Қазан
|
Дене шынықтыру
|
Жалпы дамытушы жаттығулар. "Қол кеуденің алдында" қалпынан қолды жанына қарай созу, "қолды желкеге қою" қалпынан қолды жоғары көтеру және жанына қарай созу; қол саусақтарын айқастыру "құлып", алға-жоғары көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру); қолды бір мезгілде жоғары-артқа және кезектесіп көтеру.
Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру, қолды алға созып оңға, солға бұрылу, гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсынан жіңішке тақтайшаны ұстап, алға еңкейіп, иілу, гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру, алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған қолдарын жоғары көтеру, тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. 5 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан көтеріп ұстап жүреді).
Негізгі қимылдар:
Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, тізеден бүгілген
аяқты жоғары көтеру, заттарды аттап өту, түрлі қарқында, тәрбиешінің белгісімен тоқтау
Шашырап; жұптасып, бір қатармен, заттарды аттап жүгіру, бір сызыққа қойылған заттар арасымен "жыланша" ирелеңдеп, кедергілерден өту
арқылы
түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 мин тоқтаусыз жүгіру
Бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру. тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап; түзу бағытта
(арақашықтығы 6 м)секіру;
оң және сол аяғын кезектестіріп секіру
Қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен
ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алу (4–5 рет), допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату, допты қабырғаға ұрып
және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу.
Биіктігі 40 см жіптің астынан қолды еденге тигізбей, бүйірімен
еңбектеу, гимнастикалық орындық үстінде ішпен еңбектеу. Көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу, гимнастикалық орындық астынан еңбектеу, доға
астымен еңбектеу (биіктігі 50 см), доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу (биіктігі 50 см).
Заттардан аттап жүру, шектелген беткей үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру, орындық үстімен текшелерден аттап, қосалқы қадаммен арқан
бойымен жүру.Өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге қою арқылы тепе теңдік сақтау
Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, сап түзеуден бір және екі, үш қатармен қайта тұру, бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау.
Спорттық жаттығулар:
Шеңбер бойымен және тура жолмен екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу;
Спорттық ойын элементтері: Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып қағып лақтыру;
Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу;
Дербес қимыл белсенділігі.
Ойындарды дамытуға ықпал ететін, спорттық жабдықтармен және түрлі құралдармен қамтылған қозғалыстық ортаны жасау. Көпнұсқалық ойындар үшін кеңістікті ұйымдастыру. Құрдастарымен жарыстар ұйымдастыру, олардың ережелеріне бағыну дағдыларын қалыптастыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары Қарапайым сумен жасалатын шараларын жүргізудің дербес дағдыларын бекіту. Ертеңгілік гимнастиканы орындауға қызығушылықтарын ояту. Дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.
Адамның дене құрылысы, оның маңызды мүшелері туралы білімдерін, жұқпалы аурулар туралы, аурулардың алдын алудың негізгі шаралары туралы түсініктерін қалыптастыру; өзінің және басқа балалардың ауырғанын сезінген жағдайда ересектерден көмек сұрауға үйрету.
|