Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Білім зерттеушісінің әдеп ережелері



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

6. Білім зерттеушісінің әдеп ережелері
Әдеп нормалары деп міндеттемелерді түсінеміз, олар білім зерт-
теушісі жоба аясында өзге тараптармен – зерттеуге мүдделі ұйымдар-
мен, зерттеуге қатысатын адамдармен, демеушілермен және басқа да 
тұлғалармен – әрекеттесуі кезінде пайда болады. Мұндай міндеттеме-
лер зерттеудің тиісті кезеңдеріне (жоспарлау, қатысушыларды тарту 
және іріктеу, зерттеуді өткізу және нәтижелерді таратуға) тікелей неме-
се жанама қатысты болады.
Аталған міндеттемелер халықаралық тәжірибеде кеңінен тараған 
ережелерге сай келеді, олар білім зерттеулеріне атсалысатын негіз-
гі тараптарды өздерін кәсіби тұрғыдан әдепті ұстауларына бағыт-
бағдар береді.
6.1. Мүдде қайшылығы
Білім зерттеушілері зерттеуге қатысушылардың және қоғамның 
мүддесі үшін аянбай қызмет етеді деп күтіледі. Зерттеушілер олар-
дың зерттеу қызметінің қайсыбір тұсына байланысты әділ шешім 
қабылдауына кедергі туғызуы мүмкін мүддені (мүдде қайшылығын) ал-
дын ала анықтауға тиіс. 
Сыңаржақ әрі әділсіз қабылданған шешім зерттеушінің әділ, ал 
зерттеудің жүйелі болатынына күмән тудырады. Жөнсіз шешім зерт-
теуге қатысатын адамдарға зиян келтіру қаупін туғызады және бүкіл 
жобаны беделінен айыруы мүмкін. Осы сияқты жағдайлардың алдын 
алу немесе олардың орын алу мүмкіндігін мейлінше азайту шаралары 
«мүдде қайшылығын басқару» ұғымын құрайды.
Осы параграфтың нормалары зерттеудегі мүдде қайшылығын 
басқару барысында әдепті мінез-құлық танытудың үлгілерін сипаттай-
тын, нөмірлі тармақтар түрінде келтірілген.


25
Зерттеу жүргізетін әрбір ұйымның мүдде қайшылығын 
басқарудың ішкі саясаты мен тетіктері болуы шарт. Бұлар 
ұйымның зерттеу қызметін жауапты басқару жөніндегі ішкі 
ережелері мен жұмыс құралдарының құрамдас бөлігі болуы 
керек. Мұндай құжаттар ұйымішілік әдептік сараптама рәсімін 
де қамтығаны жөн. «7.1. Зерттеу әдебінің сақталуына жағдай 
туғызу» және «7.2. Әдептік сараптама» параграфтарын оқыңыз.
6.1.1.
Білім зерттеушісі іс жүзінде бар я орын алуы мүмкін мүдде қай-
шылығы туралы Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық коми-
тетке дереу хабарлайды. Комитет ұйымда бекітілген тәртіпке 
сәйкес мүдде қайшылығы анықталған қызметте зерттеушінің 
немесе өзге тұлғалардың қатысу-қатыспауы туралы шешім 
қабылдайды.
6.1.2. 
Білім зерттеушісі кез келген мүдде қайшылығын басқару мен 
оның орын алу мүмкіндігін мейлінше азайту үшін шаралар 
қолдануы тиіс. Мұндай шаралар келесі және т.с.с. іс-әрекет-
терді қамтуы мүмкін: 
a. 
осындай қайшылық туралы Зерттеу әдебі жөніндегі институ-
циялық комитетті хабардар ету; 
b. 
іс жүзінде бар және/немесе ықтимал мүдде қайшылығы тура-
лы мәліметті ақпаратты келісім мәтініне енгізу;
c. 
мүдде қайшылығы анықталған функцияны өзге бір тәуелсіз 
тұлғаға немесе басқа ұйымға сеніп тапсыру.
6.1.3. 
Мүдде қайшылығын тудыруы мүмкін үшінші тараппен жеке, 
іскерлік және қаржы қатынасы болса, онда білім зерттеушісі 
ол жөніндегі мәліметтің есептік құжаттарда тиісінше көрініс 
табатынына көз жеткізуі керек.
6.1.4. 
Өзгелердің академиялық еңбектерін (диссертация, мақала, 
кітап, т.б.) немесе конкурстық зерттеу өтінімдерін бағалауға 
рецензент я сарапшы ретінде шақырылған жағдайда да білім 
зерттеушісі мүдде қайшылығын мәлімдеу міндетін орындайды.


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет