Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


 Білім зерттеушісінің құндылықтары мен ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
5. Білім зерттеушісінің құндылықтары мен ұстанымдары
5.1. Білім зерттеушісінің құндылықтары
Кез келген іс-тәжірибені жетілдіруге, осылайша жалпы өмір сүру са-
пасын жақсартуға жағдай туғызатын бірден-бір құрал саналатын зерт-
теу қызметінің пайдасы зерттеушінің жеке басының ерекшелігіне, оның 
моральдық ұстанымдары мен кәсіби қасиеттеріне тікелей тәуелді. Әр-
бір зерттеуші өз жобасынан күтілетін қоғамдық пайданың қаншалықты 
жағымды көрінуіне қарамастан оны зерттеуге қатысатын адамдарға 
зиян тигізе отырып жүргізуге болмайтынын назарда ұстағаны абзал. 
Зерттеудің бірде-бір қатысушысы зардап шекпеуі керек!
17
«Зияның тимесін» деген әмбебап қағиданы орындау үшін зерттеуші жо-
баға тартылатын әлеуетті қатысушылардың 
автономдығын (дербестігін) 
сыйлайды. Ол дегеніміз – адамның зерттеуге қатысу не қатыспау туралы 
шешімді өздігінен қабылдай алу құқығын құрметтеу. Автономдық адам-
ның екі іргелі құқығымен етене байланысты: 
жеке өміріне қол сұқпау 
және дербес деректерін қорғау құқықтары. ЮНЕСКО-ның Ғылым және 
ғылыми білімді пайдалану туралы декларациясында бұл талаптар 
«ғылыми зерттеу жүргізу кезінде адам құқықтары мен қадір-қасиетін 
құрметтеу» деп тұжырымдалған (ЮНЕСКО, 1999, с. 19).
Ғылымның ғибраты жалаң ұран күйінде қалып қоймас үшін, оны 
қолданбалы ету керек. Сондықтан, біз деонтологияның, яғни парыз 
әдебінің идеяларын ұстана отырып, Кодексте әдеп ұстанымдары мен 
нормаларын білім зерттеушісінің зерттеушілік жобаның барлық кезең-
деріндегі іс-қимылы түрінде сипаттауға тырыстық.
5.2. Білім зерттеушісінің ұстанымдары
Төменде келтірілген ұстанымдар зерттеушілік жобаның барлық 
кезеңдерінде білім зерттеушісінің өзін әдепті ұстауының негізі болып 
17
Қазақстанда зерттеу қызметіне қатысты мұндай ұстаным денсаулық сақтау саласында ресми 
бекітілген. «Тиісті клиникалық практика» мемлекеттік стандартында «зерттеу субъектілерінің 
құқықтары, қауіпсіздігі және амандығы бірінші деңгейлі мәнге ие және ғылым мен қоғамның мүдде-
лерінен басым болуы тиіс» делінген (ҚР ДСӘДМ, 2015, 2-қосымша, 2.3 тармағы).


22
табылады. Мұндағы әдепті іс-әрекет зерттеуге қатысатын адамдар-
дың құқықтары мен ар-ожданын сыйлауға, олардың және жергілікті 
қауымдастықтың мүдделері мен қажеттіліктерін жан-жақты ескеруге, 
зерттеулерді мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуына ба-
рынша бағыттауға негізделген:
5.2.1. Құрмет
• 
Зерттеуге қатысатын адамның құқығын сыйлау;
• 
адамның не оның заңды өкілінің зерттеуге қатысу туралы 
шешімін саналы әрі ерікті қабылдауы үшін жағдай жасау, сон-
дай-ақ келісім берген зерттеуден кез келген уақытта ешқан-
дай салдарсыз бас тартуға болатынын бүкпей түсіндіру;
• 
адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бер-
меу, соның ішінде жеке өміріне, жеке және отбасылық құпи-
яларына қол сұқпау, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін 
қорғау.
5.2.2. Қамқорлық
• 
Зерттеушілік жобаның әдіснамасын әзірлеу, оны жүргізу, нәти-
желерін тарату мен қолдану барысында қатысқан адамдарға, 
зерттеушілерге және қоғамға осы жобадан зиян тию тәуекелін 
мейлінше азайту;
• 
зерттеу арқылы адамдар мен бүтін қоғамға пайда келтіруге 
ұмтылу;
• 
зерттеудің қауқарсыз қатысушыларына ерекше қамқорлық 
көрсету, олардың құқықтары, бостандықтары мен мүдде-
лерінің қорғалуына баса назар аудару;
• 
зерттеуге қатысатын адамдардың жеке басы, ұлты, мәдениеті, 
тілі, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, білім деңгейі және 
басқа да ерекшеліктеріне түсіністікпен, жылы жүзбен қарау.
5.2.3. Әділдік
• 
Зерттеуге қатысатын адамдарды іріктеген кезде жоба әдісна-
масын ғана басшылыққа алып бейтараптық таныту;
• 
зерттеуге қатысушылардың барлығына бірдей қарау, бірінің 
мүддесін екіншісінен жоғары қоймау;
• 
қоғамдағы теңсіздікті қысқартуға және әділеттің орнауына 
үлес қосу.


23
5.2.4. Ынсаптылық
• 
Зерттеу туралы қоғамды шынайы әрі батыл хабар ету, сыңар-
жақтылық пен пайдакүнемдіктен бойды аулақ ұстау;
• 
зерттеушілік жобаның мықты және осал тұстарын ашық 
мойындау;
• 
зерттеуге қатысқандардың және зерттеуде қолданылған де-
реккөздер авторларының еңбегін құрметтеу.
5.2.5. Есептілік
• 
Зерттеуде мүдде қайшылығын болдырмауға қажетті барлық 
шараларды қолдану;
• 
зерттеудің қаржыландыру көзін жария ету;
• 
зерттеуге қызығушылық танытқандардың барлығымен ол ту-
ралы ашық, мұқият сөйлесу, сындарлы ойталқы өткізу;
• 
зерттеу нәтижелерін кеңінен тарату.
5.2.6. Кәсіпқойлық
• 
Білім зерттеушісінің біліктілік деңгейіне сәйкес келетін зерт-
теулерге қатысуы;
• 
қажет болған жағдайда сарапшылардың кеңесіне жүгіну;
• 
өзінің кәсіби зерттеушілік құзыреттілігін үнемі жетілдіріп отыру.


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет