What is the season? Мақсаты: жыл мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жыл мезгілі аттарын ағылшын тілінде есте сақтау.
Ойын барысы: Жыл мезгілдері суреттерін көрсетіп, суретте қай мезгіл бейнеленгенін сұрау. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнату. Season, summer, spring, autumn, winter.
Look at the picture?
What is the picture?
What is this? Мақсаты: Табиғат туралы түсініктерін одан әрі қеңейту. Сөздік қорларын дамыту.
Ойын барысы: Көкөністер мен жемістер суреттерін көрсетіп, олардың не зат екенін сұрау.
What is this?
What day is it today? Мақсаты: Апта күндері туралы білімдерін бекіту. Ағылшын тілінде апта күндерінің аттарын есте сақтау.
Ойын барысы: Сұрақ қойып, апта күнін сұрау. What day is it today? апта күндері балалардың есінде қалу үшін ойынды бірнеше рет қайталап ойнату.
What is her name? Мақсаты: Сөздік қорларын дамыту. Ағылшын тілінде сұраққа жауап беруге үйрету.
Ойын барысы: Педагог балаларға сұрақтар қояды балалар сұрақтарға жылдам, әрі нақты жауап береді. Содан соң балалар өздері бір-біріне сұрақ қояды:
What is her name? Her name is…..
Where does she live? She lives….
My family Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.
Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.
Boasters Мақсаты: Ойыншықтардың ағылшын тіліндегі атауларын бекіту. Сөздік қорларын дамыту.
Ойын барысы: Балаларға өткен тақырыптарға байланысты ойыншық атауларын жылдам және көп айтып жарыстыру.
Eat – don’t eat Мақсаты: Заттарды топтастыра білуге үйрету. Заттардың атауларын ағылшын тілінде атауды бекіту. Белсенді сөздікті дамыту.
Ойын барысы: Педагог балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды «жеуге болады-жеуге болмайды» деп топқа бөліп ажыратады. Ойынды бір-біріне допты лақтырып ойнауға болады.
алма – an apple
нан – a break
қияр – a cucember
мәшине – a car
кітап - a book