25
№10 Тақырып: « Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»
Мақсаты:
• қатысушылардың қиын жағдайлардың әсерін саралау мүмкіндіктері.
Ертегі тыңдау
«Алыстағы Күн жүйесінде, алыстағы Жер ғаламшарында алыстағы бір қалада
Дархан Дарханов өмір сүріпті. Қалай өмір сүрді? Ол өзін онша бақытты
сезінбепті, себебі оның төңірегінде нашар құбылыстар өз-өзінен болып жатады
екен. Біресе асханада тамақты үстіне
төгіп алады, немесе мұғалім кенеттен
«үштік» баға қояды, ал кейде ең жақын досымен ұрсысып қалады. Бірде ол өз
бөлмесінде
отырған еді, кенеттен өз-өзінен орындықтан құлап қалды, қатты
ауырғаны соншалық, көздерінен ұшқын шашырағандай болды.
Енді көзін аша
беріп еді, біреудің даусын естіген сияқты болды:
– Дархан, осылай өмір сүруіңе мен себепшімін.
– Сен кімсің? – деп Дархан шошып кетті.
– Мен сенің ісігіңмін, – деп шиқылдады дауыссымақ.
Дархан ұшып тұрып, айнаға қарады: көзінің алды көкпеңбек, мойны жырылып
кеткен және желкесінде үп-үлкен томпақ ісік! Ол Дарханға кәдімгідей көзін
қысып қояды.
– Дархан, сенің өзгеруің керек!
– Мен сен ойлағаннан да сұмдық өзгердім, қараңғыда көрсең – қорқып кетесің,
− деп күрсінді Дархан.
– Жоқ, Дархан, бұлай емес. Саған өмір сабақтарын жиі орындап тұру қажет.
– Менің онсыз да мектеп оқуынан басқа жеке өмірім жоқ.
– Сен мені тыңда, Дархан. Тыңда да алғысыңды жаудыр. Сен жағымсыз, қиын
жағдайлардан сабақ алуың керек. Тек сонда ғана ақылың кіреді, әйтпесе әп-әдемі
түрің бар бала бұдан былай үп-үлкен томпақ ісікке айналасың.
Дархан мұндай арсыздыққа таң қалғаны соншалықты, аузына сөз де түспей
қалды. Біраздан соң сөйлей бастап еді ешқандай ісіктің орны да қалмағанын
байқады.
Көз алдындағы көгергені де, желкесіндегі томпақ ісік те ғайып болыпты.
Сол сәтте оның сотқар інісі Хасан-Шабдалы келе қалды. Ол жай келген
жоқ, келе сала Дарханмен алысып, оның қолын ауыртып жіберді. Дархан
оны итеріп жібергісі келіп еді, бірақ оны бір нәрсе жібермей қойды.
«Мүмкін Хасан- Шабдалыны өмір сабағы үйретер, не қыламын оған тиісіп»,
- деп ойлады Дархан. «Мүмкін байқап көру үшін Хасанды ба екен? – деп
ойлады ол тағы да». Осы кезде Дарханның анасы келді де, әдеттегідей
наразылық көрсете: «Итті қыдыртпапсың. Хасанды ренжітпе!» дей бастады.
Дархан әдеттегідей анасына ренжігісі келіп еді, алайда тағы да ойланып
қалды: «Мүмкін өмірден
сабақ алып, анамды түсінуге тырыссам ба екен?».
26
Дархан туралы көп айта бермесек те болады, − себебі сендер онсызда да
түсіндіңдер. Өмір сабақтарын орындау Дарханға қатты ұнады, өзін өзгерту де
ұнады. Әрине, оның өмірі де жақсы жағына қарай жақсара бастады. Өмірі
қандай болды? Мұны да
сендер менен жақсы білесіңдер, бақытты болғысы
келетін мектеп оқушысының жағдайын енді одан да жақсы түсініп
отырсыңдар. Ал Дархан өскенде, мектеп бітіргенде қандай болды – бұл
көріністі енді маған баяндап бересіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: