Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы



Pdf көрінісі
бет18/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

6.3. Ақпаратты келісім
Кез келген адамнан зерттеушілік жобаға қатысу туралы келісімін 
алмастан бұрын оған толық ақпарат берілуге тиіс. Бұл келісім арнайы 
құжатпен бекітіледі және білім зерттеушісі мен жобаға қатысушы адам 
арасында екіжақты шарт рөлін атқарады. 
Тиісті адамды жоба туралы хабардар етіп, одан зерттеуге қатысуға 
келісімін алу процесін ақпаратты келісім деп атайды. Ол зерттеуді 
бастаудың алғышарты болып табылады. Бүгінде білім саласында зерт-
теумен айналысатын қазақстандық зерттеушілердің көбісі үшін ақпа-
ратты келісімді алу – таңсық дүние. Осы Кодекске ақпаратты келісімді 
зерттеу әдебінің стандартты рәсімі ретінде енгізу арқылы біз отандық 
білім зерттеулерін халықаралық деңгейде мойындалған тәжірибеге 
сәйкестендіруді меңзедік.


28
Адамдардың қатысуымен жүргізілетін білім зерттеу-
лерін реттейтін, жалпыға қолжетімді құжаттарды талдау 
нәтижесінде біз қазақстандық білім беру ұйымдарының ішін-
де ақпаратты келісімді зерттеудің міндетті алғышарты ретін-
де бекіткен 3 ұйымды ғана таптық: Назарбаев Университеті, 
Назарбаев зияткерлік мектептері және ҚР Президентінің жа-
нындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
6.3.1. 
Білім зерттеушісі кез келген адамның ақпаратты келісімін ал-
майынша онымен зерттеуге қатысушы ретінде қарым-қаты-
насқа түспеуге тиіс. Қажет болған жағдайда ақпаратты келісім 
оның заңды өкілінен алынады.
6.3.2.
Егер зерттеу жобасы кіруге рұқсат алуды талап ететін ұйымда не-
месе қоғамдық жерде жүргізілуі керек болса, білім зерттеушісі 
ақпаратты келісім сұрауға кіріспестен бұрын тиісті лауазым 
иесінің не басқару органының келісімін («қақпашы» рұқса-
тын) алуға тиіс.
Егер зерттеу мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мыса-
лы, мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде жүргізілуі керек 
болса, директордың рұқсатынан басқа, осы ұйымдарды басқа-
ратын мемлекеттік органның келісімі талап етілуі мүмкін.
Назар аударыңыз! «Қақпашы» зерттеу өткізілетін орынға 
кіру рұқсатын ғана береді, ол зерттеуге қайсыбір адамдардың 
қатысуына рұқсат бермейді. «Қақпашы» рұқсат берген соң 
зерттеуге қатысуы мүмкін әрбір адамнан және/немесе оның 
заңды өкілінен ақпаратты келісім жеке-дара алынуы шарт.
18
6.3.3.
Білім зерттеушісі зерттеу өткізілетін ұйымға кіру рұқса-
тын алу талаптарына (қарапайым немесе күрделі рәсімге) 
18
General Guidelines for the Ethics Review Processes (2014), the Humanities and Social Sciences Research 
Ethics Committee of University of KwaZulu-Natal. Материал доступен по ссылке http://research.ukzn.
ac.za/Libraries/Research_Document/General_Guidelines_for_the_Ethics_Review_Processes.sflb.ashx


29
түсіністікпен қарап, оларды сұралғандай орындауға міндетті 
(ресми хат немесе электрондық хабарламаны жолдау, жауап-
ты күту, т.с.с.). Бұл ретте білім зерттеушісі қойылған талаптар-
ды орындай отырып, осы Кодекс ұстанымдары мен нормала-
рын бұзып алмауға тиіс. 
6.3.4. 
«Қақпашы», мысалы, ұйым басшысы зерттеу өткізуге рұқса-
тын берерде қарамағындағы қызметкерлерінің арасынан 
зерттеуге іріктелетіндерінің аты-жөнін және зерттеу сұрақта-
рына беретін жауаптарын сұрап, білім зерттеушісін әдептік 
дилеммаға ұшыратуы мүмкін. Білім зерттеушісі басшының 
мұндай өтініштерін орындауға құқығы жоқ, өйткені ол зерт-
теуге қатысушылар алдында ақпаратты келісіммен мойны-
на бірнеше міндеттер жүктейді, атап айтқанда, қатысқан 
адамдар есімдері мен жауаптарын қатаң құпияда сақтайды, 
зерттеуден тиюі мүмкін зиянды болдырмауға міндеттенеді. 
6.3.5.
Білім зерттеушісі ақпаратты келісім мәтінінің келешек зерт-
теу қатысушыларына түсінікті тілмен жазылуына жауапты. 
Ерікті ақпаратты келісімнің нысаны мен мәтінін зерттеу 
басталмастан бұрын Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық 
комитет бекітуі керек.
Ақпаратты келісімнің үлгісін Назарбаев Универси-
тетінің веб-сайтынан қараңыз (NU IREC, 2017).
Ерікті ақпаратты келісімнің нысаны мен мәтінін білім 
зерттеушісі Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет-
ке жолдайтын өтінімнің (зерттеу жобасының негіздемесінің) 
құрамында ұсынады. «7.2. Әдептік сараптама» параграфын 
оқыңыз.
6.3.6.
Зерттеу жобасы көптілді және көпмәдениетті ортаға бағыт-
талған болса, білім зерттеушісі ақпаратты келісімді әзірлеу 
мен сұрау барысына ерекше көңіл бөледі, зерттеуге тартыла-
тын адамдардың дұрыс ұғуы үшін аударманың және/немесе 
түсіндірменің сәйкестігіне мән береді.


30
Егер зерттеуге қатысатын адамдар мәдени және тілдік 
ерекшеліктеріне орай қауқарсыз деп танылса, мәселен, ре-
патриант, мигранттармен зерттеу өткізілсе, олардың қатысу 
еріктілігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін қосымша шара-
ларды қолға алу қажет. «6.4. Зерттеудің қауқарсыз қатысушы-
ларымен жұмыс» параграфын оқыңыз.
6.3.7.
Білім зерттеушісі зерттеудің әлеуетті қатысушылары зерттеу-
ге қатысатындығын түсінуі үшін барын салуға тиіс. Білім зерт-
теушісі адам келісімін берместен бұрын мыналарды түсіндіруі 
керек:
a. 
зерттеу мақсаты мен әдістері, осы адамның жобаға қатысу қажеттігі;
b.
қатысушыдан не сұралатыны; 
c.
зерттеуге қатысу еріктілігі;
d.
зерттеуден бас тартқан немесе кейін одан шыққан жағдайда 
ешқандай жазаның болмайтындығы;
e.
қатысушыдан алынған ақпараттың құпиялылығы (зерттеуші 
қатысушы ұсынған ақпаратты не істейді, оны қалай сақтайды, 
не үшін қолданады және ол ақпарат кімге белгілі болады);
f.
зерттеудің ықтимал тәуекелдері мен пайдасы (игілігі). 
6.3.8.
Білім зерттеушісі жеке пікірін қалыптастыра алатын бала-
лар мен жасөспірімдерге зерттеуге қатысу-қатыспау туралы 
шешім қабылдау мүмкіндігін беруі керек. Мұндай мүмкіндік 
балалардың жасы мен жетілу дәрежесіне сәйкес туғызылады, 
олардың келісімі «хабарлы құптау» (informed assent) деп ата-
лады. Бала хабарлы құптауын ауызша жеткізе алады.
Бұл нормада ҚР 2011 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) 
және отбасы туралы» Кодексінің «Баланың өз пікірін білдіру 
құқығы» атты 62-бабындағы талаптары ескерілген (ҚР НЕОК, 2011). 
18 жасқа толмаған тұлғалардың хабарлы құптауының 
үлгісін Назарбаев Университеті Ғылыми зерттеулердің инсти-
туционалдық әдеп комитетінің нұсқаулықтары мен матери-
алдарынан қараңыз (НУ ҒЗИӘК, к/к). 


31
6.3.9.
Егер зерттеуге қабілеті, жасы немесе өзге жағдаймен қауқар-
сыз болып келетін адамды
19
тарту керек болып, ал бұл адам 
жобаның мәнін түсінуге қиналып, зерттеуге қатысу еркін 
дұрыс білдіре алмаса, білім зерттеушісі оның құптауын алу-
дың барлық мүмкіндіктерін, сонымен қатар оның ата-анасы 
мен заңды өкілімен келісуді қарастырады.
20
Қалай болғанда 
да, білім зерттеушісі қатысушыны мәжбүрлеуге жол бермейді.
6.3.10. 
Білім зерттеушісі бақылау немесе есеп беруге байланысты 
жағдайларда ақпаратты келісім алу процесін өткізбеуі тиіс.
6.3.10 тармағына түсініктеме. Нормадағы «бақы-
лауға байланысты жағдай» деп қайсыбір кісінің бақылануға 
келісім беруін немесе белгілі бір себептермен қарсылық 
білдірмеуін айтамыз, мысалы, көпшілікке арналған іс-ша-
ра (конференция, ресми кездесу және т.б.) кезіндегі бақы-
лану жағдайы. Бұл ұғым сонымен бірге зерттеуге әлеуетті 
қатысушының өзі құпия қалуды ойламайтын және қажет 
етпейтін жағдайларды қамтиды. Мысал үшін, саясаткерлер, 
белгілі мемлекеттік қызметкерлер, я болмаса, қоғам қай-
раткерлерінің құпия қалуы мүмкін бола бермейді, өйткені 
олардың айтқан сөзі, пікірі көбінесе олардың кім екенін бір-
ден аңғартып қояды. Танымал кісілерге қамқорлық көрсету, 
яғни олардың зерттеушімен әрекеттесуінен тиюі мүмкін зи-
янды болдырмау немесе мейлінше азайтуды қарастыруға 
болады. Мәселен, оларға материалмен жарияланғанға дей-
ін алдын ала танысуға мүмкіндік беру қамқорлық шарасы 
бола алады (Sieber & Tolich, 2013, p. 166.).
Нормадағы «есеп беруге байланысты жағдай» деп 
білім зерттеушісінің іскерлік/корпоративті және т.с.с. 
мәліметтерді талдау, мониторингтеу мақсатында есептік 
материалдарды әзірлеуін айтамыз (мысалы, кәдімгі оқыту 
тәжірибесін, білім беру бағдарламаларын және сыныпты 
басқару әдістерін зерделеу; ұйым қызметінің белгілі бір 
бағытының тиімділігін талдау, т.б.).
19
Глоссарийдан «зерттеудің қауқарсыз қатысушылары» ұғымының анықтамасын қараңыз.
20
Толығырақ білу үшін «6.4. Зерттеудің қауқарсыз қатысушыларымен жұмыс» параграфын оқыңыз.


32
6.3.11. 
Білім зерттеушісі ақпаратты келісімді жазбаша алған жағдай-
да, тиісті құжатқа зерттеуге қатысушының және/немесе 
оның заңды өкілінің қол қоюын қамтамасыз етуге тиіс. Ақпа-
ратты келісімнің алынғанын растайтын құжаттар ғылыми 
жетекшіде құпия режимде сақталуға міндетті.
6.3.12.
Білім зерттеушісі зерттеуге қатысуға келісім берген адам-
ның кейін жоба барысында одан бас тартатын болса, оның 
мұндай шешімін уақытқа, я болмаса уәжісіне қарамастан 
түсіністікпен, оң қабақпен қабылдауға міндетті.
6.3.13. 
Білім зерттеушісі зерттеудің әлеуетті қатысушысына немесе 
оның заңды өкіліне
21
жоба басталмастан бұрын, оны жүргізу 
кезінде не одан кейін бұл қызмет туралы кез келген сұрақ қо-
юына мүмкіндік беруге міндетті.
6.3.14. 
Бұл ретте білім зерттеушісі зерттеудің әлеуетті қатысушысын 
қызықтыратын мәліметті ұсынарда оның тұрғылықты жерін, 
әлеуметтік жағдайын және тілдік дағдыларын ескеруі тиіс.
6.3.15. 
Білім зерттеушісі зерттеуге қатысушылар дерегінің құпи-
ялылығын сақтау шараларын, кей жағдайларда құпиялылық 
шекараларының барын анықтап, оларды әлеуетті қаты-
сушылармен бірге ашық талқылайды.
22
6.3.16. 
Білім зерттеушісі бала ата-анасының немесе заңды өкілінің 
құқықтары мен міндеттерін ескеруі тиіс. Зерттеушінің бұл 
міндетіне баланы зерттеуге араластырмас бұрын оның 
ата-анасынан не заңды өкілінен рұқсат алу сияқты талап-
тар жатады.
Ата-ана өз баласының заңды өкілі болып табылады, 
кез келген жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынас 
кезінде, соның ішінде сот процесінде баласының құқықта-
ры мен мүдделерін арнайы өкілеттіксіз қорғайды (ҚР НЕОК, 
2011, 71-баптың 1-тармағы).
21
Глоссарийдан «зерттеуге қатысушының заңды өкілі» ұғымының анықтамасын оқыңыз.
22
Құпиялылық шекаралары (құпиялылықты шектеу жағдайлары) туралы толығырақ «6.5. Құпиялылық 
сақтау және дерекке қол жеткізу» параграфынан біліңіз.


33
6.3.17. 
Білім зерттеушісі ақпаратты келісімді жазбаша алудан бас 
тартып, ауызша келісімнің жеткілікті болатыны туралы 
шешім қабылдауы мүмкін, егер: 
a. 
зерттеуден оның қатысушыларына зиян тию тәуекелі мини-
мумынан төмен болса;
23
b. 
ақпаратты келісімнің жазбаша алынуы зерттеуге қатысушы-
ның(-лардың) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге еңсерілмес ке-
дергі келтірсе;
c. 
зерттеуші жеке адамдар туралы жалпыға қолжетімді ақпа-
ратты пайдаланса.
24
6.3.18. 
Білім зерттеушісі ақпаратты келісімді жазбаша алудан бас 
тартуды Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеттің 
мақұлдауын талап ететін және ережеден тыс, сирек жағдай 
екенін мойындайды.
6.3.19.
Егер білім зерттеушісі 6.3.17 тармағында аталған және т.с.с. 
жағдайларда ақпаратты келісімді жазбаша алу орындылығы 
жайында күмәнданса, онда ол Зерттеу әдебі жөніндегі ин-
ституциялық комитетпен кеңесуі керек.
6.3.20. 
Білім зерттеушісі ақпаратты келісімнің ауызша алыну қажет-
тілігін, демек, әлдебір (мәдениет, білім, т.с.с. сипаттағы) се-
бептермен жазбаша келісімді алудың мүмкін еместігін Зерт-
теу әдебі жөніндегі институциялық комитетке дәлелдеп, 
оның мақұлдауын алуы тиіс. Білім зерттеушісі ақпаратты 
келісімді ауызша алу кезінде жазбаша келісу рәсіміндегідей 
зерттеудің әлеуетті қатысушысының ерік білдіруін тиісінше 
растай алуға міндетті (аудиожазба).
Ауызша ақпаратты келісім алу сценарийінің үлгісін 
Назарбаев Университеті Ғылыми зерттеулердің институци-
оналдық әдеп комитетінің нұсқаулықтары мен материалда-
рынан қараңыз (НУ ҒЗИӘК, к/к).
23
Глоссарийдан «зерттеуден зиян тию тәуекелі» ұғымының анықтамасын және мұндай тәуекел түр-
лерінің (минимумынан жоғары, төмен) түсіндірмесін оқыңыз.
24
Интернеттегі жалпыға қолжетімді мәліметтерді ақпаратты келісімсіз пайдалану ерекшеліктерін 
«6.7. Цифрлық зерттеу әдебі» параграфында оқыңыз.


34
6.3.21.
Егер зерттеуге қатысуға ақпаратты келісімін берген адам 
кейін оған қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдаса (кез 
келген сәтте зерттеуден бас тарту құқығы), білім зерттеушісі 
ақпаратты келісім құжатын (келісім жазбаша берілгенде) не-
месе аудиожазбаны (келісім ауызша берілгенде) жоюға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет