Мәнділік, cәйкестік, объективті және әділ болуы, бірегейлілік, ашықтылық, қолжетімділік, жүйелілік, мейірімділік
Оқытушылар оқыту барысында келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
. Мәнділік. Оқу нәтижелері мен білім алушының әрекетінің нақты нәтижелерін ғана бағалау.
. Сәйкестік. Білімді, қабілетті, құндылықтар мен құзіреттілікті бағалаудың оқыту нәтижелері мен мақсатына сәйкестігін үнемі бақылап отыру.
Объективтілік және әділеттілік. Бағалаудың нақты дұрыс жасалған критерийлерін қолдану. Критерии бағалау мен бағаны білім алушыға қысым жасау ретінде қолдануға жол бермейді.
. Бірегейлік. Бағалаудың алдын ала жоспарланған тыңғылықты ойластырылған оқу процесінің құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асыру.
. Ашықтығы. Білім алушыларға бағалау критерийлері мен әдістері туралы алдын ала жұмысты орындамас бұрын хабарлау. Оларды бағалау критерийлерін жасау кезінде бірге қатыстыру.
. Қол жетімділік . Білім беру процесінің барлық қатысушыларына қолданылатын бағалау түрлерінің, әдістерінің, мақсатының қарапайым әрі анық жасауға тырысу.
. Жүйелілік. Бағалауды кезектілікпен әрі жүйелі түрде жүзеге асыру.
. Мейірімділік. Жетістіктерге жетуге ынталандыратындай оқытушы мен білім алушы арасында сенімге негізделген әріптестік қатынас қалыптастыру. Білім алушыларды дамытуға және қолдау көрсетуге бағытталуы.
Қазіргі замандағы бағалау
болуы тиіс:
икемді
көп құралды
түсінікті
психологиялық жайлы
көп құрамды: диагностикалық, суммативті және формативті бағалау
Диагностикалық бағалау
Диагностикалық бағалау – студенттің біліктілігін және білім, білік, дағдының қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе тарауды, бөлімді, тақырыпты өтудің алғашқы сабағында өткізіледі.