Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Зерттеуден зиян тию тәуекелі және зерттеу пайдасы



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

6.2. Зерттеуден зиян тию тәуекелі және зерттеу пайдасы
Зерттеуді әдептік тұрғыдан реттеу нормалары зерттеуге тартыла-
тын адамдарға зиян тигізбес үшін жасалған. Сондықтан білім зерт-
теушісінің басты міндеттерінің бірі – зерттеуді жоспарлап жүргізуде 
адамға зиян тию тәуекелін анықтау әрі оның орын алу мүмкіндігін 
мейлінше азайту.
Биомедицинамен салыстырғанда білім саласындағы зерттеулердің 
тәуекелі әдетте төмендеу болады. Алайда, білім зерттеулерін ықти-
мал зиянды елемей өткізу қатысушы адамдардың абыройына айтар-
лықтай ауыр нұқсанның келуіне соқтыруы ғажап емес. Мәселен, зерт-
теуден кейін бұл кісілер әріптестерінің алдында беделден айырылуы, 
кикілжіңге тап болуы, әкімшіліктің сенімінен шығуы, жұмыстан босап 
қалуы, моральдық күйзелуі, қорқыныш-үрей басуы, қысқасы, әлеумет-
тік, кәсіби, эмоциялық жағынан азап шегуі әбден мүмкін. 
6.2.1. 
Білім зерттеушісі зерттеуге қатысатын адамдарға зиян тию 
тәуекелдерінің анықталып, бұл қауіп-қатерді мейлінше азай-
туға қажетті шаралардың қабылданғанына көз жеткізуі тиіс.
6.2.2.
Білім зерттеушісі ықтимал тәуекелді бағалаған кезде зерттеу-
ге қатысатын адамдардың категорияларын, деректерді жи-
нау, қатысушыларды іріктеу мен зерттеу нәтижелерін тарату 
әдіс-тәсілдерін және т.б. аспектілерді ескереді; тәуекел түрін 
анықтап, тәуекелді бағалауға қатысты мәліметтерді өзінің 
зерттеушілік жобасының негіздемесіне енгізеді.
6.2.3.
Зерттеуден зиян тию тәуекелін бағалауға қатысты егжей-тег-
жейлі мәліметті білім зерттеушісі Зерттеу әдебі жөніндегі ин-
ституциялық комитетке ұсынатын өтініміне енгізеді.
6.2.4. 
Зерттеу басталмас бұрын білім зерттеушісі қатысушы адамдар-
ды және олардың заңды өкілдерін жобаның ықтимал тәуекелі 
туралы жазбаша, түсінікті тілмен әрі ыңғайлы тәсілмен хабар-
дар етуге міндетті. 
6.2.5.
Егер қатысушыларға зиян тию тәуекелі зерттеу барысында 
анықталса, білім зерттеушісі одан әрі нені істеу керектігін Зерт-
теу әдебі жөніндегі институциялық комитетімен кеңесуі керек.
6.2.6.
Білім зерттеушісі жобаға қатысушы адамдарға жеке өмірі мен 
қызметі, дербес ой-пікірі, тәжірибесі сынды мәселелер тура-


27
лы сұрақ қойғанда – олардың эмоциялық жай күйі мен сезімі-
не ықыласпен қарап, жайсыз сезінуіне, мазасыздануына 
әкелетін кез келген іс-әрекеттен аулақ болуға тиіс. Егер жай-
сыздық орын алса, зерттеуші оны жоюға әрекет етуге міндетті.
6.2.7.
Білім зерттеушісі зерттеуге қатысушы адаммен кездесу уақы-
ты мен орнын алдын ала және мұқият келісіп алуға міндетті. 
Кездесу орны жайлы, құпиялылықты сақтауға және сенімді 
сұхбат өткізуге қолайлы болуы керек. Алаңдаушылық пен 
жайсыздық сияқты жағымсыз әсерлер мейлінше азайтылуы 
керек.
6.2.8.
Білім зерттеушісі қатысушылардың зерттеуден барынша 
әсерлі және әділ пайда (игілік) көрулеріне тырысады. Мұндай 
игілік зерттеуге қатысудың тікелей нәтижесі немесе жанама 
әсері болуы мүмкін. Бұдан басқа білім зерттеушісі зерттеуге 
қатысқан адамдарға игілік ретінде ақысыз қызметін, мысалы, 
семинар, тренингті ұсына алады немесе кішігірім ақы төлеуі-
не болады.
6.2.9. 
Білім зерттеушісі зерттеуге қатысудан күтілетін пайданы 
(игілікті) адамдарға шынайы және нақты хабарлап, жобаға 
қатысуға ынталандыру үшін берген барлық уәделерін орын-
дауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет