Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Кодекске арқау болған дереккөздер



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

4.4. Кодекске арқау болған дереккөздер
Зерттеу жүргізу мен ғылыми біліммен бөлісудің халықаралық тәжіри-
бесін тарату үшін біз Кодексті жазу барысында Еуропа білім зерттеу-
лерінің қауымдастығы (EERA) ұсынатын әдеп кодекстерін, зерттеу адал-


19
дығына арналған халықаралық және шетелдік құжаттарды, сонымен 
қатар әлеуметтік ғылымдар аясындағы бірқатар әдеп нұсқаулықтарын 
Қазақстан контексіне және заңнамасына бейімдеуге тырыстық.
Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы 
2014 жылдан бастап EERA мүшесі болып табылады. EERA-ға мүше болу 
зерттеу әдебінің жоғары стандарттарын қабылдауды және ілгерілету-
ді көздейді, олардың бір бөлігі қауымдастықтың ресми сайтында ұсы-
нылған.
16
Қолыңыздағы Кодекске EERA-ның бірнеше мүшелері, атап 
айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания және Шотландияның әдептік нұсқау-
лықтары үлгі ретінде басшылыққа алынды. Сонымен қоса, Австралия 
мен Нидерландтың зерттеу жүргізудегі ұлттық әдеп стандарттары және 
келесі халықаралық құжаттар маңызды бағыт-бағдар берді: Зерттеу-
дегі адалдық туралы Сингапур мәлімдемесі (2010), ЮНЕСКО әлеумет-
тік-ғылыми зерттеу жүргізу кодексі (2004), ТМД-ға мүше мемлекеттері 
үшін ғылыми қызметтің әдеп қағидалары туралы декларация жобасы 
мен аналитикалық шолу (FECCIS, 2011), Еуропалық экономикалық және 
әлеуметтік зерттеу кеңесі зерттеу әдебінің негіздері (ESRC, 2015) және 
басқалар. Кодекс әзірлеудегі жұмысқа Назарбаев Университеті Инсти-
туционалдық зерттеу әдебі жөніндегі комитетінің (2012) нұсқаулығы 
мен құжаттарының және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Білім 
зерттеулерін жүргізудің әдеп кодексінің (2015) көмегі тиді. Аталған құ-
жаттардың басым бөлігі жалпыға қолжетімді, оларға сілтемелерді де-
реккөздер тізімінен табуға болады.
4.5. Кодексті қолданушылар
Кодекс Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық 
қоғамының (KERA) мүшелері үшін міндетті құжат болып табылады. Де-
генмен оған республика аумағында білім саласы бойынша зерттеумен 
айналысатын басқа ұйымдар мен зерттеушілер қосыла алады. Кодекс 
мақұлданған кезде Қазақстанның заңнамасында денсаулық сақтау-
дан басқа салаларда адам қатысуымен жүргізілетін зерттеулер әдебі-
не қатысты арнайы талаптар болмады. Отандық денсаулық сақтау 
жүйесінде биомедициналық зерттеу әдебінің ұстанымдары мен стан-
16
Толығырақ танысу үшін мына сілтемемен өтіңіз: https://eera-ecer.de/about-eera/ethical-guidelines/


20
дарттары 2000 жылдардың ортасынан бері арнайы құқықтық актілер-
мен бекітіліп келеді (Сарымсакова және т.б., 2007, с. 17–20). KERA мен 
осы басылымның авторлары бұл Кодекс және қоғамымыздағы зерттеу-
ге деген қазіргі қызығушылық білім және басқа да көптеген салаларда 
зерттеу әдебіне қатысты арнаулы нормативтік құқықтық актілердің 
қабылдауына ықпал ететініне зор үміт артады. 


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет