Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Кодекс реттейтін мәселелер



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

4.2. Кодекс реттейтін мәселелер
Кодекс адамдар қатысуымен жүргізілген зерттеулерді реттейді. Мұн-
дай зерттеулер деп келесі екі ұғымды қамтитын білім зерттеушілерінің 
мақсатты қызметін айтамыз:
1) 
«зерттеу» – білім туралы жалпыланған білімді
13
түзу я толықты-
руға бағытталған, әзірлеу, тестілеу және бағалау рәсімдерінен тұра-
тын, жүйелі зерделеу процесі; 
2) 
«адамдар» – зерттеуге қатысушылар немесе сынаққа алынған-
дар, олар туралы деректерге білім зерттеушісі екі жолмен қол жет-
11
Қоңыратбай, к/к.
12
Глоссарийдан «білім зерттеушілері», «зерттеу жүргізетін ұйымдар» және «зерттеу әдебі жөніндегі 
институциялық комитеті» ұғымдарының анықтамаларын қараңыз.
13
Глоссарийдан «жалпыланған білім» ұғымының анықтамасын оқыңыз.


17
кізеді: (a) оларға әсер ету не олармен әрекеттесу арқылы, я болмаса 
(b) олардың жеке деректерін алу арқылы
14
(NU IREC, 2018, Article 1). 
Адамдар қатысуымен жүргізілген зерттеулер осы Кодексте сипат-
талған тәртіппен әдептік сараптамадан өтуге тиіс. 
«Адамдар қатысуымен жүргізілетін зерттеулерге» жатпайтын, соған 
орай әдептік сараптаманы қажет етпейтін жобалар мыналар:
– ұйымның демеушілеріне, басшыларына және/немесе құрылым-
дық бөлімшелеріне ұсынылатын ішкі есептер;
– қайсыбір бағдарламаны жетілдіру немесе нәтижелерін өлшеу 
мақсатында, жалпыланған білімді толықтыру ниетісіз жүргізілетін тал-
дау мен бағалау қызметі (мысалы, ұйымның және оның қызметтерінің 
тиімділігін бағалауға, сапаны бақылап арттыруға арналған корпора-
тивтік зерттеулер);
– белгілі бір оқиғалар, жағдайлар, ұйымдар немесе жүйелер туралы 
хабарлау және құжаттарға түсіру үшін ғана, ешқандай пайымсыз (гипо-
тезасыз), ой толғаусыз, нақты адамдар туралы ақпаратты жинау мен 
өңдеуді меңзейтін ғылыми және журналистік қызмет (мысалы, ауызша 
тарих әдісімен танып білу, тірі кісілерді библиографиялық зерттеу, әде-
би сын, нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, тарихи зерттеулер);
– шәкірттерді оқыту және/немесе бағалау барысында жоспарлап 
өткізілетін, нәтижелерін сыныптан/білім беру ұйымынан тыс пайда-
лану ниетінсіз зерттеу (мысалы, білім алушыларды зерттеу әдістеріне 
үйрету үшін олар жөнінде деректерді жинау, зерттеушінің есебін жазу 
мысалын көрсету);
– осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, жалпыға қолжетімді 
және үшінші тараптың пайдалануына тыйым салынбаған деректерді 
зерттеу.
15
Білім зерттеушісі магистранттар мен докторанттардың ғылыми же-
текшісі, оқытушы (мұғалім), сарапшы және рецензент ретінде қызмет 
атқарған кезде Кодекстің ұстанымдары мен нормаларын тиісті жағдай-
ларда сақтауға тиіс.
14
Глоссарийдан «зерттеуге қатысушының дербес деректері» ұғымының анықтамасын оқыңыз.
15
Осы тізімді құрастыруда келесі дереккөздер пайдаланылды: 
Is it Research: What is «Contributing to Generalizable Knowledge?» (2019). https://research.ncsu.edu/sparcs/
files/2019/10/What-is-Research-and-Needs-IRB-Approval.pdf, Is your project human subjects research, or 
not?... (2017) https://oprs.usc.edu/files/2017/04/NHSR_v.10.26.17.pdf 


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет