6.5. Құпиялылық сақтау және дерекке қол жеткізу
Кез келген зерттеудің мақсаты – жаңа білім – зерттеуге қатысатын
адамдардың өз еркімен білім зерттеушісіне ұсынатын мәліметіне тәу-
елді. Мұндай мәлімет бұл адамдардың кәсіби және/немесе жеке өмірі,
ішкі сенім-нанымы, құндылықтары мен іс-әрекеттеріне қатысты болуы
мүмкін. Зерттеу сұрақтары зерттелушіде қорқыныш, мазасыздық, тіпті
қымсыну сезімін тудыруы әбден мүмкін. Сол себепті зерттелуші жобаға
29
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы.
37
қатысқаны жасырын (құпия) қалатынына неғұрлым сенімді болса, білім
зерттеушісіне беретін жауаптары соғұрлым шынайы, риясыз болады.
30
Осы жайттан хабардан білім зерттеушісі жобаға қатысатын
адамдардың құпиялылығын, яғни олардың жеке басы, өмірі туралы де-
ректердің жасырын қалуына, зерттеу барысы мен ол біткеннен соң да
қатысушылармен сенімді қарым-қатынасты сақтауға міндетті.
6.5.1.
Білім зерттеушісі өзінің кәсіби қызметі шеңберінде пайдала-
натын құпия ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
барлық сақтық шараларын қолға алуы керек.
6.5.2.
Білім зерттеушісі зерттеуге қатысушылардан алған бүкіл де-
ректерді ақпаратты келісім аясындағы міндеттемесіне сәй-
кес құпия деп қарастырады, бұл міндет аталған деректердің
құпиялылығын сақтауға қатысты заңнамалық талап болмаса
да орындалады. Құпиялылық талабы иесізденбеген барлық
жеке деректерді сақтау режимін қамтамасыз етуді білдіреді.
6.5.3.
Білім зерттеушісі осы ақпараттың дереккөзі болып табыла-
тын зерттеу қатысушысы қайтыс болғаннан кейін де құпия
ақпаратты таратпау жөніндегі міндетінен босатылмайды.
Кодексіміздің осы және тағы кейбір нормаларында
ҚР 2013 жылғы «Дербес деректер және оларды қорғау тура-
лы» ҚР Заңымен салыстырғанда құпиялылықты сақтаудың
әлдеқайда қатаң талаптары белгіленген. Мысал үшін, Заңның
22-бабының 2-тармағы бойынша «... үшінші тұлғаның (Ред. –
яғни, білім зерттеушісінің) дербес деректерді қорғау жөнін-
дегі міндеттері дербес деректерді жинаған кезден бастап
туындайды және олар жойылған не иесіздендірілген кезге
дейін күшінде болады». Ал біздің Кодекске сәйкес білім зерт-
теушісінің зерттеуге қатысқан адамдардың құпиялылығын
сақтау міндеті ақпаратты келісім алу сәтінен, демек, зерт-
теу деректерін жинамастан бұрын туындайды және зерттеу
нәтижелері таратылғаннан кейін де күшін сақтайды.
30
Explorable. (n.d.). Privacy in Research. https://explorable.com/privacy-in-research
38
6.5.4.
Құпия ақпаратқа қолы жететін барлық адамдардың, олар-
дың ішінде ғылыми зерттеу тобының мүшелері мен ғылыми
жобаның серіктес ұйымдары осы ақпараттың қауіпсіздігіне
бірдей жауапкершілік көтеретінін білім зерттеушісі білуі ке-
рек. Осындай ақпаратқа қолжетімділікті шектеу үшін ғылыми
жетекші қолда бар материалдық жеткізгіштерде деректерді
сақтау мен қорғаудың заманауи жүйелерін енгізу үшін ба-
рынша әрекеттенуі қажет.
6.5.5.
Білім зерттеушісі зерттеу қатысушыларының жеке дерек-
терін, сондай-ақ зерттеу тобының басқа мүшелері неме-
се кез келген ұйым ұсынған деректерді пайдалану кезінде
құпиялылықты қамтамасыз ету қажеттігін есте ұстауы қажет.
Зерттеуге қатысқан адам өзі туралы жеке деректердің жоба
нәтижелері жайындағы жарияланымда міндетті түрде иесіз-
дендірілген түрде берілетініне шүбәсіз сенуі керек.
ҚР 2013 жылғы «Дербес деректер және оларды
қорғау туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасында
зерттеудің әлеуетті қатысушысының немесе оның заңды
өкілінің келісімінсіз жеке деректерді «жинау, өңдеудің» мүм-
кіндігі көзделген. Ол «адамның және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптары сақталған жағдай-
да .... ғылыми ... немесе өзге де шығармашылық қызметті жү-
зеге асыру» жағдайы ретінде тұжырымдалған. Бұл заңнама-
лық норманы біздің Кодексіміз тұрғысынан қарастыра келе,
аталмыш құқықтық мүмкіндікті зерттеуге қатысушылардың
құпиялылығын сақтай отырып қана пайдалануға болады деп
есептейміз.
6.5.6.
Білім зерттеушісі құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз
етудің заманауи және тиімді әдістері туралы хабарын кеңей-
туге тырысуы керек.
6.5.7.
Білім зерттеушісі құпия ақпаратты қорғауды реттейтін нор-
мативтік құқықтық актілер туралы білімін үнемі жетілдіріп
отыруы қажет.
39
6.5.8.
Білім зерттеушісі заңнамада адамның өмірі мен денсаулығы-
на қауіп төндіретін қылмыстар, құқыққа қарсы әрекеттер,
деректер мен жағдайлар туралы хабарлау міндеті көзделген
жағдайларды (құпиялықты шектеу жағдайларын) қоспаған-
да, ақпаратты келісім аясында зерттеуге қатысатын адамның
алдында құпиялылық жөнінде алған міндеттерін орындайды.
Құпиялылықты шектеу жағдайлары ҚР-дың қолданы-
стағы нормативтік құқықтық актілерінде анықталған. Мысалы,
Білім зерттеушісі келесі жағдайлардан хабардар болса, міндет-
ті түрде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға тиіс:
– жеке тұлға ретінде – ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес
«дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгілі кәме-
летке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы
ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны
анық белгілі терроризм актісі туралы» (ҚР ҚК, 2014, 434-бап);
– білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұй-
ымдарының қызметкері ретінде – аталған ұйымдарда қыл-
мыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әре-
кеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасауы
немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ
... осы ұйымдардан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланы-
сты өздеріне белгілі болған фактілер туралы (егер бұл іс-әре-
кеттерде ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабында көзделген,
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса)» (ҚР
ӘҚБК, 2014, 127-1-бап).
Бұл міндеттердің орындалмауы аталмыш актілерде көз-
делген қатаң жазаға алып келеді. Заңнамада осы сияқты
басқа жағдайлар көзделуі мүмкін. Яғни, білім зерттеушісінің
атқаратын қызметіне және/немесе лауазымына байланысты
құпиялылықты сақтаудың өзге заңнамалық шектеулері
болады.
6.5.9.
Білім зерттеушісі жеке деректердің құпиялылығын сақта-
мауға құқылы, егер:
a.
олар жалпыға қолжетімді дереккөзден алынған болса;
31
31
Интернет кеңістігінен алынған деректердің құпиялылығын қамтамасыз етудің ерекшелігі туралы
«6.7. Цифрлық зерттеу әдебі» параграфында оқыңыз.
40
b.
зерттеуге қатысқан адам өзі туралы ақпаратты жариялауға
алдын ала келісім берген болса;
c.
мәлімет қоғамдық орында немесе жария іс-шара барысында,
зерттеуге қатысушы құпиялылық кепілділігі мен ақпаратты
келісімді қажет етпеген жағдайда алынса.
32
6.5.10.
Білім зерттеушісі зертеу нәтижелері жалпыға қолжетімді
болғанға дейін зерттеу қатысушыларының жеке деректерін
иесіздендіруі керек.
33
6.5.11.
Зерттеуге қатысқан адамдардың дербес деректерін қандай
да бір себептермен жою мүмкін болмаған жағдайда мұндай
деректерді беруге немесе жариялауға қатысушының рұқсат
еткеніне көз жеткізу білім зерттеушісі үшін міндет. Егер рұқсат
алу мүмкін болмаса, білім зерттеушісі жеке деректерді қолда-
ну мүмкіндігінің қатаң шектелуін қамтамасыз етуі керек.
6.5.12.
Егер зерттеу деректерін дерекқорға енгізу жоспарланса,
және бұл қор жоба қатысушыларынан деректі алып пайда-
лануға келісім алмаған тұлғаларға қолжетімді болса, онда
білім зерттеушісі аталған қорға жеке деректердің енгізіл-
мейтініне немесе деректердің тиісінше шифрланатынына/
иесізденетініне көз жеткізуі керек.
6.5.13.
Білім зерттеушісі құпия деректерді материалдық жеткіз-
гіштерде сақтағанда, электронды байланыс арналары
(интернет, интранет, т.б.) арқылы жолдағанда олардың
цифрлық қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы есте
сақтауы тиіс.
6.5.14.
Зерттеуге қатысқан адамдардың жеке деректерімен жұмыс
барысында білім зерттеушісінде зерттелетін мәселеге қаты-
сы жоқ деректер кездесуі мүмкін. Мұндай деректер пайдала-
нылмайды, жария етілмейді және талқыланбайды.
6.5.16.
Егер деректерді қолдану барысында жеке деректер қажет
болса, білім зерттеушілері зерттеуге қатысқан адамдардың
құпиялылығын сақтау үшін деректерді тиісті шектеулермен
қолжетімді ететін шараларды қол алуға тырысады.
6.5.17.
Білім зерттеушілері мәлімет алмасу мүмкін болғанда, оны зерт-
теу жоспарының ажырамас бөлігі ретінде қарастыруы керек.
32
«6.3. Ақпаратты келісім» параграфында 6.3.10 тармағының түсіндірмесін оқыңыз.
33
Глоссарийдан «зерттеуге қатысушының жеке деректерін иесіздендіру (деидентификация)» ұғымы-
ның анықтамасын оқыңыз.
|