Білім беру ұйымы: «Зерде» мддо тобы: «Раушан» мектепалды тобы Балалардың жасы: 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет7/23
Дата27.11.2023
өлшемі90,79 Kb.
#130359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
перспектив 2022-2023 МАД

Математиканегіздері

Жиын.
"Бір" деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін таныстыру.
Сан, санау.
Көрнекілік негізінде 2, 3, 4, 5, 6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Шама.
Заттарды түрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету
Сөйлеуде мына сөздерді қолдана білуді қалыптастыру: "өлшемдері бірдей", "ұзынырақ – қысқарақ", "ұзындығы бойынша бірдей"
Беттестіру және тұстастыру, жұппен салыстыру әдістерін қолдана отырып, заттарды салыстыруға үйрету, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.
Геометриялық пішіндер.
Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістікте бағдарлау.
заттың кеңістікте орналасуы (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде);
Уақытты бағдарлау.
Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, айларды, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге, циферблат бойынша уақытты анықтауды үйрету.
Салмақты өлшеу.
Заттардың салмағын өлшеміне қарай алдымен қарама-қарсы көрсеткішпен тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп анықтауға үйрету.
Заттар тобынан 1-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін "артық" затты бөліп алу, пазлдарды жинау, логикалық ойын тапсырмаларын орындау және т. б.
Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және сынық сызықтарды дәптердің тор көзіне сызуға үйрету.




Қоршаған ортамен таныстыру

Күзде табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
Бөлме өсімдіктерінің жаңа түрлерімен таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері. бидай өсіру туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.

Жыл құстары мен қыстайтын құстар туралы білімдерін бекіту, оларды ажырата білуге және атын атауға үйрету;


табиғат бұрышын мекендеушілер туралы білімдерін жетілдіру; табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
табиғат аясында болғанда экологиялық мәдениет ережелерінің бастапқы дағдыларына тәрбиелеу
Туғандар мен туыстар. Отбасылық мерекелер. Отбасының әлемі туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата- анасының,
отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта

білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыруды жетілдіру;


заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын
қалыптастыру. балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.
Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек барысы туралы
білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету.
Қазақстан Республикасының рәміздерін танып, мемлекеттік Әнұранды орындағанда орындарынан тұрып, оң қолдарын кеуделерінің сол жақ бөлігіне қоятынын, ер балалар бас киімдерін шешетінін білу керек
екендігін қалыптастыру
Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту.
Жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Қиылыс жолмен таныстыру, жол белгілерін бекіту. Бағдаршамның жарық белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету.




Сурет салу

Заттық сурет салу:
Серуен кезіндегі бақылаудан кейін - ағаштың күзгі жапырақтары, үй, трамвай, автобус; серуен мен саяхат кезінде алған әсерлерін суретте бейнелеуді;
Заттардың шамасы мен үйлесімділіктегі айырмашылығын суретте бере білуге үйрету. Бояумен жұмысты жетілдіру (бояудың қажетті қоюлығын алу үшін, акварель бояуын сумен араластыру).
Сәндік сурет салу:
Қазақ оюларының көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктері мен оларға тән элементтерін қолдана отырып, құрастыра білу іскерліктерін дамыту. Ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға; қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.
Қарындаштармен сурет салу барысында саусақтарға күш түсірмей, көлбеу ұстау қажеттілігін, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта әрі-бері сызу дағдыларын дамыту.

Сюжеттік сурет салу:


Бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға орналастыру біліктерін қалыптастыру. Бейнені айқындау құралдарын, ересектердің еңбегін, қоғамдағы оқиғаларды қолдана отырып, балаларды табиғаттан алған әсерлерін көрсете білуге үйрету. Ертегі желісі бойынша сурет салуды үйрету;




Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу.
Қарапайым қатынас түрлерін сақтай отырып адам мен жануарлардың пішінін мүсіндеуге үйрету; көшеде, үйде және балабақшада көрген заттарын бейнелей отырып, елестету арқылы мүсіндеу.
Сәндік мүсіндеу.
Халықтық ойыншықтар желісі бойынша бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну дағдысын дамыту.
Сюжеттік мүсіндеу.
Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету. Кескішті қолданып, тұтас бөліктен мүсін жасауды жетілдіру..




Жапсыру

Заттық жапсыру.
Қағаздан дайындалған тікбұрыштардан дөңгелек пішіндерді қиып алу, заттарды бірнеше бөліктерден бейнелей білуді бекіту.
Сәндік жапсыру:
Ұлттық кілемдерді, қуыршақтарға арналған ыдыс-аяқтарды, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді, қымыз құятын ыдыстарды (торсық), бұйымдарды ұжымдық панно жасау арқылы үйрету.
Сюжеттік жапсыру
Жапсыруларды құрастыру барысында объектілердің көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту.






Музыка

Музыка тыңдау.
Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту.Қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын "күй" жанрымен таныстыру,
Ән айту.
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.


Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Ойындар, хороводтар. Қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті менгерту.
Билер.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.

Би шығармашылығы.


Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін дамыту, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға баулу.

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.


Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке және барлық топпен ойнау. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет