8
3. Глоссарий
Ақпаратты келісім – бұл зерттеуге қатысушы ретінде тартыла-
тын адамдарға тиісті құрмет көрсетуді және олардың зерттеуге ерікті
әрі саналы
қатысуын қамтамасыз ететін, әдеп тұрғысынан ең негізгі
үрдістің бірі. Бұл үрдістің мағынасы мынада: бірде-бір зерттеу оның қа-
тысушылары ол жөнінде толық ақпарат алмайынша, ал зерттеуші осы
адамдардан, қажет болса, олардың заңды өкілдерінен келісім алмай-
ынша жүргізілмейді.
Қазақстан заңнамасында бұл термин «ақпараттандырылған
келісім» немесе «хабарландырылған келісім»
деген атаулармен бел-
гілі
1
және негізінен медициналық зерттеулер саласына қатысты ата-
лады. Оның ресми анықтамасы: «зерттеу
субъектісінің немесе оның
заңды өкілінің шешімді қабылдау үшін маңызы бар барлық зерттеу
аспектілері туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысу
келісімін ерікті растау рәсімі» (ҚР ДСМ, 2019, 2-баптың 1-тармағы; ҚР
ДСӘДМ, 2015, 2-қосымша, 1.13 тармағы).
Достарыңызбен бөлісу: