Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

«дербес деректер 
субъектісі» атты ұғымға сәйкес келеді (дербес деректер тиесілі жеке 
тұлға). Ал білім зерттеушісі осы Заң тілінде 
«үшiншi тұлға» ұғымына 
келіп саяды (субъект, меншік иесі және/немесе оператор болып табыл-
майтын, бірақ дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау бойынша 
олармен/онымен мән-жайлар немесе құқық қатынастары арқылы бай-
ланысты болатын тұлға) (ҚРЗ, 2013, 1-баптың 16, 17) тармақшалары). 
Аталмыш Заң бойынша «қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге 
қол жеткізе алатын ... үшінші тұлғалар субъектінің немесе оның заңды 
өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды тара-
туға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын 
қамтамасыз етеді» (ҚРЗ, 2013, 11-баптың 1-тармағы).
Құпиялылық дегеніміз – білім зерттеушісінің зерттеуге қатысқан 
адамдар туралы жеке деректерін әуелде келісілген уағдаластықтан бөгде 
мақсатта қолданбау міндеттемесі. Бұл анықтаманың ҚР «Дербес де-
ректер және оларды қорғау туралы» Заңындағы құқықтық негіздемесі 
былай тұжырымдалған: «дербес деректерді пайдалануды меншік иесі, 
оператор және үшінші тұлға оларды жинаудан бұрын мәлімделген мақ-
саттары үшін ғана жүзеге асыруға тиіс» (ҚРЗ, 2013, 14-бап).
Мүдде қайшылығы – бұл зерттеушінің өз міндеттерін тәуелсіз әрі 
әділ орындауына материалдық я бейматериалдық себептердің кедергі 
келтіру жағдайы немесе мұндай кедергіні келтіру қаупі.
Мүдде қайшылығы жеке және институциялық болып екіге бөлінеді:
• жеке мүдде қайшылығы деп зерттеу әдіснамасын әзірлеуге
оны жүргізу барысы мен қорытынды есебін шығаруға ықпал 
ететін я ықпал етуі мүмкін зерттеушінің жеке басының матери-
алдық және/немесе бейматериалдық мүддесін айтады;
• институциялық мүдде қайшылығы деп қайсыбір ұйымның қа-
рамағында жүргізілетін зерттеудің әділдігіне осы ұйымның не-
месе оның лауазым иесінің қаржы не өзге мүдделері ықпал ету 
9
Ақпаратты келісім туралы толығырақ 6.3 параграфынан қараңыз.


15
мүмкіндігінің пайда болуын айтамыз.
Цифрлық зерттеу деп Интернет және онымен байланысты техно-
логияларды қолдана отырып, адамдардан тікелей немесе олар туралы 
деректерді қашықтан алуды көздейтін кез келген зерттеуді айтамыз. 
Мысалы, интернет-сұхбат, онлайн-сауалнама, деректерді мұрағаттау 
немесе автоматты жинау құралдарын пайдалану. Мұндай зерттеулерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет