Сабақ
тың соңы
|
Сабақты қорытындылау
Кері байланыс
Үйге тапсырма
«Үнемдеу дегеніміз – шаруашылықты ұқыпты жүргізу» Эссе
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
|
А4, конспект
|
Отбасылық бюджет — отбасыңыздың шығыстары мен кірістерін есепке алу. Қаражатты жинақтап, сатып алынатын нәрселерді жоспарлау үшін оны жүргізген жөн. Өзіңізді болашақтағы қаржылық дағдарыстардан қорғау үшін шығыстарыңызды ойластырып алыңыз – оны қай кезде бастасаңыз да кеш емес.
Бірінші кезекте кірістеріңіз бен шығыстарыңызды көрсететін кесте жасап алуыңыз қажет. Осылайша сіз әлі де «көтеретін» санаттарды объективті түрде бағалай аласыз.
Егер үнемі ақшаңыз жетпейтін болса, не істеу қажет?
Адамның қанша ақша тапса да, барын, тіпті одан да көп (кредиттік карточкалар, қарыздар) жұмсайтын әдеті болса, ол қарызға батады.
Үнемі көп тапқысы келгенімен, ол көмектеспейді. Мұндай жағдайда ай сайынғы шығыстарды қысқарту қажет. Оны қалай істеуге болады?
Ірі заттарды сатып алуды жоспарлау қажет. Ірі заттарды сатып алған кезде ай сайын белгілі бір соманы ғана төлейтіндей етіп, бір жылға теңдей бөлген жөн. Қарызға батқанша, қажетті ақшаны ертерек жинап алғаныңыз дұрыс.
Электр энергиясын, жарықты, газды және суды үнемдеп жұмсаңыз. Түнде жарықты немесе телевизорды сөндіруді ұмытып кеткен, шәйнекті оттан алуды уақтылы алмай, 10 минут артық қайнаған кездерді еске түсіріңізші. Сіз әлі де қызатын лампаны пайдаланатын болсаңыз, оларды үнемді люминесцентті немесе жарықдиодты лампаларға ауыстырыңыз.
Тамақты үнемдеп сатып алыңыз. Тамақты көтере сататын дүкендерден аптасына бір рет сатып алғаныңыз дұрыс. Бұл сізге біраз арзанға түседі. Күнделікті азық-түлікке жұмсалатын шығысты есептеп, тізімді жасап отырып алсаңыз, сіз қажет емес нәрсе сатып алмайсыз. Қымбат емес, үнемді ораулардағы сапалы өнімді ғана сатып алыңыз.
Өзіңіз дайындаңыз. Жартылай фабрикаттарды сатып ала отырып, біз жақсы ақшаға сапасы төмен өнім сатып аламыз. Кесек етті сатып алып, оны үккіштен өткізіп алыңыз. Ал үйде котлеттер, тұшпараларды немесе басқа тағамдарды өзіңіз дайындаңыз. Уақыт көп кеткенмен, ол арзанырақ әрі пайдалырақ.
Тұрмыстық химия мен гигиена құралдарын сатып алған кезде үнемдеңіз. Азық-түлік сияқты тауарлардың бұл санатын да көтерме дүкендерден сатып алыңыз, сол арқылы сіз ақшаңыздың бестен бірін үнемдейсіз.
Киімге, жиһазға, тұрмыстық заттарға, тұрыстық техникаға ұқыпты қараңыз. Ұзақ пайдаланылған сайын оларды қайта сатып алу қажеттілігі де азаяды. Сынып қалған не үзіліп кеткендерін жөндеп алыңыз.
Киімді сатып алған кезде де үнемдеңіз. Сондай тауарды интернет-дүкендерден жақсы жеңілдікпен сатып алу оңайырақ. Мөлшеріңіз бен тауардың артикулын анықтасаңыз болды. Тапсырыс жасай отырып, сіз қажетті нәрсені айтарлықтай жеңілдікпен ала аласыз. Тіпті базардан сатып алып, мысалы саудаласып, айтарлықтай үнемдеуге болады. Көп затты бір адамнан сатып алу арқылы жеңілдік алуға болады. Тіпті дара кәсіпкерлер сатып алатын көтерме базарға да баруға болады. Заттарыңызды екі есе дерлік арзан аласыз!
Көлік шығыстарын қысқартуды ойластырыңыз. Балаларға мектепті жақын жерден іздестіріңіз, жаяу көбірек жүріңіз. Қаланың ішінде әрлі-берлі аз жүру үшін баратын жерлеріңізді ертерек жоспарлар алыңыз.
Үнемделген ақшаны кредиттеріңізді мерзімінен бұрын өтеуге жұмсауға болады. Осылайша пайыздарды өтеуге жұмсалатын шығыстарыңыз азаяды.
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Достарыңызбен бөлісу: