25
Зерттеу жүргізетін әрбір ұйымның мүдде қайшылығын
басқарудың ішкі саясаты мен тетіктері болуы шарт. Бұлар
ұйымның зерттеу қызметін жауапты басқару жөніндегі ішкі
ережелері мен жұмыс құралдарының
құрамдас бөлігі болуы
керек. Мұндай құжаттар ұйымішілік әдептік сараптама рәсімін
де қамтығаны жөн. «7.1. Зерттеу әдебінің сақталуына жағдай
туғызу» және «7.2. Әдептік сараптама» параграфтарын оқыңыз.
6.1.1.
Білім зерттеушісі іс жүзінде бар я орын алуы мүмкін мүдде қай-
шылығы туралы Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық коми-
тетке дереу хабарлайды. Комитет ұйымда бекітілген тәртіпке
сәйкес мүдде қайшылығы анықталған қызметте зерттеушінің
немесе өзге тұлғалардың қатысу-қатыспауы туралы шешім
қабылдайды.
6.1.2.
Білім зерттеушісі кез келген мүдде қайшылығын басқару мен
оның орын алу мүмкіндігін мейлінше азайту үшін
шаралар
қолдануы тиіс. Мұндай шаралар келесі және т.с.с. іс-әрекет-
терді қамтуы мүмкін:
a.
осындай қайшылық туралы Зерттеу әдебі жөніндегі институ-
циялық комитетті хабардар ету;
b.
іс жүзінде бар және/немесе ықтимал мүдде қайшылығы тура-
лы мәліметті ақпаратты
келісім мәтініне енгізу;
c.
мүдде қайшылығы анықталған функцияны өзге бір тәуелсіз
тұлғаға немесе басқа ұйымға сеніп тапсыру.
6.1.3.
Мүдде қайшылығын тудыруы мүмкін үшінші тараппен жеке,
іскерлік және қаржы қатынасы болса, онда білім зерттеушісі
ол жөніндегі мәліметтің есептік
құжаттарда тиісінше көрініс
табатынына көз жеткізуі керек.
6.1.4.
Өзгелердің академиялық еңбектерін (диссертация, мақала,
кітап, т.б.) немесе конкурстық зерттеу өтінімдерін бағалауға
рецензент я сарапшы ретінде шақырылған жағдайда да білім
зерттеушісі мүдде қайшылығын мәлімдеу міндетін орындайды.