Білім беру ұйымыныңатауы) Қысқамерзімді (сабақ)


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-4



бет7/44
Дата14.09.2023
өлшемі7,26 Mb.
#107550
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
6 сынып Жа анды зыреттіліктер

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-4


Бөлім:

Парасаттылық және этика

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:6

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сыйға -сый,сырға –бал

Сабақтың мақсаты

Дені сау, ұлттың сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет,бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Өзіндік ойы бар, лайықты орын табуға қабілетті, ұлтжанды шәкірт тәрбиелеу.

Бағалау критерийі

Өз кемшіліктерін өзі реттеп өзін өзі жетілдіріп,өзін тәрбиелеуге талпынады.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық , мейірімділік, ибалық, имандылық қасиеттерді бойларына дарыту


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Ұйымдастыру
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.



Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

Халқымыз ежелден адамгершілік,инабаттылық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақ тұтып келеді. Адам өмірге келгеннен киін зара сыйласу баршаға ортақ қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді. Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін өзі сыйлау білуі қажет. Егерде ібөзіңді өзің құрметтеп бағалай білмесең, өзгеден сый құрмет көрем деу бекершілік.
Қазақ қашанда философ халық қой. « Өз өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мақалдың астарыннан ақ көп нәрсе пңғаруға болады. Сыйласа білуде үлкен өнер. Адам өміріндегі ізгі қасиеттер сыйластық татулық болып табылады.
Адамдар бір бірімен сыйласа білсе ғана олардың арасында татулық, береке болмақ. Егер сен айналандағы жандарды сыйлай білсең ғана, өзіңді сыйлы бола аласың. Қазақтың « Сыйға сый, сыраға бал» деген ұғымы осының айғағы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу асқан ілтипаттылықтың белгісі. Алайда қазіргі кезде замандастармыздың бойында осы қасиеттер жетіспей жатыр.Бұл бүгінгі өміріміздің өзекті мәселелердің бірі. Сондықтанда біз бүгінгі осы бас қосуымызды сыйластық, құрмет тақырыбына арнап, оны сайыс түрінде өткіземіз. Сынып оқушыларын екі топқа бөліп отырғызамыз. Бірінші топты « Сыйластық» екінші топты « Мейрімділік» деп алып, сайысқа түсеміз. Қорытындысын өздеріңіз бағалау бетшесі арқылы белгілейсіздер.
I топ оқушылары:
Өз тілін қадірлеу Амандасу
Сыйластық
Үлкенге құрмет
Кішіге ізет
II топ оқушылары
Инабаттылық
Имандылық
Мейірімділік
Қайырымдылық
Ибалылық

II бөлім. Бұл бөлімде әр топта бір бірден оқушы шығып,қоржыннан нөмірленген асықтар алып,сұрақтарға жауап береді.


1 Бүгін сабақта « 2»алдың.Оған мамаң қатты ренжіді.Сен сол ренішін қалай өтер едің?
2 Қиналған сәтте досыңызды ренжітіп алдыңыз.Одан қалай кешірім сұрар едіңіз?
3 Б.Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» атты естелік кітабында мына бір көріністі жақсы суреттеген.Зейнеп апамыз үйінде таңертең тұрған соң анау мынау жұмыстармен жүргенде,есікті өте қатты тарсылдатып,біреу қаққан соң аяңдап айқайға сүріне қабына есікке барып ашып қалса Баукең екен.Сонда есікті ашпай сыртында тұрып «Бар, кейін деп айқай салыпты.Осы оқиғаны сен қалай түсінесің?
4 Сіздің досыңыз айтқан уәдесін орындамады,ол жөнініде сізден кешірім өтінді.Досыңыз сізден қалай кешірім сұрар еді?Сіз оған қалай жауап берер едіңіз?
III Бөлім. Сын сағаты
Гүлде сыйластықтың белгісі. Гүлде тұрған тапсырманы орындай отырып, гүлді өзіңнің қалаған жолдасыңа ұсынуға болады. Мұнда адамгершілік туралы әңгіме берілген. Осы әңгімені қарсы топқа қимыл мен жеткізу, оның не туралы екенін қарсы топ айтып, мағынасын ашады.
I. Топ
1) Асан мен Болат мектептен келе жатыр еді. Қарсы алдынан мектепте бастауыш сыныпқа дәріс беретін Әсия апай кезікті. Бірақ оқушылар бұл апайды елемеді, амандаспады да өте шықты
Тапсырма: Көріністі қыймылмен көрсету, қарсы топ мағынасын ашу.
2) Қанат пен Ербол көшеде ойнап жүрді, олардан алыстау жерде келе жатқан әже сүрініп құлап қалды. Бірақ ойнап жүрген Қанат пен Ербол әжені елемеді, көмекке келмеді. Себебі олар ойын мен жүріп байқамай қалуы мүмкін еді?
Тапсырма: Көріністі қыймылмен көрсету қарсы топ мағынасын ашу.
IV Бөлім. Әр топтың өнерін тамашалау.
Адамгершілік, мейірімділік, сыйластық туралы қазақ ақын-композиторларының әндерін орындау.
V Бөлім. «Сөздің көркі-мақал» деп атамыз қазақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір түйіні арқылы жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екеніізді мақал-мәтел айтудан байқап көрелік.
Мақалдың бірінші жолын I топ айтады.екінші жолын II топ айтып мағынасын түсіндіреді.
1. Аға әдепті болса, іні әдепті,...(Апа әдепті болса, сіңлі әдепті).
2. Орны мен мақтай біл,... (Сый құрметін сақтай біл).
3. Халықтың қартын сыйлауы,...(Еліңнің салтын сыйлауы).
4. Ардагер аға алдында тұрсың,...(Әдепті іні артында тұрсын).
5. Сыйлай білсең кәріні,...(Жарылқаймын бәріңді).
6. Сыйлау деген-...(Құрдай жорғалау емес).
7. Сыйға сый,...(Сыраға бал).
8. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,...(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме тапсырмалар беріледі.



Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет