2.2 Интерактивті проектор Интерактивті проектор – білім беру процесінде қолдануға арналған, проекциялық құрылғы мен интерактивті тақта қызметін бір өзі атқаратын технология.
Бүгінгі таңда оқыту процесінде пайдаланылатын ең тиімді, баламасы жоқ ақпараттық технология болып саналады.
Интерактивті проектордың мынадай тиімді жақтары бар:
интерактивті тақта ретінде кез келген қарапайым проекциялық экранды немесе дәрісхана қабырғасын пайдалануға болады;
интерактивті басқарылатын кескіннің өлшемін пайдаланушының өзі анықтай алады;
2 метр қашықтықтан диагоналы 2,54 метр болатын кескін алуға мүмкіндік береді;
телескопиялық нұсқағыш немесе интерактивті қашықтан басқару қаламсабы арқылы кескінге әртүрлі өзгерістер енгізуге, кескіннің қандай да бір бөліктерін оқшаулауға, ерекшелеуге болады;
интерактивті проектордағы бағдарламалық жабдық пен интерактивті тақта қызметіне қолданылатын бағдарламалық жабдық орыс тіліне аударылған;
пайдаланылған мәліметтерді, оған жасалған өзгертулерді файлға сақтау мүмкіндігі қарастырылған;
экрандық (виртуалды) пернетақта қызметі қамтылған;
Интерактивті проектор құрамына мынадай құрылғылар мен жабдықтар кіреді: қысқафокусты сұйықкристалды проекциялық құрылғы, телескопиялық нұсқағыш, интерактивті қашықтан басқару қаламсабы, қашықтан басқару пульті, бағдарламалық жабдық.
Бақылау сұрақтары:
Интерактивті проектордың жұмысы қандай технологияға негізделген?
Интерактивті проектор құрамына қандай құрылғылар кіреді?
Интерактивті проектордың әдістемелік тиімділігін атап көрсетіңіз.