Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Зерттеуге қатысушының жеке деректерін иесіздендіру (деиден-



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

Зерттеуге қатысушының жеке деректерін иесіздендіру (деиден-
тификация) – бұл зерттеуге қатысқан адамның жеке басын айқындауды 
болдырмау үшін осы адам мен оның деректері арасындағы байланысты 
жою процесі. Ол мәліметті өшіру, кодтау, бүркеншік ат тағайындау 
және т.с.с. тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Берілген анықтама ҚР 
заңнамасындағы «дербес деректерді иесіздендіру» деп аталған ұғымға 
сәйкес келеді: деректердің субъектіге тиесiлiгiн анықтау мүмкіндігін 
болдырмайтын іс-әрекеттер (ҚРЗ, 2013, 1-баптың 7) тармақшасы).
Зерттеуге қатысушының заңды өкілі – кәмелетке толмаған не-
месе өзінің дене бітімі не психикалық жағдайы бойынша өз құқықта-
рын өздігінен жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылған, жеке тұлғаның 
атынан оның құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамаға негізін-
де қорғайтын кісі. Бұл анықтама ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық 
туралы» Кодексінде бекітілген «жеке тұлғаның заңды өкілі» деген 
құқықтық ұғымның сипаттамасына сәйкес келеді. Бұл кодекске сәй-
кес жеке тұлғаның заңды өкілдеріне «ата-анасы, асырап алушылары, 
қорғаншылары, қамқоршылары» жатады (ӘҚБК, 2014, 746-баптың 1-ші 
және 2-тармақтары).
Зерттеуден зиян тию тәуекелі дегеніміз – зерттеуге қатысу сал-
дарынан адамның денсаулығы, ақыл-ойы, мүлкі, беделіне және басқа 
да жағынан зиян келу ықтималдығы. Зиян тек зерттеу қатысушысына 
ғана емес, зерттеушінің өзіне де тиюі мүмкін. Мысалы, егер зерттеуге 
қатысушылар шалғай, жетуге қиын елді-мекенде тұратын болса, ол 
жерлерге сауалнамаларды жеткізу немесе адамдардың тұрғылықты 
жерлерінде сұхбат жүргізу білім зерттеушісіне белгілі бір қауіп-қатер 
туғызады.


11
Зерттеуден зиян тию тәуекелі (1) минимумынан жоғары және (2) ми-
нимумынан төмен болып бөлінеді:
• Минимумынан жоғары зерттеу тәуекелі зерттеуге қатысушы-
лардың қолайсыз жағдайға тап болу мүмкіндігі мен сипаты 
алаңдаушылық туғызған кезде пайда болады, әсіресе зерттеу-
дің әлеуетті қатысушылары қауқарсыз деп танылғанда;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет