1. Танымдық қасиеттер:
- физиологиялық – көру, есту, сезу; еңбекқорлық, қуаттылық;
- интеллектуалдық қасиеттер – алғырлық, зеректілік, білікке құмарлық, зерделілік, шешімаздық, саналылық, талдаушылық, негізділік, қызығушылық;
- өршілдік, өткірлік, проблеманы іздеу, экспериментке бейімділік, сұрақ қоя білу, қарама-қайшылықтарды көру, гепотеза құру, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүрізу, түрлі тапсырмаларды шеше білу, қорытынды жасау және жалпылау, іс-әрекеттегі белсенділік, ой-ұшқырлығы;
- әдептілік, өз білімі мен біліктерін қолдана білу, нәтижеге жету, ситуацияларда дұрыс бағыт таңдай білу; түрлі қөзқарастарды талдау;
- мәселені шешуде оның түрлі қырларын көре білу, құбылыстың мәні мен мазмұнын анықтау;
- оқылатын әр пәннің мәнін түсіну; базалық білімі мен білігінің болуы, ғылымның іргелі мәселелерін бағдарлау;
- сындарлы баға беру; саралау және тұжырымдау;
- құбылыстың, іс-әрекеттің құрылымын түсіну;
- игерген білімін рухани, материалдық және іс-әрекет формаларымен кірістіре білу.
2. Шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттері:
- эмоционалды – бейнелі – шабыттану, шығармашылық жағдайда сезімнің көтерілуі, бейнелілігі, қиялдауы, армандауы, романтикаға берілуі, жаңашылдығы, сезімталдығы, қарама-қайшылықтарды сезу.
- идеяға сенімділік, тапқырлық, ойшылдық, даралық, ізденуге құмарлық;
- мәселені шешуге ұмтылу, қажетсіну; ынталылық;
- объектіні зерттеу, әдіс-тәсілдерді іріктеу, құрылымы мен құрылысын анықтау, объектінің өзгеруін болжау, дамуы мен өсу динамикасын анықтау; жаңа әдістер ойлап табу;
- гипотеза құру, болжамдар жасау, заңдылықтары мен теориясын анықтау, эвристикалық процедурамен айналыса білу: интуиция, инсайт, медитация;
- білім алудағы жеке нәтижелердің болуы; тәуелсіздік.
- өз білімі мен біліктерін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету, түрлі сайыстарға қатысу.
3. Ұйымдастырушылық қасиеттері:
- өзінің жеке ерекшеліктерін білу: мінез-құлқын, жұмысты орындау ырғағын, жеке қасиеттерін;
- жұмыстың мақсатын түсінуі, табандылық, мақсаткерлік;
- оқу мақсатын қоя білу, оның жоспарын жасау, өзінің жеке ерекшеліктеріне сай, жоспар бойынша орындау; нәтижесін алу; басқалардың нәтижесімен салыстыру;
- ұйымдастыру біліктері: жоспарлау, іс-әрекетті бағдарлау, кезеңдерді коррекциялау, іс-әрекетті жүйелеу;
- рефлексия әдістерін меңгеру, болашақтағы іс-әрекетін жоспарлау, іс-әрекет мәнін анықтау, мақсаты мен нәтижесін біріктіру, өзіндік талдау, бағалау;басқалардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру, ұжымдық сипатта жұмыс істеу, идеяларды салыстыру, пікірталас жүргізу.
Сонымен, мектептегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту мәселесіне байланысты жасалған талдаулар, оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру оқушы үшін үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.
Ауыл мектебінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай технологияларды пайдалануды ұстанамыз:
Проблемалық оқыту технологиясы
Материалды проблемалық оқыту мақсаттары:
- оқушының ойлау белсенділігін арттыру;
- материалға деген оқушы қызығушылығын қалыптастыру.
Оқушының білімге деген қызығушылығын туғызу әдістерінің бірі- проблемалық әдіс. Дәріс кезінде мұғалім оқушы алдына өзекті мәселе қояды, бұл бір сұрақ немесе материалға қатысты бірнеше сұрақтар (сұрақтар жүйесі) болуы мүмкін.
Оқушылар дұрыс жауап табуда қиналған жағдайда мұғалімнің өзі түсінік береді.Өзекті мәселе график, сызба түрінде, суреттер мен фотосуреттер жинағы түрінде қойылуы мүмкін. Оқушылардың шешімі емес, өзекті мәселені түсінуі мен қабылдауы, қарастыру жолы құнды. Оқушы интеллектуалдық қиындықпен бетпе-бет келіп проблемалық жағдай туса жұмыс нәтижелі болады. Қай кезде өзекті мәселе проблемалық жағдайды туғызбауы мүмкін ?
Проблеманың өмірмен байланысы болмаса, оқушы қызығушылығын тудырмаған жағдайда;
Берілген мәселені шешуде оқушының білім деңгейі сәйкес келмесе (оқушы шамасы жетпесе немесе бұл сұрақ оқушы үшін өте жеңіл болса) проблемалық жағдай туындамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |