Білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)


Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық



бет16/38
Дата15.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#138358
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Білім беру йымыны атауы) ыс а мерзімді (саба )

Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жеке кірісті қалай тиімді басқаруға болады

Сабақтың мақсаты

Жинақтардың пайдасы, зияны, сақтау жолдары туралы біледі

Құндылықтарды дарыту

  1. Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой шақыру
Жинақ дегеніміз не?
Қағазды үнемдеп қолдансақ, ағаштарды құтқара аламыз ба?
Нарықта не себепті әділ баға болмайды?


Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Жинақтың пайдасы мен зияны туралы бейнебаян көрсетіледі
Мәтінмен жұмыс
Жинақ салым – бұл теңгелік депозиттер ішінде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар, қайтарып алынбайтын салым.
Мөлшерлемелер нарықта өзгеруі мүмкін. Алайда жинақ салымдар бойынша олар қашанда жоғары деңгейде. Бұл осы салымдар бойынша ең қатал шектеулердің орнын толтыруға арналған өтемақы: жинақ салымды мерзімінен бұрын алу үшін алдымен сұрау салу керек. Әрі қарай оны 30 күн өткен соң алуға мүмкіндік бар. Бұл ретте есептелген бүкіл сыйақы сомасының барлығы дерлік жойылады.
Жинақ салымы ақшасын банкке ұзақ уақытқа салуды жоспарлаған және оны мерзімінен бұрын алмайтындығына сенімді салымшылар үшін өте қолайлы.

    1. Авторлық ойын.

    2. Сіз жинақ салымын ашуға дайынсыз.

    3. Депозитті таңдау барысында мына сұрақтарға жауап беріңіз:ақшаны қай мерзімге саласыз?салымыңызды толықтырып тұрасыз ба?

    4. Сыйақы мөлшерлемесі бұған тікелей байланысты.Жинақ салымдардың мерзімділігіне қарай сыйақы мөлшерлемесі де әрқалай болады.Толықтыруға болатын салымдардың мерзімі ұлғайған сайын сыйақы мөлшерлемесі азаюы мүмкін.

Толықтыруға болмайтын салымдардың мерзімі ұлғайған сайын сыйақы мөлшерлемесі арта түседі.
Толықтыруға болатын және болмайтын жинақ салымдарды бір айдан үш жылға дейінгі мерзімділігін таңдай отырып, ашуға болады. Мерзімдерге қатысты кез келген банктің стандартты ұсынысы - бір, екі және үш жыл. Алайда бірнеше айлық мерзім бойынша да ұсыныстар жетерлік. Есіңізде болсын: жинақ салымнан мерзімінен бұрын ақша алудың еш жөні жоқ. Өйткені бұл жағдайда есептелген табыстан айырыласыз.
Жинақ салымдар бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелерін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры есептеп шығарады. Ақпарат ай сайын жаңартылады.
1 Егер ұсынылған ең жоғары мөлшерлеме әрі қарай өсетін болса, әрбір банк жаңа депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтеру немесе бұрынғы деңгейінде қалдыру жағын өзі шешеді. Бұл нарықтағы жағдайға, банктің депозиттік саясатына және әрбір банктің депозиттерге деген қажеттілігіне тікелей байланысты.
2 Егер ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер төмендейтін болса, ең жоғары мөлшерлемеге тең мөлшерлемемен депозит ашатын банктер келесі айда депозиттер бойынша мөлшерлемелерді азайтады. Мақсат – оларды ұсынылған шектен асырмау.
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет