Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы



жүктеу 459.26 Kb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата31.03.2017
өлшемі459.26 Kb.
  1   2   3   4   5   6

Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау 

өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 

бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 

12777 болып тіркелді

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 

 3-

141-бабының



тармағына және 

 1-тармағына сәйкес 

143-бабының

БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін 

1-қосымшаға

бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы 

2-қосымшаға

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім 

беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін 

3-қосымшаға

оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін 

мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім 

4-қосымшаға

беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру 

жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін

5-қосымшаға

оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін 

мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      6) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру

6-қосымшаға

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін 

мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 

7-қосымшаға

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін 

мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      8) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 

8-қосымшаға

білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты 

білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      9) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес білім басқару органдарының қызметіне қатысты

9-қосымшаға

білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      10) осы бірлескен бұйрыққа 

 сәйкес қосымша білім беретін білім беру 

10-қосымшаға

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін 

мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел 

дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 479 

және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 583 бірлескен 

 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (Нормативтік құқықтық актілерді 

бұйрығының

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11994 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 

2015 жылғы 29 қырқүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы 

бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік 


тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік 

тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді ресми жариялауға жіберуді; 

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 

интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 

вице-министрі Т. Балықбаевқа жүктелсін. 

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен 

соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрінің       Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы                  міндетін атқарушы

      _____________Т. Балықбаев          _____________ М. Құсайынов

      2015 жылғы 31 желтоқсан           2015 жылғы 31 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      _______________ С. Айтпаева

      2015 жылғы 30 желтоқсан

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің

міндетін атқарушының    

2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 719 және        

Қазақстан Республикасы   

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының    

2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 843 бірлескен бұйрығына 

1-қосымша        



Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      1. Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу мақсатында тексерілетін субъектілерді (

объектілерді) іріктеу үшін білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан 

әрі – өлшемшарттары) әзірленген.

      2. Осы өлшемшарттарында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) тәуекел – тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде, жеке және заңды 

тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы, білім беру ұйымдары 

ұсынатын білім беру қызметі сапасының төмендеу ықтималдығы; 

      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу және жүргізу мақсатында бақылау 

және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені; 

      3) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен,

салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін

субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық 


көрсеткіштердің жиынтығы;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті 

өлшемшарттары) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке 

тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді

) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті 

өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты 

тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін 

бағалау өлшемшарттары; 

      6) тексерілетін объектілер – бақылауға жататын, тексерілетін субъектіде меншік құқығында 

немесе өзге де заңды негізде болатын мүлік;

      7) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды 

тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар;

      8) өрескел бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен 

белгіленген білім беру процесі сапасының төмендеуіне әкелетін немесе оны растайтын; 

педагогтардың сапалық құрамының сәйкестігі бойынша; жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен 

өтініштері бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде бірнеше рет расталған 

талаптардың бұзылуы;

      9) елеулі бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген

білім беру процесін жүргізу үшін жағдайлар жасау бойынша; жеке және заңды тұлғалардың арыздары 

мен өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде бір рет расталған талаптардың 

бұзылуы;


      10) болмашы бұзушылық – оқу-тәрбие процесі ұйымдастыру бойынша білім беру саласындағы 

нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген талаптардың бұзылуы;

      11) бағалау кезені – есепті деректердің, есептілік мониторингі және автоматтандырылған 

ақпараттық жүйелер мен ақпараттың басқа да көздерінің мәліметтері нәтижелерінің негізінде 

субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекелдерді бағалау жүргізілетін белгілі бір уақыт кезені. 

      3. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.

      4. Тексерілетін субъектілер (объектілер) мынадай объективті өлшемшарттардың біреуі 

ескеріле отырып (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді

:

      1) білім беру қызметін мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізетін субъектілер (



объектілер) тәуекелі жоғары топқа жатады. Оларға мынадай тексерілетін субъектілер (объектілер) 

жатады: 


      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске 

асыратын білім беру ұйымдары; 

      бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдары;

      негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім 

беру ұйымдары;

      жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру

ұйымдары;

      техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдары;

      орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдары;

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын 

білім беру ұйымдары.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты 

іріктеу, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.

      2) қосымша білім беру қызметін жүргізетін немесе білім беруді басқаруды жүзеге асыратын 

тексерілетін субъектілер (объектілер) жо ғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа жатады. 

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты 

жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.



      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне объективті өлшемшарттары бойынша жатқызылған тексерілетін 

субъектілерге (объектілерге) қатысты субъективті өлшемшарттары қолданылады.

      6. Өлшемшарттарды анықтау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) тексерілетін субъект (объект) мемлекеттік деректер базасы, автоматтандырылған 

ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны;

      3) бағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері;

      4) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдардың мәліметі.

      7. Субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға 

 сәйкес айқындалады.

қосымшаларға

      8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім 

беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және 

жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдары қызметінің субъективті өлшемшарттарды бағалау осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес 

жүзеге асырылады.

      9. Бұзушылықтардың субъективті өлшемшарттары мынадай үш ауырлық дәрежесіне бөлінеді: 

өрескел, елеулі, болмашы.

      10. Тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты бір өрескел бұзушылық бар болған 

кезде ішінара тексеру жүргізіледі.

      11. Тексерілетін субъектіні (объектіні) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел 

дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің 

көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін 

елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 

0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы:



      

 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      

 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны



      

 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 

0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы:



      

 – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      

 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;



      

 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны; 

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі 

және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы 

анықталады:

      

      мұндағы:



      

 – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      

 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;



      

 – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      12. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға 

жатады:


      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 

кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің 

көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.

      13. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі субъективті өлшемшарттары бойынша алынатын 


мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі 

болмауы тиіс.

      14. Жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жарты жылға қалыптастырылатын 

ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.

      15. Білім беру қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Өлшемшарттарда пайданалатын бағалау 

кезені – бір жылда бір рет. 

      16. Ішінара тексерулер тізімі мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітіліп, тиісті 

есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және 

арнайы есепке алу жөніндегі бойынша уәкілетті органға жіберіледі.

      17. Ішінара тексерулердің тізімдері: 

      1) субъективті өлшемшарттары бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар 

тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;

      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаларына түсетін 

жүктемелері ескере отырып жасалады.

Білім беру жүйесіне   

тәуекел дәрежесін бағалау

өлшемшарттарына    

қосымша        



                  Субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылықтардың 

дәрежесі


Тексерілетін субъект, оның ішіңде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер 

арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын 

білім беру ұйымдарының қызметі бойынша

1. Білім беру саласындағы есептілікті тапсырмау

елеулі

2. Көзделген оқу жүктемелерінің көлемі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті



білім беру стандарты мен үлгілік оқу жоспары талаптарының сақталмауы

өрескел


3. Оқу-әдістемелік әдебиеттің болмауы

болмашы


4. Балабақшаларда спорт, музыка залдары мен жеке ойын бөлмесінің болмауы

елеулі


5. Тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымы бойынша арнайы педагогтік немесе

кәсіптік білімі жоқ педагогтардың болуы

өрескел

6. Тиісті бейіні бойынша біліктілік санаты бар педагогикалық 



қызметкерлердің болмауы

болмашы


7. Педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру мерзімдерін бұзғаны

елеулі


Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдары үшін

8. Білім беру саласындағы есептілікті тапсырмау

елеулі


9. Білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарының болмауы, оның ішінде білім 

беру ұйымы Жарғысы мазмұнының білім туралы заңнаманың талаптарына сәйкес 

келмеуі

елеулі


10. Білім беру ұйымы басшының аттестаттаудан уақытылы өтпеуі

болмашы


11. Білім беру ұйымыны педагог қызметкерлерінің аттестаттаудан өту 

мерзімдерін сақтамауы

болмашы


12. Білім беру ұйымының басшы кадрларының, педагог қызметкерлерінің бес 

жылда кемінде бір рет біліктілігін арттырмауы

болмашы

13. Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мұғалімдердің болмауы



өрескел

14. Білім беру ұйымында арнаулы педагогикалық немесе тиісті бейіні мен 

атқаратын лауазымына сәйкес кәсіптік білімі жоқ адамдардың жұмыс жасауы

өрескел


15. Білім беру ұйымында сот шешімімен немесе дәрігерлік қорытындымен 

педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынған, сондай-ақ өтелмеген 

немесе заңмен белгіленген тәртіппен алынып тасталмаған соттылығы бар 

адамдардың жұмыс жасауы

өрескел

16. Маман болмауы себепті үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің оқытылмауы



өрескел

17. Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне, оның ішінде оқу 

тілдері бойынша оқу әдебиетімен қамтамасыз етілмеген оқушылардың болуы

елеулі


18. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

елеулі


19. Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы, немесе 

білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің 

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс

жасауы


елеулі

20. Оқу процесінде қолданатын компьютерлердің болмауы

елеулі

21. Оқу процесінде қолданатын компьютерлер Интернет желісіне 



қолжетімділіктің болмауы

елеулі


22. Интерактивтік тақталардың болмауы

елеулі


23. Кітапхананың болмауы

елеулі


24. Спорт залдың болмауы

елеулі


25. Спорт залында стандартты спорттық құрал-жабдықтардың болмауы

елеулі


26. Сыныпты жинақтау тәртібінің сақталмауы, оның ішінде сынып толымдылығы 

нормаларының бұзылуы

болмашы

27. Басқа сыныптармен біріктіріп оқытылатын бірінші немесе бітіруші 



сыныптардың болуы

елеулі


28. Мектепте үш аусымды оқытудың болуы

елеулі


29. Білім алушылардың орта білім мен оқу жүктемесі көлемінің міндетті (

базалық) деңгейін меңгеруінің төмен дәрежесі (ағымдағы тексеру нәтижелері 

бойынша)

өрескел


30. Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультациясының ұсынымынсыз 

оқу жылына қайталап қалдырылған 1-ші сынып оқушыларының болуы

өрескел

31. Екі жыл бір сыныпта қалған оқушылардың болуы



өрескел

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдарының қызметі бойынша

32. Білім беру саласындағы есептілікті тапсырмау

елеулі

33. Білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарының болмауы, оның ішінде білім 



беру ұйымы Жарғысы мазмұнының білім туралы заңнамалық кесімдерге сәйкес 

келмеуі


елеулі

34. Білім беру ұйымы басшысының аттестаттаудан мерзімінде өтпеуі

болмашы

35. Білім беру ұйымы педагогтарының аттестаттаудан өту мерзімін сақтамауы



болмашы

36. Білім беру ұйымы басшысының, педагог қызметкерлерінің 5 жылда кемінде 

бір рет біліктілігін арттырмауы

болмашы


37. Жоғары және бірінші біліктілік санатты мұғалімдердің болмауы

өрескел


38. Білім беру ұйымында арнаулы педагогикалық немесе тиісті бейіні мен 

атқаратын лауазымына сәйкес кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмыс жасауы

өрескел

39. Білім беру ұйымында сот шешімімен немесе дәрігерлік қорытындымен 



педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынған, сондай-ақ өтелмеген 

немесе заңмен белгіленген тәртіппен алынып тасталмаған соттылығы бар 

тұлғалардың жұмыс жасауы

өрескел


40. Маман болмауы себепті үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің оқытылмауы

өрескел


41. Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу периодына, соның ішінде оқу 

тілдері бойынша оқу әдебиетімен қамтылмаған оқушылардың болуы

елеулі

42. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы



елеулі

43. Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы, немесе 

білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің 

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс

жасауы

елеулі


44. Физика кабинетінің болмауы

елеулі


45. Химия кабинетінің болмауы

елеулі


46. Биология кабинетінің болмауы

елеулі


47. Мамандандырылған кабинет болмаған кезде (химия, биология, физика, 

тілдер) пәндерді тереңдетіп оқыту

елеулі

48. Лингафонды-мультимедиялық кабінетінің болмауы



елеулі

49. Интерактівтік тақталарының болмауы

елеулі

50. Информатика кабинетінің болмауы



елеулі

51. Оқу процесінде қолданатын компьютерлердің болмауы

елеулі

52. Оқу процесінде қолданатын компьютерлер Интернет желісіне 



қолжетімділіктің болмауы

елеулі


53. Оқу шеберханаларының болмауы

елеулі


54. Спорт залдың болмауы

елеулі


55. Спорт залында стандартты спорттық құрал-жабдықтарының болмауы

елеулі


56. Кітапхананың болмауы

елеулі


57. Сыныпты жинақтау тәртібінің сақталмауы, соның ішінде сынып толымдылығы 

нормаларының бұзылуы

болмашы

58. Басқа сыныптармен біріктіріліп оқытылатын бітіруші сыныптың болуы



елеулі

59. Мектепте үш аусымды оқытудың болуы

елеулі

60. Білім алушылардың орта білім мен оқу жүктемесі көлемінің міндетті (



базалық) деңгейін меңгеруінің төмен дәрежесі (ағымдағы тексеру нәтижелері 

бойынша)


өрескел

61. Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша 9 сыныпты бітірушілердің 50%-

нан астамының негізгі орта білім туралы үздік куәлікті дәлелдемеуі

елеулі


62. Екі жыл бір сыныпта қалған оқушылардың болуы

өрескел


63. Оқу жетістіктерінің сырттай бағалау (ОЖСБ) пәндері бойынша 0 балл алған

оқушылардың болуы

өрескел

64. ОЖСБ бойынша дұрыс жауаптардың 50 пайызынан кем алған оқушылардың болуы



өрескел

65. 9-ші сыныптан кейін жұмысқа орналасқан түлектердің болуы

елеулі

66. Орта білім беру ұйымдарының 10-сыныбында оқуды жалғастырмаған және 



жұмысқа орналаспаған 9-сынып бітірушілерінің болуы

елеулі


Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 

ұйымдарының қызметі бойынша

67. Білім беру саласындағы есептілікті тапсырмау

елеулі


68. Білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарының болмауы, сондай-ақ білім 

беру ұйымы Жарғысы мазмұнының білім туралы заңнамалық кесімдерге сәйкес 

келмеуі

елеулі


69. Білім беру ұйымы басшысының аттестаттаудан мерзімінде өтпеуі

болмашы


70. Білім беру ұйымы педагогтарының аттестаттаудан өту мерзімін сақтамауы

болмашы


71. Білім беру ұйымы басшысының, педагог қызметкерлерінің 5 жылда кемінде 

бір рет біліктілігін арттырмауы

болмашы

72. Жоғары және бірінші біліктілік санатты мұғалімдердің болмауы



өрескел

73. Білім беру ұйымында арнаулы педагогикалық немесе тиісті бейіні мен 

атқаратын лауазымына сәйкес кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмыс жасауы

өрескел


74. Білім беру ұйымында сот шешімімен немесе дәрігерлік қорытындымен 

педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынған, сондай-ақ өтелмеген 

немесе заңмен белгіленген тәртіппен алынып тасталмаған соттылығы бар 

тұлғалардың жұмыс жасауы

өрескел

75. Маман болмауы себепті үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің оқытылмауы



өрескел

76. Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу периодына, соның ішінде оқу 

тілдері бойынша оқу әдебиетімен қамтылмаған оқушылардың болуы

елеулі


77. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

елеулі


78. Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы, немесе 

білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің 

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс

жасауы


елеулі

79. Физика кабинетінің болмауы

елеулі

80. Химия кабинетінің болмауы



елеулі

81. Биология кабинетінің болмауы

елеулі

82. Мамандандырылған кабинет болмаған кезде (химия, биология, физика, 



тілдер) пәндерді терендетіп оқыту

елеулі


83. Лингафонды-мультимедиялық кабинетінің болмауы

елеулі


84. Интерактивтік тақталарының болмауы

елеулі


85. Информатика кабинетінің болмауы

елеулі


86. Оқу үдерісінде қолданатын компьютерлердің болмауы

елеулі


87. Оқу үдерісінде қолданатын Интернет компьютерлер желісіне 

қолжетімділіктің болмауы

елеулі

88. Оқу шеберханасының болмауы



елеулі

89. Спорт залының болмауы

елеулі

90. Спорт залында стандартты спорттық құрал-жабдықтарының болмауы



елеулі

91. Кітапхананың болмауы

елеулі

92. Мектепте үш аусымды оқытудың болуы



елеулі

93. Сыныпты жинақтау тәртібінің сақталмауы, соның ішінде сынып толымдылығы 

нормаларының бұзылуы

болмашы


94. Басқа сыныптармен біріктіріп оқытылатын бітіруші сыныптың болуы

елеулі


95. Білім алушылардың орта білім мен оқу жүктемесі көлемінің міндетті (

базалық) деңгейін меңгеруінің төмен дәрежесі (ағымдағы тексеру нәтижелері 

бойынша)

өрескел


96. Екі жыл бір сыныпта қалған оқушылардың болуы

өрескел


97. Оқу жылының қорытындысы бойынша (жазбамен «тындалды») тиісті үлгідегі 

анықтама алған 11-сынып түлектерінің болуы

өрескел

98. Оқу жетістіктерінің сырттай бағалау (ОЖСБ) пәндері бойынша 0 балл алған



оқушылардың болуы

өрескел


99. Бітірушілердің ҰБТ-ға қатысу пайызының республика, облыс, аудан (

республикалық маңызы бар қаласы) бойынша орта пайыздық көрсеткіштен төмен 

болуы

елеулі


100. Бітірушілердің 50 %-нан астамының (ұлттық ЖОО қоспағанда) ҰБТ 

қорытындысымен жоғары оқу орындарына түсуге қажетті шекті деңгейден өтпеуі

өрескел

101. Үздік аттестатқа үміткерлердің 50 %-нан астамының ҰБТ қорытындысы 



бойынша дәлелдемеуі

болмашы


102. «Алтын белгі» белгісінен үміткерлердің 50 %-нан астамының ҰБТ 

қорытындысы бойынша дәлелдемеуі

болмашы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске 



асыратын білім беру ұйымдарының қызметі бойынша

103. Білім беру саласындағы есептілікті тапсырмау

елеулі

104. Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілердің аттестаттаудан 



өту мерзімін бұзуы

болмашы


105. Жоғары және бipiнші санаттағы оқытушылар және (немесе) 

магистрлердіңболмауы

өрескел

106. Білім беру ұйымында арнаулы педагогикалық немесе тиісті бейіні мен 



атқаратын лауазымына сәйкес кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмыс жасауы

өрескел


107. Оқытылатын пәндерге сәйкес инженерлік-педагогикалық мамандармен 

қамтамасыз етілмеуі

өрескел

108. Педагогикалық кадрлар санының мемлекеттік білім беру ұйымдары 



қызметкерлерінің үлгі штатына және педагог қызметкерлер мен оларға 

теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі

болмашы

109. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және үлгілік 



оқу жоспарларына сәйкес толық оқу периодына, соның ішінде оқу тілдері 

бойынша оқу әдебиеті қорымен, оқу-әдістемелік кешендермен және цифрлық 

білім беру ресурстарымен қамтамасыз етілмеген білім алушылардың болуы.

елеулі


110. Оқу процесінде қолданатын компьютерлердің болмауы

елеулі


111. Интернет желісіне қосылған компьютерлердің болмауы

елеулі


112. Жалпы білім беретіне кабинеттердің болмауы

елеулі


113. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 

дайындалатын біліктілікті ескере отырып арнаулы пәндер кабинеттердің 

болмауы

елеулі


114. Дайындалатын мамандықтардың (біліктіліктердің) мемлекеттік жалпыға 

міндетті білім беру стандартына сәйкес қажетті зертханалардың болмауы

елеулі

115. Дайындалатын мамандықтардың (біліктіліктердің) мемлекеттік жалпыға 



міндетті білім беру стандартына сәйкес қажетті шеберханалардың болмауы

елеулі


116. Дайындалатын мамандықтардың (біліктіліктердің) мемлекеттік жалпыға 

міндетті білім беру стандартына сәйкес қажетті оқу полигондарының болмауы

елеулі


117. Дайындалатын мамандықтардың (біліктіліктердің) мемлекеттік жалпыға 

міндетті білім беру стандартына сәйкес қажетті оқу шаруашылықтарының 

болмауы

елеулі


118. Спорт залдың болмауы

елеулі


119. Практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың 

болмауы


елеулі

120. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

елеулі

121. Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы, немесе 



білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің 

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс

жасауы

елеулі


122. Бiлiм беру ұйымдарында (Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан

басқа) бөлімдер құруда:

оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен 

кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы;

2) оқытудың сырттай, кешкі нысандарында кемінде 100 білім алушы болуы тиіс 

талаптардың бұзылуы

елеулі

123. Аралық аттестаттау нәтижесімен оқудан шығарылған білім алушылардың 



болуы

елеулі


124. Кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және біліктілік беру рәсіміне 

қатыспаған түлектердін болуы

болмашы

125. Кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және біліктілік беру нормаларын 



орындамаған түлектердің болуы

елеулі


126. Қайта тапсыру кезінде кәсiптiк даярлық деңгейiнің және біліктілік 

берудің қанағаттанарлықсыз бағасын алған бітірушілердің болуы

өрескел

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 



ұйымдарының қызметі бойынша

127. Білім беру саласындағы есептілікті ұсынбау

елеулі

128. Студенттерді ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және кешенді тестілеу (КТ)



сертификаттарынсыз қабылдау

өрескел


129. Студенттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектік

деңгейден төмен балы бар ҰБТ және КТ сертификаттарымен қабылдау

өрескел

130. ЖОО-ның күндізгі және сырттай оқыту нысанындағы студенттерінің 



арақатынасы кемінде 4:1 болу талабының орындалмауы

елеулі


131. ЖОО-да мәртебесіне сәйкес (университетте кемінде 2100, академияда 

кемінде 700, институтта кемінде 900 адам) күндізгі оқыту нысаны 

студенттерінің ең аз контингенті бойынша талаптардың орындалмауы

өрескел


132. Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың орташа балы Қазақстан 

Республикасының заңнамасында белгіленген ең жоғары балдың 50 %-ынан кем

елеулі

133. Білім алушыларды бір оқу жылына арналған оқыту құнының Қазақстан 



Республикасы Үкіметінің қаулысында көзделген ең төменгі шығыстарға (

шығындарға) сәйкес келмеуі

өрескел

134. Мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін ғылым 



докторларының немесе философия докторларының (PhD) жоқтығы

өрескел


135. Кафедраны ұйымдастыру бойынша талаптарға сәйкес келмеуі: кафедра 

бейіні бойынша кемінде 10 штаттық оқытушы. Штаттық оқытушылар санына 

шаққанда ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі:

институттарда және оларға теңестірілген ұйымдар үшін:



кемінде 45 %-ды педагогикалық институттарда кемінде 50 %-ды өнер және 

мәдени білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының 

құрметті атақтары бар және оларға теңестірілген оқытушылар кемінде 35 %-ды 

құрауы тиіс.

Өнер, музыка және мәдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды 

жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медицина, дене тәрбиесі, сурет және 

сызу, графика, шетел тілдері, қазақ тілі, орыс тілі (тілді оқытпайтын ЖОО 

үшін) кафедралары штаттық оқытушылар аз болған жағдайда ұйымдастырылуы 

мүмкін;

ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында, 



университеттерде, академиялар (құқық қорғау органдарынан, арнайы 

мемлекеттік органдардан және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органдардан 

басқа) үшін:

ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университеттері үшін – 70 %-дан кем

емес; 

ұлттық жоғары оқу орындары үшін (өнер және мәдениет саласындағы білім беру 



ұйымдарынан басқа) – 55 %-дан кем емес;

университеттер, академиялар үшін – 50 %-дан кем емес

елеулі

136. ЖОО-да іргелі, ізденістік, қолданбалы ғылыми-зерттеу, 



тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық қызметтердің жоқтығы

елеулі


137. Ғылыми зерттеулер мен инновациялық оқыту технологияларының нәтижелерін

ЖОО-ның оқу процесіне және өндіріске ендірудің жоқтығы

елеулі

138. Патенттердің жоқтығы



елеулі

139. Коммерцияландырылған жобалардың жоқтығы

елеулі

140. Компания, ұйым және бизнес құрылымдардың қаражаттары есебінен 



жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоқтығы

елеулі


141. Соңғы 5 жылда нөлдік емес импакт-факторлы немесе мақалалардың 

дәйектелу индексіне ие ғылыми журналдарда жарияланымдары бар профессорлық- 

оқытушылық құрамның және ғылыми қызметкерлердің жоқтығы

елеулі


142. ЖОО-ның шетелдік ғылыми және басқа да ұйымдармен бірге орындалған 

ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоқтығы

елеулі

143. Мамандарды даярлау бейініне сәйкес кәсіптік практиканы таңдау 



талаптарының сақталмауы

елеулі


144. Соңғы 3 жылда мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан бітірушілер 

үлесінің 70 %-дан кем болуы

елеулі

145. Күндізгі оқу бөлімінің жалпы контингентінен қашықтықтан оқыту 



технологиясы бойынша білім алатын студенттер үлесінің 50 %-дан кем болуы

болмашы


146. Білім алушылар үшін тамақтану нысандарының жоқтығы

өрескел


147. Білім алушыларға көрсетілетін медициналық қызметтің жоқтығы

өрескел


148. Оқу сабақтарының ауысымдылығын ескере отырып, келтірілген 

контингенттің бір студентіне арналған оқу алаңдарының нормаға (6 ш.м. кем 

емес) сәйкес келмеуі

өрескел


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет