Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
2. Ризашылық
Осы Кодекс Назарбаев Университеті Әлеуметтік даму қорының 
(ӘДҚ) демеушілігімен 2019 жылғы қазан және 2020 жылғы шілде ара-
лығындағы жобасы аясында дайындалды. Біз осы қордың президенті 
Аслан Сәрінжіповке көрсетілген көмек пен қолдауы үшін алғысымызды 
білдіреміз.
Жобаны KERA жетекшісі Аида Сағынтаева басқарды. Жобаның 
орындаушы-авторлары – KERA өкілдері Елдос Нұрланов (глоссарий, 
кіріспе, 5-бөлім, 6.1, 7.1, 7.3 параграфтары, құрылымы мен тұжырымда-
масы, нормаларды Қазақстан контексіне бейімдеу, қазақ тіліндегі ау-
дарма мен мәтін редакциясы), Айгүл Ракишева (6.2, 6.4 параграфтары, 
дереккөздерді APA тәртібімен ресімдеу), сондай-ақ Назарбаев Универ-
ситеті Жоғары білім беру мектебінің (НУ ЖБМ) ғылыми қызметкерлері 
Әділ Әшірбеков (6.5, 6.6 параграфтары, нормаларды түзу құралдары), 
Алима Ибрашева (6.3 параграфы, қосымша, Кодекс мәтінінің ғылыми 
редакциясы), Закир Джумакулов (7.2 параграфы), Ләйла Әбдіманапова 
(6.7 параграфы, қазақ тіліне аудару).
Авторлар ұжымы Кодексті дайындау барысына болысқан барлық 
кісілерге алғыс білдіреді. Жобаны ұйымдастыруға көмек көрсеткендері 
үшін ӘДҚ-ның Басқарушы директоры Анар Утешоваға, Назарбаев Қо-
рының білім беру жөніндегі бас сарапшысы Назипа Аюбаеваға, Әлеу-
меттік жобалар департаментінің директоры Дина Кененсариноваға 
және бас менеджер Мадина Каримоваға рақмет айтамыз.
Біз профессор Элейн Шарлин, қауымдастырылған профессор Дуй-
шонкул Шаматов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универси-
тетінің профессоры Ғалиябану Кертаева, Кембридж университетінің 
профессоры Дэвид Бриджеске және НУ ЖБМ қауымдастырылған про-
фессоры Алия Кужабековаға құнды ескертулері мен ұсыныстары үшін 
ризамыз.


8
3. Глоссарий
Ақпаратты келісім – бұл зерттеуге қатысушы ретінде тартыла-
тын адамдарға тиісті құрмет көрсетуді және олардың зерттеуге ерікті 
әрі саналы қатысуын қамтамасыз ететін, әдеп тұрғысынан ең негізгі 
үрдістің бірі. Бұл үрдістің мағынасы мынада: бірде-бір зерттеу оның қа-
тысушылары ол жөнінде толық ақпарат алмайынша, ал зерттеуші осы 
адамдардан, қажет болса, олардың заңды өкілдерінен келісім алмай-
ынша жүргізілмейді.
Қазақстан заңнамасында бұл термин «ақпараттандырылған 
келісім» немесе «хабарландырылған келісім» деген атаулармен бел-
гілі
1
және негізінен медициналық зерттеулер саласына қатысты ата-
лады. Оның ресми анықтамасы: «зерттеу субъектісінің немесе оның 
заңды өкілінің шешімді қабылдау үшін маңызы бар барлық зерттеу 
аспектілері туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысу 
келісімін ерікті растау рәсімі» (ҚР ДСМ, 2019, 2-баптың 1-тармағы; ҚР 
ДСӘДМ, 2015, 2-қосымша, 1.13 тармағы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет