Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет37/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

Әңгіме-дәріс технологиясы

Педагог оқушыға тапсырманы бірігіп дайындауды ұсынады, жаңа сұрақтар қою, жауапты нақтылау, толықтыру арқылы (ескерту:сәтсіз жауапты сынауға жол берілмейді) дәрістің әр тарауына сәйкес білім мазмұнын жүйелеп, қорытындылайды.

Проблемалық дәрісті жүргізу мұғалімнен талқыланатын тақырыпты терең білуін талап етеді. Ол сұрақты анық , түсінікті түрде қойып, оқушы жауабын талдай білуі және өзекті мәселені шешуде бағыт беруі қажет, тақырыптан ауытқуға жол берілмейді. Мұндай жұмыс түрін педагог пен оқушы арасында жағымды психологиялық ахуал мен қарым-қатынас болған жағдайда шағын топтарда қолданған тиімді.
Шағын топтық жұмыс

Педагог өзекті мәселені шешудің бірнеше тиімді жолын көрсетеді де, оқушыларға шағын топтарға бөлініп әр бағытқа талдау жасап қорғауды ұсынады, уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан соң топ жетекшілері өз пікрлерін қорғайды.

Педагог әр жобаға талдау жасаған соң, әрмен қарай ойын жалғастырады, дәріс материалын баяндайды.

Бұл әдіс мәселе бойынша оқушылардың пікірлерін білуге, сөйлеу белсенділігін көтеруге мүмкіндік береді. Егер тыңдаушылар дәріс берушінің ғана пікірін білгісі келсе, немесе бір реттік дәріске қатысқан жағдайда бұл әдіс қолданылмайды.



Шағын топтық пікірталас

Жұмыстың келесі түрі- 5-7 адамнан тұратын шағын топтық пікірталас. Әр топтың жетекшісі тағайындалады. Мұғалім топтарға өзекті мәселе көрсетілген алдын ала дайындалған парақтар таратады. Әр топқа пікірлесуге уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң, топтар жазбаша түрде жауап дайындайды.

Мәселенің шешу жолы қате немесе толықтыруды қажет еткен жағдайда мұғалім толық түсінік бергені дұрыс. Дәрістің мұндай түрін мектепте, арнаулы және жоғары оқу орындарында тиімді қолдануға болады.
«Миға шабуыл»

Көпшілік ұсынысымен 9 оқушы таңдалынып алынады. Аталған 9 оқушы, яғни «шабуылға» қатысушылар алдыңғы қатарға отырғызылады. Педагог мәселемен таныстырған соң, «шабуыл» мүшелеріне парақ таратылып, мәселе бойынша өз пікірлерін жазбаша түрде білдіруге 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң, карточкалар оқушыларға таратылады, класс топ өкілдерінің мүшелерінің пікірімен танысады.

Бұдан соң 3 минут ішінде топ мүшелері жаңа карточкалар толтырады. Карточкалар жинақталған соң мұғалім оқушылардың негізгі ойларын ортаға салады, дұрыс жауаптар анықталады, мұғалім материалды толықтырып, мазмұнын өзі ашады.
«Бастамашылдар мен сыншылдар»

Педагог оқушылар алдына көп ойлануды қажет етпейтін, шешімі жеңіл мәселе қояды. Оқушылар 2 топқа бөлінеді: бастамашылдар мен сыншылдар.

Бастамашыл топтың мақсаты: мәселені шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну.

Сыншылдар тобының мақсаты: берілген ұсыныстардың ішінде сәйкесін табу, мәселені шешудің тиімді жолын таңдап алу.

Жұмыс алдын ала дайындықсыз, жылдам жүргізіледі. Оқушылардың бір-бірін сынауына тыйым салынады. Бұл тәсіл дәріс және семинар сабақтарында қолданылуы мүмкін.

Талқылауға өмірде, ғылымда таныс, ал оқушыларға беймәлім оқу материалдарын, ғылыми мәселелерді ұсынуға болады. Адамгершілік мәселелері де оқушылардың қызығушылығын туғызады. Бұл әдісті дәрісті соңында тыңдаушыларды өз бетінше жұмысқа ынталандыру мақсатында қолдануға болады.


Өзара тексеру технологиясы

Мақсаты:


  • оқушылардың пәнге қызығушылығын туғызу;

  • оқушылардың сауаттылық деңгейін көтеру;

  • өзара қарым-қатынас дағдысын дамыту.

1. Кластың жартысы тексеруші (контролер) қызметін атқарады. Әр тексеруші кіру билетін алады. Билетте өтілген тақырыпқа сәйкес сөз, сөйлем немесе ереже жазылуы мүмкін. Тексерушілер класс бөлмесіне бір-біріне кедергі жасамайтындай орналасады.

2. Екінші кезеңде тексеруші алдына келген оқушы кіру билетінде жазылған тапсырманы орындайды. Тексеруші алдымен қызыл қаламмен өзі тексереді. Содан соң жасыл қаламмен қатені өзінің қолындағы дұрыс жауап негізінде тексереді. Жауап дұрыс болған жағдайда тексеруші дұрыс жауап парағын тексеруден өткен оқушыға қалдырып, өзі келесі пункт тапсырмасын орындайды. Бұл әдіс оқушылар материалды толық меңгергенге дейін жалғасады.

Ойын соңында мұғалім қорытынды жасайды, оқушының білімін бағалайды. Бағалау жолын мұғалім өз шешкені дұрыс. Ал бағалаудың ең оңай тәсілі -5 пункттен өтсе- «5» деген баға, 4 пункттен өтсе-«4» деген баға қойылады.

Оқушыға бір пункттен екі рет өтуге рұқсат етіле ме ? Рұқсат етіледі, бұл жағдайда оқушының қолында қатесі түзетілген тапсырма парағы болмауы қажет. Оқушы тапсырманы түзетілген парақ көмегінсіз, өз бетінше орындауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет