Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Зерттеудің қауқарсыз қатысушыларымен жұмыс



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
6.4. Зерттеудің қауқарсыз қатысушыларымен жұмыс 
Білім зерттеушісі зерттеудің әдіснамасына және белгілі бір себеп-
терге байланысты әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Зерт-
теуге қатысатын кейбір адамдар жасы, денсаулығы, физиологиясы, 
мүлкі, әлеуметтік мәртебесі және т.б. жағдайларға орай қауқарсыз деп 
танылуы мүмкін. Олай болса, қатысушылардың бұл категориясы білім 
зерттеушісі тарапынан көбірек қамқорлықты қажет етеді.
25
Зерттеуге қатысатын адамның қауқарсыздығы арнайы дәлелмен 
негізделуі керек. Білім зерттеушілері зерттеудің қауқарсыз қатысушы-
ларының мүддесін жобаның барлық кезеңдерінде қосымша шаралар 
арқылы қорғауға міндетті. 
6.4.1.
Білім зерттеушісі жоспарланған зерттеуің барлық қауқарсыз 
әлеуетті қатысушыларын ескеріп, оларға зерттеуге қатысу-
дан тиюі мүмкін ықтимал зиянды мейлінше азайту, болдыр-
мауға бағытталған барлық қосымша шараларды, соның ішін-
де заңнамада көрсетілгендерін қолға алуы тиіс. 
6.4.2.
Білім зерттеушісі жобаға қауқарсыз қатысушыларды тарту ту-
ралы шешім қабылдағанда, олардың мүдделерін, қоғам игілі-
гі мен зерттеу мақсаттарын басшылыққа алуы керек. Мұнда 
білім зерттеушісі қатысушылардың бұл категорияларының 
тәуелділік жағдайы мен материалдық қиындықтарына орай 
келісім алу жеңілдігі, я болмаса сенгіштігі туралы ойламайды.
6.4.3.
Білім зерттеушісі әлеуетті қатысушыларды қауқарсыз 
адамдар арасынан іріктеген кезде қатысу еріктілігі мен 
олардың қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін ерекше шаралар 
қолдануы тиіс. Мұндай шараларға келесілерге ұқсас әрекет-
тер жатады:
25
Глоссарийдан «Зерттеудің қауқарсыз қатысушылары» ұғымының анықтамасын оқыңыз.


35
a.
зерттеуге балаларды (кәмелетке толмағандарды)
26
, қамқор-
лықтағы немесе біреудің асырауындағы ересектерді тартқан-
да ақпаратты келісімді олардың заңды өкілдерінен де алу;
b.
тұрмысы төмен адамдармен жұмыс істеген кезде зерттеудің 
қатысушылар үшін нақты пайдасын (игілігін) қайта-қайта 
түсіндіру;
c.
білім деңгейінің жеткіліксіздігінен немесе басқа себептермен 
(жасы, мәдениетінің ерекшелігі, т.б.) зерттеу мәліметтерін қа-
былдауға қиналатын адамдармен жұмыс істегенде олардың 
ақпаратты келісімді дұрыс түсінуі үшін оқыту әдістерін пай-
далану
27
;
d.
бағынысты/тәуелді жағдайдағы адамдармен (қарамағын-
дағы қызметкерлер, студенттер, т.б.) жұмыс істегенде зерт-
теушілік жобаға қатысуға қалың көпшілікке шақыру жолдау;
e.
зерттеуге қатысушылардың мәдени, тілдік және этникалық 
ерекшеліктерін білетін және олармен жұмыс істеу дағдылары 
бар аудармашының қызметіне жүгіну;
f.
егер зерттеуге буллингтен жаппа шеккен және т.с.с. қиын-
дықты басынан өткерген адамдарды қатыстыру жоспар-
ланған болса, мұндай адамдармен оңтайлы жұмыс істеу тех-
никаларын меңгеру.
Буллинг немесе қорлау дегеніміз – әлеуметтік билі-
гі мен дене күшінің басым түсуін пайдалана отырып, өзгеге 
қасақана, қайта-қайта озбыр мінез көрсету (Бочавер және 
Хломов, 2013, с. 149).
6.4.4.
Зерттеуге қауқарсыз әлеуетті қатысушының заңды өкілі
28
болған жағдайда білім зерттеушісі осы өкілдің өкілеттігін 
белгілеуге және одан ақпаратты келісім алуға міндетті. Заң-
ды өкілі келіскен жағдайда ақпаратты келісім зерттеудің 
26
Балалардан ақпаратты келісім алудың ерекшелігі жөнінде «6.3. Ақпаратты келісім» параграфында 
оқыңыз.
27
Глоссарийдан «зерттеудің қауқарсыз қатысушыларымен жұмыс жасаудағы оқыту әдістері» туралы 
оқыңыз.
28
Глоссарийдан «зерттеуге қатысушының заңды өкілі» ұғымының анықтамасын оқыңыз.


36
қауқарсыз қатысушысынан сұралады. Осылайша, зерттеуге 
қатысу жайындағы соңғы шешімді қабылдау құқығы тек қа-
тысушының өзіне тиесілі болады.
6.4.5.
Білім зерттеушісі зерттеуге қатысушылардың қауқарсыздық 
сипатына (науқастық, тәуелділік, АИТВ
29
-инфекциясы, эко-
номиканың «сұр» секторындағы жұмыс, күйзеліс, т.б.) байла-
нысты олардың жеке деректерінің құпиялылығын сақтауға 
әлдеқайда қатаң талаптарды және Зерттеу әдебі жөніндегі 
институциялық комитеттің осы адамдармен жұмыс кепілде-
мелерін ескереді. 
Экономиканың «сұр» (бейформалды) секторы де-
геніміз – заңмен рұқсат етіле тұра, ресми статистика есепке 
алмайтын экономикалық қызмет (көбінесе шағын бизнес). 
Бұл секторда негізінен кәдімгі тауарлар өндіріліп, қарапай-
ым қызмет түрлері көрсетіледі («ақ» экономикадағыдай), 
десе де өндірушілер лицензия, салық және т.с.с. төлемдерді 
өтегісі келмей, ресми есепті жүргізуден жалтарады (Латов, 
2001, с. 11).
6.4.6.
Егер қатысушылардың қауқарсыздығы зерттеу кезінде 
анықталса немесе қатысушы зерттеуге келісім бергеннен соң 
қауқарсыз болып кетсе, білім зерттеушісі не істеу керектігі 
жайында Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеті-
нен кеңес алуы керек. Бұл жағдайда қатысушы келісімінің 
өзектілігін мезгіл-мезгіл тексеріп отыруы қажет болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет