Заттық мүсіндеу.
балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып,мүсіндеу.
Сәндік мүсіндеу.
Балаларды халық ойыншықтарымен таныстыру, ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету.
Сюжеттік мүсіндеу.
Балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануды және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру.
Жапсыру
Заттық жапсыру.
екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды
Сәндік жапсыру:
түрлі пішіндегі қағазда таныс геометриялық элементтерден өрнек құрастыруды үйрету;
Сюжеттік жапсыру
Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету
Музыка
Музыка тыңдау.
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату.
Ән айту.
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Ойындар, хороводтар.
қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру
Билер.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау
Би шығармашылығы.
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін дамыту
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату