Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-11



бет13/38
Дата15.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#138358
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
Білім беру йымыны атауы) ыс а мерзімді (саба )

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-11


Бөлім:

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Телефон алаяқтары: не істеу керек?

Сабақтың мақсаты

Кибербуллингтің не екенін және оның зардабының қандай болатыны туралы біледі

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:
Еңбек өнімділігін арттыру, қоғам, мемлекет еңбек арқылы дамитынын түсіндіреді.


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой шақыру

Суретке қарап ойыңыз?


Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Тапсырма №1.Бейнетаспа көреді. STOP кадр әдісімен талқылау жүреді.


Мәтінмен жұмыс.
Интернеттің қолдану аясы кеңейген сайын ақпараттық кеңістікте адамның қауіпсіздігіне байланысты небір терминдер өмірге келуде. Бұл терминдердің пайда болуына жаңа факторлардың ықпалы бар. Соңғы жылдары ғаламторда балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың көбейгені көңілге алаңдаушылық тудырады. Ғалымдар осы құбылысты "кибербуллинг" деп атады.
Буллинг пен кибербуллинг баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізеді. Қазіргі таңда еліміздегі жасөспірімдердің 12 пайыздайы осы кибербуллингтен зардап шегеді екен.
Осы мәселе турасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қи­мыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жол­дауында «Балаларды кибербуллингтен қор­ғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек», деген болатын. Бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен жастардың басым көпшілігін де осы кибершабуылдың құрбаны деп қарауға болады.
Кибербуллинг – интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін.
Осы күні ғаламторда баланың өз-өзіне, жақындарына, туыстарына қол жұмсауына итермелейтін ойындар да аз емес. Бұдан бірнеше жыл бұрын кибербуллингтердің "жемісі" саналатын «Көк кит», «Тыныш үй», «Мені сағат 04:20-да оят», «Қызыл жапалақ», «Киттер мұхиты», «Құс жолы», «NaN», «F57» сынды ойындар дүние жүзін дүрліктіргені белгілі. Енді осындай қауіпті ойындардың қазақ тілінде де пайда бола бастағаны жұртшылықты алаңдатуда.
Кибербуллинг өз құрбанына тәулігіне 24 сағат бойы тыным бермейді, жасөспірімнің өзінің қорғаусыз қалғанын сезінтіп, ауыр психологиялық күйге ұшыратады. Жасөспірім өзін кім аңдып жүргенін білмейді және қауіпті ұлғайтып көрсетуге бейім келеді.
ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет