Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Ана тіліндегі дауысты және айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз б-п, г-ғ, к-қ, ж-ш, з-с, н-ң, р-л дыбыстарды дұрыс, анық айтуды үйрету.
Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.
Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеу.
Сөздік қор
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту.
Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.
Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну, оларды сөйлегенде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдану білуді дамыту.
Балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу.
Көркем әдебиет
|
Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату, тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау.
Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру. Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну.
Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.
|
Сауат ашу негіздері
|
Сөздегі қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын ойын жаттығуларында дұрыс айтуға дағдыландыру. Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру.
|
Қазақ тілі
|
Сөйлемдерді дауыс ырғағымен түрлендіріп айтуға жаттықтыру. Санамақтар жаттау, тура және кері санау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп
және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрауды дағдыландыру. қазақ тіліне тән дыбыстарды
дұрыс айтуға жаттықтыру. Дикцияны, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту
|
Математика негіздері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |