арасындағы
қашықтықтың
кері
квадратына
байланысты
екенін
көрсетеді.
Дененің салмағы деп дене Жерге тартылуы салдарынан тірекке немесе аспаға әсер
ететін күшті айтады.
Радиусы Жер радиусымен шамалас дөңгелек орбита бойымен айнала қозғалу үшін дене
белгілі бір 𝝊
1
жылдамдыққа ие болуға тиіс. Ньютонның екінші заңы бойынша
𝝊
1
=
√𝑔𝑅 =8*10
3
м/с
Демек,
бірінші ғарыштық жылдамдық деп, радиусы Жер радиусымен шамалас
дөңгелек орбита бойымен Жерді айнала қозғалу үшін қажет жылдамдықты айтады.
Екінші ғарыштық жылдамдық деп, Жердің тарту күші әсерінен шығып кету үшін
𝝊
1
=
√2𝑔𝑅=11*10
3
м/с
Күштердің әсерінен дене деформацияланады, яғни оның өлшемі мен формасы өзгереді.
Егер күштердің әсері тоқталғаннан кейін дене алғашқы өлшемі мен формасына қайтып
келетін
болса,
онда
деформация
серпімді
деформация
деп
аталады.
Дененің серпімді деформациялануынан пайда болатын күшті серпімділік күші деп
атайды. Тіреу немесе аспа тарапынан денеге әсер ететін серпімділік күшін көбінесе
тіреудің
реакция күші (N) немесе аспаның керілуі (Т) деп атайды. Серпімділік күші өзара
әсерлесетін денелердің жанасу бетіне перпендикуляр бағытталады.
Дененің бастапқы жылдамдығы нөлге тең немесе денеге түсірілген айнымалы
серпімділік күшіне параллель бағытталғанда, дене тербелмелі қозғалыста болады,ал
серпімділік күші дене қозғалысының бастапқы жылдамдығына перпендикуляр
бағытталса, ол күш денеге центрге тартқыш үдеу береді де, денені шеңбер бойымен
қозғалуға мәжбүр етеді. Сөйтіп, серпімділік күшінің әсерінен дене түзусызықты, қисық
сызықты және тербелмелі қозғалыс жасайды.
Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында пайда болатын
үйкелісті
құрғақ үйкеліс деп атайды, ол тыныштық және сырғанау үйкелістеріне
бөлінеді.
Кедергі күші дене газ немесе сұйықта қозғалған кезде пайда болады, ол дененің ортаға
қатысты жылдамдығына пропорционал, ал бағыты қозғалыс бағытына қарама-қарсы:
F
k
=
𝛽𝝑, мұндағы 𝛽-кедергі коэффициенті, ол дененің өлшемі мен формасына, оның бетінің
күйіне және ортаның қасиетіне байланысты.
Динамиканың негізгі теңдеуі берілген санақ жүйесінде дененің күштер әсерінен жасайтын
механикалық
қозғалысын
сипаттайды.
10
Достарыңызбен бөлісу: