбер бойымен тізіліп үнсіз отырады. Оларға көздерін жұмып,
көшеден шыққан дыбыстарға 1-2 минут көңіл аудару ұсынылады. Одан соң олар
не істегендерін кезекпен айтып шығады.
Осы жаттығу қайталанады. Енді 1-2 минутта бөлменің ішіндегі дыбыстарды
тыңдайды. Тағы да не істегендерін кезекпен айтып шығады.
Жаттығу үшінші рет қайталанады. Бұл жолы 1-2 минутқа көздерін жұмып, әркім
өз жан дүниесіндегі дауысты тыңдайды. Соңынан барлығы кезекпен сөйлейді.
«Көктемгі орман» жаттығуы Әрбір қатысушы көктем кезіндегі орманда жүргенін елестетеді. Олар өздеріне
төмендегі рөльдерді таңдап алады:
• көргіштік (көріп тұрмын);
• естігіштік (тыңдап тұрмын);
• түйсінуші (сезінудемін);
• иіс сезгіш (иісті нәзік сезініп тұрмын).
«Толеранттылық ағашы» қорытынды жаттығуы Қатысушылардың әрқайсысы бір-бір парақтан алып, мектептегі қарым-
қатынастар толеранттылырақ болуы үшін не істеу керектігін жазады.
(Қатысушылар парақ қағазға қандай да бір ағаштың суретін салып, оған өз
мектебі «Толеранттылық кеңістік» болу үшін не керек екендігін жазады.
Қатысушылар өз пікірін ватмандағы жапырақсыз ағашқа апарып жапсырады,
аяқтағаннан кейін оны сыныпқа іліп қояды).
29
Сабақтың қорытындысы
«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты», сондықтан да шәкірт ұстанымы мықты болу үшін, ұстаздың психикалық саулығына мән берілгені дұрыс, ұстаз мықты болу үшін педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырау синдромының алдын алу мақсатында «Эмоциялық шаршау – ретке келтіру» атты семинар-тренингті білім беру саласындағы педагогтарға тоқсан сайын жүргізіп тұрған жөн.