Оқушылар нені үйрену керек:
— тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;
— грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
— сауатты талдау қолданып, бірігіп жұмыс істеу.
10-сыныпқа арналған таңдау таңдау курсы бағдарламасының мазмұны
«Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі» атты таңдау курсының мазмұны оқушыға қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын түсінікті жеткізуге үйрету, тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау мақсатын көздеді. Мазмұны негізгі ІX бөлімге жіктелді.
1. Стиль түрлері (4 сағат). Кіріспе. Стиль түрлері, заманауи қазақ тілі мен әдебиеті. Ауызекі сөйлеу стилі. Ауызекі сөйлеу стилінің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері және қолданылуы. Талдау. Ауызекі сөйлеу мәдениеті.
2. Көркем әдебиет стилі(4 сағат). Көркем әдебиет стилінің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері және қолданылуы. Талдау. Әдеби тіл және оның нормалары. Бейнелеу өнерінің көркем әдебиет мәтіндеріндегі қолданылуы. Практикалық жұмыс (Ауызекі сөйлеу және көркем әдебиеті стилі тақырыптарына).
3. Ресми іс қағаздары стилі (5 сағат). Ресми іс қағаздары стилінің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері және қолданылуы. Талдау. Публицистикалық стиль. Публицистикалық стилдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері және қолданылуы. Талдау. Жиналыста сөйлеу. Практикалық жұмыс (ресми іс қағаздары және публицистикалық стилі тақырыптарына).
4. Ғылыми стиль(4 сағат). Ғылыми стилдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері және қолданылуы. Талдау. Ғылыми стилінің негізгі жанрлары: баяндама, мақала, хабарлама, аннотация, рецензия, реферат, тезис, конспекті, әңгімелесу, дискуссия. Практикалық жұмыс (ғылыми стилі тақырыбына).
5. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі (5сағат). Мәтін және сөз мағынасын білу. Мәтіндегі кейіпкерлер сөзі мен әр сөздің мағынасына мән беру, үлгі бойынша жазбаша пікір білдіру. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі ерекшелігі: (дауыс ырғағы, интонация), тыңдау, көру. Ауызша сөйлеу тілі (монолог және диалог) Сөйлеу мәдениетін техникалық коммуникациялық құралдарда қолдану (телефон, компьютер, телефакс, электронды пошта және т.б.). Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу шарттары. Сөз қолданудың негізгі принциптері Сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |