36
қауқарсыз қатысушысынан сұралады. Осылайша, зерттеуге
қатысу жайындағы соңғы шешімді қабылдау құқығы тек қа-
тысушының өзіне тиесілі болады.
6.4.5.
Білім зерттеушісі зерттеуге қатысушылардың қауқарсыздық
сипатына (науқастық, тәуелділік, АИТВ
29
-инфекциясы, эко-
номиканың «сұр» секторындағы жұмыс, күйзеліс, т.б.) байла-
нысты олардың жеке деректерінің құпиялылығын сақтауға
әлдеқайда қатаң талаптарды және Зерттеу әдебі жөніндегі
институциялық комитеттің осы адамдармен жұмыс кепілде-
мелерін ескереді.
Экономиканың «сұр» (бейформалды) секторы де-
геніміз – заңмен рұқсат етіле тұра, ресми статистика есепке
алмайтын экономикалық қызмет (көбінесе шағын бизнес).
Бұл секторда негізінен кәдімгі тауарлар өндіріліп, қарапай-
ым қызмет түрлері көрсетіледі («ақ» экономикадағыдай),
десе де өндірушілер лицензия, салық және т.с.с. төлемдерді
өтегісі келмей, ресми есепті жүргізуден жалтарады (Латов,
2001, с. 11).
6.4.6.
Егер қатысушылардың қауқарсыздығы зерттеу кезінде
анықталса немесе қатысушы зерттеуге келісім бергеннен соң
қауқарсыз болып кетсе, білім зерттеушісі не істеу керектігі
жайында Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеті-
нен кеңес алуы керек. Бұл жағдайда қатысушы келісімінің
өзектілігін мезгіл-мезгіл тексеріп отыруы қажет болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: