Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА

Ертегіні балалар өздері аяқтайды. 
Талдау: 
• Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер? 
• Не қиынға соқты? Не қызықты? Не нәрсеге үйрендіңдер? 
• Өзің және басқалар туралы қандай жаңалықтарды білдіңдер? 
Сабақтың рефлексиясы 
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... 
Маған ұнағаны... 
Маған ұнамағаны... 
Менің естігім, білгім, жасағым келгені... 
Жаттығудың қорытындысы 
№11 Тақырып «Толеранттылық деген не?» 
Мақсаты: 
• Толеранттылық ұғымын және толеранттылықтың және нтолеранттылықтың
негізін түсінуге қатысушыларды таныстыру; 
• басқа адамдардың және өзін толық, яғни қанық (адекватты) тануын дамыту. 
«Толеранттылық ұғымы» 
Толеранттылық – бұл өзгені сыйлаушылық, өз лебізіңді білдіру түрлерін көрсете 
білу және адамдық білдіру амалдарын көрсету. 
«Толеранттылық» сөзінің анықтамасы жер шарының әр жерінде әртүрлі болып 
келеді екен: 

Испанша – өз идеяң мен ойыңнан да озықтары барын біліп, мойындау 
қабілеті; 

Французша – саған қарағанда басқалардың да сенен басқаша ойлап немесе 
әрекет жасауға болатынын білдіретін қарым-қатынас; 

Ағылшынша – төзімді, мейрімді болуға дайын болу; 

Арабша – кешіру, кішіпейілділік, жұмсақтық, қайырымдылық, рахымдылық, 
ізгі ниеттілік, шыдамдылық, басқаларға ыңғайлы күйде жайғасу; 

Орысша – не нәрсеге де немесе кімге де болса шыдамдылық (ұстамды, 
майталман, табанды, не нәрсенің немесе кімнің болса да бар екендігіне 
төзімділік таныту) қабілеті. 


27 
Жаттығулар жасау 
«Сапқа тұру» жаттығуы 
Қатысушылар сан түзеп, екі-екіден бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 
Жүргізушінің міндеті – саптың арасынан өтіп кету. Жүргізуше рөлінде топ 
мүшелерінің барлығы болғаны жөн. 
«Мен кіммін?» жаттығуы 
Жүргізушілер қатысушыларға ойша мынадай сұрақ қоюларын ұсынады: «Мен 
кіммін?» Осы сұраққа жауап беруші, алдын ала әзірленген суреттер мен 
қиындылардан коллаж құрастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет