Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


• Минимумынан төмен зерттеу тәуекелі



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

Минимумынан төмен зерттеу тәуекелі зерттеуге қатысушы-
ларға зиян тию ықтималдығы алаңдатпаған кезде пайда бола-
ды, яғни зерттеуге қатысудан адам сезуі мүмкін қолайсыздық 
мөлшері оның әдеттегі дәрігердің тексеруі, емтихан тапсыру 
сынды рәсімдерден аспайды деген сөз.
Зерттеудің оған қатысатын адамдарға пайдасы деп зерттеуге қа-
тысушылардың оған қатысқаны үшін алуы немесе қалауы мүмкін игілі-
гі. Мұндай пайда 
тура және жанама болып келеді. Зерттеулердің басым 
көпшілігінің пайдасы жанама, яғни оның игілігі бір кісіге емес, бүкіл 
қоғамға арналады. Ал оның әсері әдетте уақыт өте сезіледі. Тура пайда-
сы бар зерттеулер практикада аса сирек кездеседі. Мысал келтірер бол-
сақ, қайсыбір адам зерттеуге қатысқаны үшін оның ұйымдастырушыла-
рының, ғылыми қызметкерлерінің есебінен оқыту семинарынан өтуі, я 
болмаса, олардан азын-аулақ ақша алуы. Зерттеудің оған қатысатын 
адамдарға пайдасын ойластырған кезде зерттеуші өз жұмысына керек-
ті кісілерді тартуды көздейді. Алайда бұл ниет зерттеуге қатысушылар-
дың деректерді бұрмалап, әсірелеуіне әкелмеуге тиіс.
Зерттеудің қауқарсыз қатысушылары
6
деп өмірде болған 
жағдайы мен жеке басының ерекшелігіне орай өз құқықтары мен мүд-
делерін толыққанды қорғай алмайтын зерттеу қатысушыларының 
арнайы санатын айтамыз. Осы тұрғыдағы халықаралық және ұлттық 
тәжірибені (Назарбаев Университетінің институционалдық зерттеу 
әдебі жөніндегі комитетінің тәжірибесін) ескере отырып, зерттеудің 
қауқарсыз қатысушыларына келесі адамдар топтарын жатқызамыз:
• 
балалар (кәмелетке толмағандар); 
6
Заңнамада медициналық зерттеулерге қатысты қатысушылардың бұл санатын «осал» немесе 
«қауқарсыз» деп аударады (ҚР ДСМ, 2018, 1-қосымша, 6.3.3 тармақшасы; ҚР ДСӘДМ, 2015, 1.59 
тармағы). Біз екінші нұсқасын ұтымдырақ деп санаймыз.


12
• 
аяғы ауыр әйелдер;
• 
белгілі бір күрделі кезеңді (босанғанға дейінгі, кейінгі мерзімді, 
т.б.) басынан өткеріп отырған әйелдер;
• 
сауаты жеткіліксіз (шектеулі) тұлғалар;
• 
тұрмысы төмен азаматтар;
• 
студенттер (оқытушымен қарым-қатынаста);
• 
қызметкерлер (жұмыс берушісімен қарым-қатынаста);
• 
пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 
адамдар;
• 
ақыл-ой және тән саулығында ауытқулары бар адамдар;
• 
тәуелділігі бар адамдар (ішімдікке, есірткіге, ойынға, т.б.).
Ұсынылған тізімді толық деп қабылдамаған дұрыс, өйткені прак-
тикада зерттеуге қатысатын өзге де адамдар басқаларына қарағанда 
көбірек қамқорлыққа мұқтаж болуы мүмкін. Мысалы, тілі мен мәде-
ниетінің ерекшеліктеріне орай репатрианттар немесе мигранттар; 
бұрын құқық бұзушылығы үшін жазаға тартылған, алайда ол жөнінде 
өзгелердің білуін қаламайтын кісілер зерттеу барысында қосымша 
қорғау шараларын қажет етеді. Зерттеудің әлеуетті қатысушыларын 
қауқарсыз топтарға жатқызу туралы қорытынды шешімді Зерттеу 
әдебі жөніндегі институциялық комитет қабылдайды. Зерттеудің 
қауқарсыз қатысушылары «халықтың әлеуметтік жағынан осал топ-
тары» құқықтық терминіне ұқсас келеді. Дегенмен оларды бір-бірінен 
ажыратқан дұрыс. Себебі, соңғы термин өмірлік жағдайларына байла-
нысты баспанасынан, асыраушысынан немесе еңбек ету қабілетінен 
айырылған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету үшін қолданылады. 
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар-
дың едәуір толық тізбесі ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында 
берілген (ҚРЗ, 1997, 68-бап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет