Бақылау сұрақтары: 1. Сіз қандай жаңа ұғымдармен таныстыңыз?
2. Білім беруді басқару жүйесін қалай түсінесіз?
3. Дәріс бойынша өз біліміңізге сүйеніңіз,білім беруді басқарудың иерархиалық құрылымын атаңыз.
4. Оқу және тәрбие процесін басқаруды талдаңыз?
5. Сіз қандай да басқару теорияларымен таныстыңыз ба?
Ұсынылатын әдебиеттер: Латыпова М. Школьный менеджмент: модное слово или путь к совершенству? // Народное образование. - 2000. №9-С.76-83.
Мескон М., Хедоури Ф., Альберт М. Основы менеджмента. М.: Дело, 1998.-300 с.
Терентьев В. Ценности менеджмента. // Директор школы.- 2001.- №6- С.3-10.
Котлер, Филип Маркетинг, менеджмент: анализ, планирование, внедрение, контроль. 2-е изд. - Питер, 1999.- 869 с.
Друкер П.Ф. На рубежах менеджмента, где сегодня рождается завтрашнее решение. - Лондон, 1987.-150 с.
Лэнд П.Э. Менеджмент-искусство управлять. - М., 1995. – 143 с.
7- дәріс Мектептің тәжірибелік іс-әрекетіне менеджметті ендірудің тиімділігі. Мақсаты: болашақ мамандарды менеджер ретіндегі іс-әрекеттерге бейімдеу
Жоспары:
1. Менеджерлердің кәсіби даярлауының мазмұны 2. Басқару түрлері мен стильдері
1. Менеджерлердің кәсіби даярлауының мазмұны Менеджерлердің кәсіби даярлауының мазмұны мен әдісі оқытудың дәстүрлі және белсенді формаларымен ұсынылады:басқару стлиьдері, іскерлік қарым-қатынас, өзін-өзі ұйымдастыру, шешім қабылдау және т.б.
Менеджерлерді даярлау дәріс беру арқылы, практикалық және өзіндік сабақтар жүргізу арқылы жүзеге асады. Менеджментті дәстүрлі түрде оқыту –сенситивтік әлеуметтік–психологиялық тренингке бағытталған. Бұл тренингтің мақсаты– ұйымдардағы адамдар іс–әрекетінің мәселелерін және оны шешудің тиімді жолдрын қарастыру; ұйымдасқан іс–әрекет аясындағы негізгі концепцияларды, шағын топтардың құрылымын, жұмыскерлерді ынталандыруды, кикілжіңдерді шешу жолдарын, басұару стильдерін және т.б. зерттеу.
Дәстүрлі емес әдістер (әлеуметтік–психологиялық тренинг, іскерлік және рөлдік ойындар,
мәселелерді шешу, т.б.) менджерлердің кәсіби іс–әрекетінің әр түрлі жақтарын модельдеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының мектептеріне менеджментті басқарудың моделі ретінде кіріктіру экспериментіміз тоталитарлық кезеңдегі қалыптасқан басқару әдістерінің орнына жаңа прогрессивті және нәтижелі әдістердің келгенін көрсетті: