16
4. Кіріспе
Нағыз ғалым әрбір айтылған сөзге сын
көзімен қарап, өзіне қарауыл қойып оты-
рады. Өйткені ғылым тазалықты, шын-
дықты, жүйелі ашық ойды жақсы көреді.
Әлкей Марғұлан
11
4.1. Кодекс мақсаты
Осы Кодекс адамдар қатысындағы зерттеудің барлық кезеңдерін
(жоспарлау, қатысушыларды тартып іріктеу, дерек жинау және есеп
беруді) халықаралық деңгейде мойындалған және Қазақстан заңна-
масына қайшы келмейтін әдеп қағидалары, нормалары мен рәсім-
деріне сай өткізуге бағытталған. Кодексте еліміздегі зерттеу практи-
касының ерекшелігі мен нормативтік құқықтық актілердің талаптары
ескерілген.
Кодекс мақсатына жету үшін оның қағидаларында
зерттеуге арала-
сатын негізгі 3 тараптың міндеттері тұжырымдалған, олар: білім зерт-
теушілері, зерттеу жүргізетін ұйымдар және зерттеу әдебі жөніндегі
институциялық комитеттер.
12
Достарыңызбен бөлісу: