What is missing? Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету.
Қажетті Қажетті құралдардар: суретті карточкалар.
Ойын мақсаты: Кілем үстіне суретті карточкалар жайып қойылады. Педагог «Close your eyes!» деген нұсқау береді да 1-2 карточканы алып қояды. Содан соң балаларға «Open your eyes!» нұсқау беріп, «What is missing?» деп сұрақ қояды. Балалар жоғалған карточкаларды еске түсіріп, айтады.
Words road Мақсаты: Заттардың атауларын таба білу. Белсенді сөздіктерін дамыту. Шапшаң қимылдауға үйрету.
Қажетті заттар: суреттер.
Ойын барысы: Кілем үстіне суреттер кішкене арақашықтықта Бала жайылып қойылады. Бала суреттердің шетімен жүріп, заттарды атайды. Суреттер белгілі бір өткен тақырып бойынша немесе араластырып қойылады.
Opposites Мақсаты: 1. Қарама – қарсы мағыналы сөздерді табуға үйрету. Белсенді сөздіктерін дамыту.
Ойын барысы:1-нұсқа: Педагог сөзді айтады, ал балалар бұған қарама-қарсы сөзді айтады (топтарға бөлініп ойнауға да болады, бір топ сөзді айтады, қарсы топ қарама-қарсы сөзді тауып айтады).
Мысалы: big-small, clean-dirty, young-old, happy-sad, eampty-full, good-bad, long-short.
2-нұсқа: Ойынды жүргізуші дыбысты айтып, допты ойыншыға лақтырады. Ол сол дыбысқа кез-келген сөзді айтуы керек. Немесе балаларды шеңберге тұрғызып, қолдан-қолға беру арқылы ойнатуға болады. Мұнда жүргізушінің қызметін әрбір ойнаушы атқара алады.
3-нұсқа: Педагог дыбысты айтады, ал сосын сөздерді айтады. Егер сөзде берілген дыбыс бар болса - балалар алақандарын шапалақтайды, егер сөзде жоқ болса – қолдарын шапалақтамайды.
Is it true or not? Мақсаты: Заттардың сипаттамалық қасиеттерін ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын дамыту.
Ойын барысы: Ойынды доппен ойнауға болады. Педагог балалардың біреуіне допты лақтырып, сөз тіркесін айтып «Is it true not?» деп сұрақ қояды.
Мысалы: Yellow lemon. Pink piggy. Orange bear. Brown monkey. White snow. Red crocodile. Purple mouse. Green grapes. Grey elephant. Purple cucumber.
Clap the sound Мақсаты: Белгілі бір дыбыстары бар сөздерді табу. Балалардың сөздік қорын дамыту. Дыбыстар туралы білімін бекіту.
Ойын барысы: Педагог дыбысты айтады, содан соң сөздерді айтады. Егер сөздің ішінде берілген дыбыс болса - бала қолын шапалақтайды, егер дыбыс болмаса - қолдарын шапалақтамайды.
Мысалы: «B»дыбысы – butter, cucumber, brother, cat, mother.
Snowball Мақсаты: Балаларға сөздерді жылдам және дұрыс айта білуге үйрету. Сөздерді тізбектеп айта білу.
Ойын барысы: Бір бала шығып бір сөз айтады. Келесі бала алдындағы баланың сөзін қайталап, өзінің сөзін жалғастырып айтады. Ойын осылай жалғаса береді.
Мысалы: rabbit. rabbit-wolf, rabbit-wolf-cat, rabbit-wolf-cat-dog, rabbit-wolf-cat-dog-for, rabbit-wolf-cat-dog-for-monkey.
Blocks Мақсаты: Балаларды заттардың атауын жылдам , дұрыс айтуға үйрету.
Ойын барысы: Ойын текшемен ойналады. Текшенің әрбір бетінде заттардың суреттері бар. Текшені лақтырып қай зат көрінсе сол затты балалар ағылшын тілінде атаулары керек.