Білім беру ұйымы: «Зерде» мддо тобы: «Раушан» мектепалды тобы Балалардың жасы: 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет22/23
Дата27.11.2023
өлшемі90,79 Kb.
#130359
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
перспектив 2022-2023 МАД

Шығармашылықпен сөйлеу әрекеті.
Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.

Көркем әдебиет



Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сахналық қойылымдарға қатысуға баулу, онда рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру, белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру.

Сауат ашу негіздері

Геометриялық фигуралардың, көкөністер, жеміс-жидектердің және т.б. дайын суреттерінің сыртын контурдан шығармай бастыру, бояу. Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өз бетінше жазуға мүмкіндік беру.

Қазақ тілі

Сөйлемдерді дауыс ырғағымен түрлендіріп айтуға жаттықтыру. Санамақтар жаттау, тура және кері санау. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді сөйлемдерде байланыстырып құрауды дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Дикцияны, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту

Математика негіздері

Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.
Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Жануарлар әлемі
Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атау және олардың өздеріне тән белгілері бойынша ажырату. Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптау, жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттау, жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу, құстардың пайдасы туралы білу, оларға қамқорлық жасау.
Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: жануарлар қозғалады (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұшады, қозғалады); қоректенеді (өсімдіктердің жапырақтары, сабағы, бұтақтары, қабығы, шырыны, тұқымдарымен, етпен, жәндіктермен); өседі және көбейеді, қоршаған ортаны көз, мұрын, тіл, құлақ, тері көмегімен сезе білу.
Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар, аңдар, жәндіктер, мекендеу орны (орман, шалғын, су айдыны, бақша, бақ, алаң); қозғалу тәсілі (жүгіру, ұшу, секіру, жүзу және т. б.); табиғи-климаттық аймақтар (ақ аю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл және т. б.) бойынша топтастыру.
Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін және оны қорғау, сақтау керек екендігін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу.

Құрастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет