4.3. Кодекс құрылымы Кодекстің құрылымы зерттеу бостандығы мен зерттеуге қатысатын
адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуден туындай-
тын құндылықтар мен қағидаларға негізделген. Бұл қағидалар негізі-
нен нұсқаулар түрінде тұжырымдалған (5-бөлім). Кодекстің 6-шы және
7-тарауларынан көрініп тұрғандай, бұл құжат зерттеу әдебіне қатысты
тек білім зерттеушілерінің міндеттерін ғана емес, сонымен қатар зерт-
теу жүргізетін ұйым басшыларының шығармашылыққа қолайлы әрі
ашық зерттеу ортасы мен мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жауап-
кершілігін бекітеді.
Кодекс қағидаларын Марк Франкельдің (Mark S. Frankel) жіктелісі
бойынша шартты түрде үшке бөлуге болады, олар:
мотивациялық (ынталандырғыш),
түсініктемелік және реттеушілік (UNESCO DEST,
2006, P. 3). Қағидалардың алғашқы екі түрін Алғы сөз, Кіріспе, бөлім-
дер мен параграфтардың бас жақтарынан кездестіреміз. Бұдан басқа,
Кодексте қазақстандық зерттеу практикасы үшін беймәлім я ерекше
болып көрінетін ұғымдар/терминдер мен жағдайлар кездесетіндіктен
3-бөлімде глоссарий, 5–7-бөлімдердегі бірқатар нормаларға анықта-
малық-түсініктемелік мәлімет әзірледік (
i
) және құжат ішінде өзін-өзі
бағдарлауды жеңілдету үшін беттердің төменгі жағында сілтемелерді
келтірдік. Түсініктемелерде ҚР нормативтік құқықтық актілерінен үзін-
ділер берілген, бұл актілер Кодексті жазу және басуға дайындау кезін-
де қолданыста болған. Уақыт өте заңнама ептеп өзгеретіндіктен білім
зерттеушілері аталған үзінділерді басшылыққа алмастан бұрын тиісті
актілердің жарамдылығын тексеріп отыруы керек. Кодекс қағидалары-
ның соңғы түрі – реттеушілік, ол
нормалар мен міндеттемелер түрінде
көрініс тапты. Бұл нормалар білім зерттеушілері, зерттеу жүргізетін
ұйым басшылары және Зерттеу әдебі жөнінде институциялық коми-
теттер ұстануға тиіс мінез-құлық, әрекет үлгісі ретінде 6–7-бөлімдерде
тұжырымдалған.