Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған


Курс бағдарламасының өзектілігі



бет2/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Курс бағдарламасының өзектілігі: Бұл бағдарлама оқушылардың ауызша-жазбаша тілін дамытуға көмек көрсетеді. Сонымен қатар болашақтағы мамандығына сәйкес алдарына қойған мақсаттарына, үлкен жетістіктер мен табыстарға жетуі үшін ауызша-жазбаша тілдерін дамытулары керек. Бұл бағдарлама - оқушылардың ойларын көркем жеткізе білулеріне, сауатты жазуларына, қазақ тілін тереңдете үйренулеріне көмекші құрал.
Курстың мақсаты - қазақ тілін жүйелі меңгерген, мазмұнды, мәнерлі сөйлеу дағдылары жетілген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы, ақпараттық,тілдік қарым-қатынасы дамыған тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу. 
Курстың міндеттері
- Теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды пайдалану; 
- Мазмұнды,дұрыс, мәнерлі, таза, әсерлі, дәл, ауызша, жазбаша тілін жетілдіру;
- Түрлі стиль мен жанрда (пікір, аннотация, реферат, баяндама) тілдік норманы сақтап мәтін құрастыру;
- Монолог пен диалогта, тілдік қарым-қатынаста ойларын емін-еркін, көркем жеткізу;
- Кітап, газет-журналдан (қағаз, электронды түрде), ғаламтордағы қалыптан тыс көп материалдан өзіне керегін алу;
- Сөйлеу тілін бақылап, бағалап, тілдің дұрыстығын, қатесін тауып түзетіп, кемшілігін жойып, тілдерін жетілдіру;
- Оқушыларды ғылыми тұрғыдан жұмыстануға дағдыландыру;
- Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістігін аңғарту.
Күтілетін нәтиже:.
- Теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды пайдалана алады; 
- Мазмұнды,дұрыс, мәнерлі, таза, әсерлі, дәл, ауызша, жазбаша тілдері жетіледі;
- Түрлі стиль мен жанрда (пікір, аннотация, реферат, баяндама) тілдік норманы сақтап мәтін құрастыра алады;
- Монолог пен диалогта, тілдік қарым-қатынаста ойларын емін-еркін, көркем жеткізеді;
- Кітап, газет-журналдан (қағаз, электронды түрде), ғаламтордағы қалыптан тыс көп материалдан өзіне керегін алады;
- Сөйлеу тілін бақылап, бағалап, тілдің дұрыстығын, қатесін тауып түзетіп, кемшілігін жойып, тілдерін жетілдіреді;
- Оқушылар ғылыми тұрғыдан жұмыстануға дағдыланады;
- Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістігін түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет