Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
«Керемет!» жаттығуы (5–7 мин.) 
Мақсаты: педагогтардың өзіндік бағасын оңтайландыру, эмоциялық қысымды 
түсіру. 
Нұсқау: қатысушылар екі шеңберге бөлінеді – ішкі және сыртқы, бір-біріне 
беттесіп тұрады. Ішкі шеңберде тұрған қатысушыларға өздерінің жетістіктерін 
айтулары керек, ал сыртқы шеңберде тұрғандар олардың жетістіктерін «Ой 
қандай кереметсің – бір! Ой қандай кереметсің – екі!» және т.б. эмоциясын 
білдіретін сөздерді айта отырып, саусақтарын бүге, мадақтауы қажет. Сыртқы 
шеңберде тұрған қатысушылар бұйрық (жүргізуші шапалақ соққанда) бойынша 
бір қадам оңға жылжып отырады да, бәрі қайтадан қайталанады. 
Содан соң, ішкі және сыртқы шеңбердегі қатысушылар орындарын ауыстырады, 
әрбір қатысушы мақтаушы мен мақтанушының рөлінде болмайынша ойын 
қайталанады. 
Күтілетін нәтиже: педагогтардың эмоциялық қысымдарының бәсеңдеуі 
(әдеттегідей, бұл жаттығу өте көңілді өтеді), педагогтардың өзіндік бағаларын 
көтеру. 
«Бақыт калошы» жаттығуы (10 мин.) 
Мақсаты: педагогтардың позитивті ойлауын дамыту. 
Міндеттері: өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, дүниені позитивті тану 
дағдыларын қалыптастыру, позитивті МЕН-концепциясын дамыту, эмоциялық 
өзін-өзі реттеудің дағдыларын дамыту. 
Материалдар мен жабдықтар: «бақыт калошы» (ойын элементтері: әдетте 
үлкен размерлі, көңілді дизайнмен жасалған қарапайым резина калош), 
жағдайлар жазылған карточкалар, рефлексті кубиктер (2, 3 қосымшаны қараңыз). 
Нұсқау: «Бақыт калошы» деген ойынды ойнауды сіздерге ұсынамын. Бұл 
ертегіде сиқырлы әйелге туылған күніне бақыт калошын сыйға тартыпты. Ал ол 
калошты «адамдар бақыттырақ болсын» деп соларға беруді жөн көріпті. Осы 
калошты киген адам ең бақытты жан болыпты. Калош оның кез келген тілегін 


31 
орындапты, ол басқа уақытқа немесе басқа дәуірге де өте алатын болыпты. 
Сонымен, мен сіздерге осы калошты киіп ең бақытты адам болуларыңызды 
қалаймын. Мен сонымен бірге әртүрлі ситуацияларды оқимын, сіздің міндетіңіз 
– осы калошты кие отырып, сізге ұсынылған ситуациялардың позитивті жағын 
тауып алу. Басқаша айтатын болсақ, ситуацияға бақытты оптимист-адамның 
көзқарасы бойынша қараңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет