Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы


№8 Тақырып: «Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»



Pdf көрінісі
бет18/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
№8 Тақырып: «Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым» 
Мақсаты: 
• өтініш жасалған жағдайда қатысушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту
• бақылау және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
• вербальды және нақты қарым-қатынас жасауды дамыту; 
Бүгін біз дұрыс өтініш жасау дағдыларын қалыптастырамыз, өтініш 
жасағанда өзара реніш жағдайын тудырмау үшін өз бұйымтайымызды қандай 
күйде айтуымыз керектігі жайлы әңгімелесеміз. 
Достарың, құрдастарың сенің өтінішіңе құлақ асуы үшін не істеу керек? 
Бір нәрсені сұрарда, бетімді қайтарып тастар ма екен деген күдік те болуы 
мүмкін. Осындай оқиғалар сенің өміріңде болды ма? 
Шындығында өтініш жасау деген оңай шаруа емес. Сондықтан өтініш 
жасарда адамның орынды қарым-қатынас жасауы өте маңызды. Жалынып, 
сұрап, емініп, өзіңді кемсітіп: «Мен саған жалынамын, менімен ойнашы...» 
десең, өтініш жасау қорланып тұрғандай болып көрінеді. Соншама сұрап тұрған 
адам өзін міндетті сезінеді, ыңғайсыз жағдайға қалады. 
Кейде біз өтініш жасап тұрмыз деп ойлаймыз, ал шындығында бұйырамыз 
немесе мәжбүр етеміз: «Әрі жылжы, бұл менің орным, кәне мен осы жерге 
отырайын...» 
Өтініш жасаудың басқа түрлері бар. Басқа адамға өз өтінішіңнің өте маңызды 
екендігін ізгі ниетпен, сабырлы күйде түсіндіруге болады. Бұл жағдайда ортақ тіл 
тауып және иманжүзділікпен қатынас жасауға болады. 
Қазір әрқайсыларың араларыңдағы біреуге өтініш жасайсыңдар. Ол өтінішті 
қалай жасау керектігін: талап ете, емін-еркін, баса-көктеп немесе сыпайы күйде 
жасай ма оны өзі таңдайды. Ал өтініш жасалған адам өзінің сезімдеріне құлақ 
түрсін. Яғни өзіне ұнаған өтінішті ғана орындайды 
1- оқиға: 
– Әй, сағат неше? 
– Сағат неше екенін айтыңызшы? 
– Сағат неше болды? 
2- оқиға: 
– Анар Мақашқызы, тапсырманы қайталаңызшы? 
– Мен жазып үлгере алмадым, қайталаңызщы! 


23 
– Анар Мақашқызы! Тапсырманы қайталаңызшы, өтінемін. Мен жазып 
үлгермедім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет