Құрастыру
|
болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау;
Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеуге, түрлі бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету.
Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету.
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, "өлі табиғат" ұғымы (тас, су, жел, күннің көзі, жаңбыр).
Күзде табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
балаларды бөлме өсімдіктерінің жаңа түрлерімен таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері
Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атай алу және ажырату дағдыларын қалыптастыру;
табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Туғандар мен туыстар. Отбасылық мерекелер. Отбасының әлемі
туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру;
заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсінік беру;
Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту.
Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту.
|
|
Сурет салу
|
Заттық сурет салу:
балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, жемістер, ойыншықтар, күрделі емес сұлбаларды өздеріне тән ерекшеліктерін бере отырып салу дағдыларын қалыптастыру.
Сәндік сурет салу:
түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін бекіту.
Сюжеттік сурет салу:
бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға орналастыру біліктерін қалыптастыру.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |