Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Күтілетін нәтиже: барлық бұлшық еттердің босаңсуы, психоэмоциялық 
қысымның төмендеуі. 
Жаттығудың 2-ші бөлімі — арт-терапия
Қатысушыларға парақ қағаздар, қарындаш, фломастерлер таратылады. Не 
елестеткендерін қағазға суреттеп түсірулері ұсынылады: гүл немесе бау-бақша. 
“Менің аффирмациям” жаттығуы 
Мақсаты: позитивті күйге келтіру, өзін-өзі позитивті түйсінуін дамыту, алынған 
позитивті ойлау дағдыларын бекіту. 
Материалдар мен жабдықтар: позитивті тұжырымдар - аффирмациялармен 
берілген карточкалар. 
Нұсқау: Позитивті тұжырымдар-аффирмациялар жазылған карточкаларды 
дестеден суырып алуларыңызды сұраймын. Егер сізге қандай да бір аффирмация 
ұнамаса, өзіңізге жақынырақ басқа аффирмацияны ауыстырып алуыңызға 
алуыңызға болады. 
Қатысушылар алған аффирмацияларын кезекпен дауыстап оқиды. Жаттығу 
аяқталғаннан соң қатысушылардан осы аффирмациялардан алған әсерлерінің 
қандай екендігін айтып, бөлісу сұралады. 
Күтілетін нәтиже: позитивті тәжірибені бекіту; жағымды күй. 
4. Семинардың қорытындысын шығару 
Мақсаты: шеринг – семинардың вербальді рефлексиясы, қорытынды жасау. 
Материалдар мен жабдықтар: «Кері байланыс» сауалнамасы. 
Нұсқау: Біздің семинар аяқталды, алған әсерлеріңіз бойынша кішкене 
сауалнаманы толтыруларыңызды сұраймыз. Сіздің пікіріңіз біз үшін өте 
маңызды. Пікірлеріңізді жазып болғаннан соң, әрқайсыңыз кезекпен айтып 
шығыңыздар.
Күтілетін нәтиже: педагогтар сауалнаманы толтырады, не ұнады, не ұнамады, 
өз пікірлерін, тілектерін айтады. 


33 
1-қосымша 
 
 
Сынып жетекшісінің сұраныс парағы 
 
Педагог психологқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет