Жоба әдісі әлемдік педагогикада жаңа әдіс болып саналмайды. Ол осы ғасырдың 20-жылдарында А.Қ.Ш.-та пайда болды. Оны, сонымен қатар, ділгерлік әдіс деп те атайды және оны американ философ және педагогы Джон Дьюи мен оның оқушысы В.Х.Килпатриктің жетілдірген философиядағы, білім берудің гуманистік бағыттағы идеяларымен байланыстырады. Джон Дьюи оқытуды белсенді түрде, оқушының іс-әрекетінің мақсаттылығы арқылы, оның осы білімге деген жеке қызығушылығын ескеріп құруды ұсынды. Бұдан балалар үшін алатын білімдеріне өз қызығушылықтарын көрсету маңызды нәрсе болып табылады. Бірақ бұл не үшін және қашан керек? Бұл жерде нақты өмірден алынған, баланың әлі де алатын білімдері мен алған білімдерін жинақтауға қажет шешім үшін балаға таныс маңызды нәрсе бар. Қайда, қандай мақсатпен деген сұрақ туады. Оқытушы жаңа ақпарат көздеріне түсіруі мүмкін және оқушының өз бетінше ізденуі үшін керек, оны бағыттап жіберуі керек. Нәтижесінде оқушылар жан-жақты білімдерін қолданып мәселені өз беттерінше, бірігіп отырып шешуі және маңызды, нақты нәтижеге жетуі тиіс. Осылайша бүкіл мәселе жобасы іс-әрекеттің нұсқасын жасайды. Уақыт өте жоба әдісі кейбір өзгерісті (эволюцияны) басынан өткерді. Еркін тәрбиелеу идеясынан (әдісінен) туындаған бұл әдіс қазіргі кезде толық жасалған және құрылған білім жүйесінің маңызды компоненті болып табылады [130, 86 б.].
Бірақ оның мағынасы бұрынғыша қалады – балалардың белгілі бір мәселеге қызығушылығын арттыру және бір не бүкіл мәселенің шешімін қарастыратын жобалы іс-әрекет арқылы алған білімдердің тәжірибелік қолданылуын көрсету. Басқа сөзбен айтқанда теориядан практикаға, академиялық білімдердің прагматикалық білімдермен және оқытудың әрбір кезеңіндегі тиісті байланыстардың орындалуымен бірігуі.
Жоба әдісінің негізіне оқушылардың танымдық дағдының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құру икемділігі, мағлұматты кеңістікке бағдар алу икемділігі, қиын, күрделі ойларды дамыту жатады. Жоба әдісі әрқашанда оқушының, жеке, жұбымен не тобымен, өз бетінше іс-әрекетіне бағытталған. Бұл әдістеме топтық оқу әдістемесімен ұйымдасқан түрде байланысады. Жоба әдісі әрдайым бір жағынан әр түрлі тәсілдерді қолданып, екінші жағынан ғылымның, техниканың, технологияның шығармашылық білімдердің әртүрлі облыстарындағы білім мен икемділіктің бірігуін, қосылуын қарастыратын қандай да бір мәселенің шешімін жобалайды, болжайды. Орындалған жобаның нәтижесі нақты болу керек, яғни, егер бұл теориялық мәселе болса, қолдануға дайын, дәл нәтижесі болу керек. Соңғы уақытта жоба әдісі көпке танымал әдіс болып есептеледі. Бұл әдісті оқу тәжірибесінде кеңінен қолдануға болады. Шын мәнінде жоба әдісі жеке, не топтық болуы мүмкін, егер мұны әдіс ретінде айтсақ, онда ол оқушының өз бетінше әрекетінің нәтижесінде, сол немесе басқа мәселені шешуге болатын, оқу-танымдық әдістердің бірігуін жобалайды және осы нәтижелердің шығуын, қорытындысын жобалайды.
Жоба әдісін қолдану шеберлігі – оқытушының не тәрбиешінің жоғары біліктілігінің, оның оқушыларды оқыту мен дамытудағы алдыңғы қатарлы, жоғары әдістемесінің көрсеткіші.
Қазіргі заманғы индустриальды қоғамдағы адамның құбылмалы өмір жағдайларына икемделуін, бейімделуін қарастыратын бұл технологиялар ХХI ғасыр технологияларына, болашақ технологиясына тектен-текке жатпаса керек.
Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсететін, оқу бағдарламасында белгіленген оқудың мазмұнын жүзеге асыру тәсілі. Оқыту технологиясы – күрделі категория. Оның құрылымы төмендегідей болып келеді:
- оқытудың мақсаты,
- білім берудің мазмұны,
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру,
- әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен, оқыту технологиясы – оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау, әрі бұлар бір-бірімен өзара байланысты болып, бір-біріне ықпал етеді.
Педагогикалық технология – ол педагогикалық процестің және оған қатысушылар әрекетінің бір-бірімен байланысты компоненттері, кезеңдері, жағдайларының бірізділікпен жүйелі және үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ететін тәсіл [128, 85 б.].
Бұл көптеген педагогика шеберлерінің еліміздегі озық ойлы мұғалімдердің, практика мен ғылымды жаңа тұжырымдармен, қағидалармен байытып, жаңа тәсілдермен толықтырып, қазіргі прогресшіл педагогиканың тәжірибелерін жинақтауға және оған жол ашуға мүмкіндік туғызады.
Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы, басқа да мұғалімдернің жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың жаңа педагогикалық технологияға көшуде.
Қазіргі ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің технологиясын жасауда оны алдын-ала жоспарлаудың бағыттау, болжау, ұйымдастыру, бақылау, репродуктивтік қызметтерді ескеру қажет. Дәлірек айтсақ:
- бағыттау қызметі жоспарлау үрдісінде оқу-танымдық іс-әрекеттің ауқымын, мақсатын, міндеттерін, педагогикалық әрекеттің мазмұнын, оның нақты бағыттары мен түрлерін анықтаумен байланысты;
- ұйымдастырушылық (үйлестірушілік) қызметі жоспарлау кезінде негізделген және ұтымды әрекеттер көмегімен кім, қашан, қалай, қандай әдіс-тәсіл т.б. арқылы деген сұрақтарға жауап алуын білдіреді;
- бақылау қызметі жеке педагогика немесе педагогикалық ұжымға белгіленген мақсатқа жету жолдарын түзеуге, бақылауға мүмкіндік туғызуды түсіндіреді;
- репродуктивтік қызметі жоспар бойынша біраз уақыт өткен соң, жасалған жұмыс көлемін және мазмұнын орнына келтіруге болады дегенді білдіреді.
Ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру технологиясын жүзеге асыруда педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұнын, мақсатын, амалдары мен тәсілдерін анықтау бойынша мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттік жүйелілігін сақтау қажет. Бұл әрекеттің негізін модельдеу құрайды. Сондықтан ауыл мектептерінде оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру бойынша педагогикалық модельдеудің: жүйелілік, нақтылық, оңтайлылық, даралық, ғылымилық, үздіксіздік ұстанымдарын сақтау маңызды деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |