Білім беру нәтижелерін бағалау жүйесі Мақсаты


Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі



бет3/18
Дата27.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#128814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі

  • «Өте жақсы» А, сандық баламасы 4,0 және пайыздық көрсеткіші 95-100%
  • Жауап толық дұрыс, түсінікті. Студент бағдарламада берілген негізгі жəне қосымша əдебиеттерді терең меңгерген. Күрделі деңгейдегі оқу материалын еш қиындықсыз түсінеді. Пəн бойынша негізгі терминдерді сауатты жəне мағынасына сай қолданады. Алған білімін жайдан күрделі оқу пəндеріне қарай дамыта алады. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады.

Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі

  • А-, сандық балама 3,67 және пайыздық 90-94%.
  • Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі жəне терең білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі жəне қосымша əдебиеттерді толық меңгерген. Пəнге сай терминологияны қолдана отырып, материалдың мазмұнын сауатты түсіндіреді, алған білімін пəндер бойынша жинаған білімімен байланыстыра алады. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.

Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі

  • «жақсы» В+, сандық баламасы 3,33 ал, пайыздық көрсеткіші 85-89%
  • Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі əдебиетті жетік біледі, пəнге сай терминологияны дұрыс қолданады, өмір құбылыстарындағы əр түрлі байланыстардың рөлі мен мəнін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында бір-екі аса көңіл аудармайтын қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрєыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.

Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі

  • В, сандық баламасы 3.0 және пайыздық көрсеткіші 80-84%
  • Жауап толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі əдебиетті біледі. Пəндік терминологияның қолданылу бағытын дұрыс түсіндіреді, бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет