Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған


Тақырыбы 34 Қайталау Мақсаты



бет76/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 34

Қайталау

Мақсаты:

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі материалдарын жүйелеу, қорытынды шығару; Көркем сөйлеулерін, сауатты жазуларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі материалдарын жүйелеп, қорытынды шығарады; Көркем сөйлеп, сауатты жазуларын жетілдіреді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сөздік,жаттығу,сұрақ -жауап,көрнекілік,талдау.

Қолданылатын ресурстар




Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Он сұрақ ойыны. Өткен тақырыптарға қатысты әр топ бір-бірлеріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Сұрақтар қояды. Жауап береді.

Білу



1-тапсырма. «Қазақ тілі» туралы мәтін тыңдап, тест тапсырмасын орындайды.
Ойды аяқтаңдар.
Дұрыс сөйлеу дегеніміз ...
Дәл сөйлеу дегеніміз ...
Логикалық байланыспен сөйлеу дегеніміз ....
Анық сөйлеу дегеніміз ...
Қарапайым тілмен сөйлеу дегеніміз ...
Мәнерлі сөйлеу дегеніміз ...

Тыңдайды. Тест тапсырмасын орындайды.
Ойды аяқтайды.

Түсіну

2-тапсырма. «Қазақ тілі» мәтініне ашық және және жабық сұрақтар дайындау. Өзара сөйлесу.
3-тапсырма. Төмендегі әдеби тілге жалпайтын сөздердің астын сызып, сөйлем құрастырыңдар.
Қайың, бейқұт, асық, жасық, жала, бышырлату, кәрлен кесе, қазы, әдемі, саң, мұра, шақалақ, шақат ,ада қылу.
Оқушылар тапсырманы орындайды, топ ішінде талқылайды.

Ашық, жабық сұрақтар дайындайды.
Жазады. Сөйлем құрастырады.

Талқылайды.



Қолдану

4-тапсырма. Есеп беру жазу.
Мен ана тілінде көркем сөйлеуге қалай машықтанып жүрмін? деген тақырыпта есеп беру жазыңдар.
5-тапсырма. Мәтін құрастыру.
Әр айтылған сөз – ол мәтін. «Мәтінді жетілдіру керек пе?» деген тақырыпта мәтін құрастырады.

Жазады.
Мәтін құрастырады.

Талдау

6-тапсырма. «Мәтінді жетілдіру керек пе?» деген тақырыпта құрастырған мәтінді оқиды, талдайды.
Мәтінге анықтама береді. Ерекшелігін айтады. Мәтінді жетілдіру үшін өз ұсыныстарын айтады. Мысал келтіріп дәлелдейді.
7-тапсырма. Тіл туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.

Оқиды. Талдайды.
Мақал-мәтелдер айтады.

Жинақтау

«Қазақ тілі - Отанымның тілі» атты тақырыпта эссе жазу.

Эссе жазады.

Бағалау

Мен өз ойымда жетілдіріп, шешен сөздерді пайдаланып, ойымды көркем жазуға үйренуім керек, себебі ...

Пікірлерін, шешендік сөздерді пайдалану себебін айтады.

Рефлексия

Мен.... таныстым..; .....маған оңай болған жоқ. Ерекше ұнағаны..; .....рахмет айтамын. Мен болашақта..; ..жазып көремін.
Келер күнге тілегім....

Тақырыптан қиын болған жерін айтып жазады, плакатқа жапсырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Қазіргі қазақ тілі». Ғ. Қалиев, Н. Оралбаева, Б.Қасымов, Б.Шалабаев,

О. Төлегенов, Алматы «Ана тілі». 1997ж.

  1. «Практикалық қазақ тілі». Н. Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабаев,

Алматы «Ана тілі». 1993ж.

  1. «Тіл мәдениеті». Г.Сүлейменова. Астана «Фолиант» баспасы. 2007 ж.

  2. «Қазақ тілі». С.Исаев, Г. Қасымова, Алматы «Атамұра». 2003ж.

  3. «Қазақ тілі» С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г. Қасымова, Алматы «Мектеп». 2000ж.

  4. Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары – 2018-2020жж.;

  5. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. М. Айтбекова. №3, 2005 ж.

  6. «Нәтижеге бағдарланған білім беру мазмұнын дамытудың тұжырымдамалық негізі».

.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет