Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру


 Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата30.03.2017
өлшемі6,03 Mb.
#10592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
  
42.  Білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  үш  аспект  бойынша 
бағаланады: 
1) тұлғалық нəтижелер; 
2) жүйелік-əрекеттік нəтижелер; 
3) пəндік нəтижелер. 
43. Тұлғалық нəтижелер: 
1)  Қазақстан  Республикасы  Конституциясына,  тəртіп  сақтау  ережелері 
мен заңдарына құрмет көрсетуінен; 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

19 
 
2)  белсенді  азаматтық  ұстанымын,  жоғары  патриоттық  сезімін  көрсете 
білуінен,  өз  Отанына  қызмет  етуге  жəне  оның  мүддесін  қорғауға  дайын 
болуынан; 
3)  мемлекеттік  тілді  жəне  өз  ана  тілін  білуінен,  қазақ  халқының  жəне 
Қазақстан  аумағында  өмір  сүріп  жатқан  басқа  да  ұлыстардың  тарихына, 
мəдениетіне,  салт-дəстүріне  жəне  басқа  құндылықтарына  құрметпен 
қарауынан; 
4)  өз  елінің,  туған  өлкесінің  табиғатын  сақтауға  жəне  көркейтуге 
ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуынан; 
5) салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы 
адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуінен; 
6)  адамдармен  қарым-қатынаста  жоғары  мəдениеттілік  танытуынан, 
этикалық нормаларды сақтай білуінен; 
7) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға жəне жасампаз еңбекке 
ынта-ықыласы мен қабілеттілігінен; 
8)  үлкендерге  құрметпен,  кішілерге  қамқорлықпен  қарап,  айналасына 
мейірімді, кішіпейілді бола білуінен; 
9)  əлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  дұрыс  бағалай  алуынан,  қоғамға 
жат  құбылыстарға,  идеологиялық,  діни  ағымдарға  жəне  заңды  бұзушылық 
əрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табады. 
44.  Тұлғалық  нəтижелер  білім  алушының  тəрбиелілігі,  əлеуметтенуі, 
рухани-адамгершілік, 
шығармашылық 
жəне  дене 
дамуы 
деңгейінің 
психологиялық-педагогикалық  мониторингісі  түрінде  бағаланып,  оның 
портфолиосына жинақталады. 
45. Жүйелік-əрекеттік нəтижелер: 
1)  адамзат  қоғамының  өркендеуі  үшін  ғылыми  жетістіктерді  пайдалану 
аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімін меңгеруінен; 
2) ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай жəне қолдана білуінен; 
3) таным, жобалау, құрастыру, зерттеу жəне шығармашылықпен қолдану 
əдістерін меңгеруінен; 
4) 
заманауи 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
меңгеруінен; 
5)  жоғары  деңгейдегі  коммуникативтік  қабілеттілігі  мен  көптілді 
мəдениеттілігінен көрініс табады. 
46.  Жүйелік-əрекеттік  нəтижелер  білім  алушының  пəндік  олимпиадалар, 
таңдау  курстары,  шығармашылық  оқу  жобалары,  сондай-ақ  зерттеу 
жұмыстарының  басқа  да  түрлері  бойынша  қол  жеткізген  жетістіктерімен 
анықталады, оның портфолиосына жинақталады. 
47.  Пəндік  нəтижелер  білім  алушылардың  білімнің  базалық  мазмұнын 
меңгеруі барысында білімдік жəне іс-əрекеттік дайындығынан көрінеді. 
48.  Пəндік  нəтижелер  1-4  сыныптарда  базалық  деңгейде,  кейінгі 
сыныптарда  үш  деңгейде:  базалық  (міндетті)  деңгейде,  жетік  мүмкіндік 
деңгейінде  (5-11  сыныптарда  -  белгілі  бір  пəнді  таңдау  кезінде  1  сағат 
көлемінде  вариативтік  компонентті  игеру  үшін)  жəне  жетік  бейіналды 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

20 
 
деңгейде 8-9 сыныптарда/жетік бейіндік деңгейде 10-11 сыныптарда (жалпы 
орта  білім  беретін  ұйымдардың  таңдауы  бойынша  пəндерді  тереңдетіп 
оқытуға  арналған  үлгілік  оқу  жоспарларының  нұсқаларын  игеру  үшін) 
белгіленеді. 
49.  Білім  алушылардың  оқу  пəндерін  игеруінің  базалық  деңгейі  білімнің 
міндетті  төменгі  шекті  көлемі  мен  олардың  шеберлігі  мен  дағдыларын 
қамтиды. 
50.  Оқу  пəндерін  меңгертудің  жетік  (жетік  мүмкіндік  жəне  жетік 
бейіналды/жетік  бейіндік)  деңгейлері  білім  алушылардың  білімінің 
кеңейтілген жəне тереңдетілген көлемін, олардың шеберлігі мен дағдыларын 
қамтиды.  Оқу  пəндерін  меңгертудің  мүмкін  деңгейі  5-11  сыныптар  үшін 
вариативтік  оқу  бағдарламасы  негізінде  жалпы  білім  беретін  ұйымдардың 
таңдауы  бойынша  жүзеге  асырылады.  Оқу  пəндерін  меңгертудің  жетік 
бейіналды  (8-9  сыныптар)  жəне  бейіндік  (10-11  сыныптар)  деңгейлері 
тереңдетіп  оқытуға  арналған  үлгілік  оқу  бағдарламалары  негізінде  жүзеге 
асырылады. 
51. Орта білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың базалық 
(міндетті)  деңгейді  меңгеруін  жəне  оқу  жүктемесінің  көлемін  білім 
саласындағы уəкілетті орган бақылайды. 
52.  Жалпы  орта  білім  беретін  ұйым  ұсынатын  білім  мазмұнын 
(тереңдетілген,  кеңейтілген)  меңгеруін  жергілікті  білім  беру  органдары 
бақылайды. 
53.  Орта  білім  мазмұнын  меңгерудің  пəндік  нəтижелері  бес  балдық 
бағалау жүйесімен бағаланады. 
54.  Бақылау  нысандары  ауызша,  жазбаша  жəне  шығармашылық 
емтихандар,  тест  тапсырмаларының  ашық  жəне  жабық  нысандары,  бақылау 
жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап, əңгімелесу түрінде болуы мүмкін. 
  
5. Білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын 
талаптар 
  
55. Жалпы орта білім беретін ұйымдарды қаржылық қамтамасыз ету: 
1) жалпыға қолжетімді кепілді ақысыз орта білім беру үшін; 
2) жалпы орта білім беретін ұйымдарда қажетті материалдық-техникалық 
база құру үшін; 
3)  білім  алушылардың  өмірінің  қауіпсіздігі  мен  денсаулығын  сақтауды 
қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жеткілікті болуы тиіс. 
56.  Білім  алушылардың  денсаулығын  нығайту  жəне  олардың  қозғалыс 
белсенділігін  жетілдіру  мақсатында  сыныптан  тыс  жұмыс  нысанындағы 
спорт  секцияларының  сабақтарын  ұйымдастыруды  жергілікті  атқарушы 
органдар қамтамасыз етеді. 
57.  Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарында  қызмет  ететін  қызметкерлерге 
еңбекақы  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  52-бабында 
белгіленген тəртіп бойынша төленеді. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

21 
 
58. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беретін 
ұйымда  оқи  алмайтын  оқушылар  үшін  үйінде  немесе  емделу  орындарында 
ақысыз жеке оқыту қамтамасыз етіледі. 
59.  Даму  мүмкіндігі  шектеулі  білім  алушылардың  білім  алуы,  даму 
бұзушылықтарының  түзетілуі  жəне  əлеуметтік  бейімделуі  үшін  жағдай 
жасалады. 
60. Жалпы орта білім беретін ұйымдар санитарлық-гигиеналық ережелер 
мен  нормаларға  сай  келетін  материалдық-техникалық  базамен  қамтамасыз 
етілуі тиіс. 
61.  Жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдардың  материалдық-техникалық 
базасына: 
1)  сабақ  өткізуге,  сыныптан  тыс  іс-шараларға,  демалуға,  тамақтануға, 
медициналық қызмет көрсетуге, спортпен шұғылдануға, мəдени-көпшілік іс-
шаралар  ұйымдастыруға  жəне  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға  қауіпсіз  жəне  жайлы  жағдайды  қамтамасыз  ететін  жəне 
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптарға 
сай 
келетін 
тиісті 
инфрақұрылымы бар ғимарат; 
2)  заманауи  құралдармен  жабдықталған  (байланыс  жəне  коммуникация 
құралдары,  желілік  өзара  байланыс,  кеңжолақты  интернет,  мультимедиялық 
кабинеттер, 
интерактивті 
тақта, 
аудио-бейне 
техникалар, 
цехтар, 
шеберханалар) оқыту пəн кабинеттері; 
3)  оқу  бөлмелеріндегі  қажетті  жарық  жəне  жылу  жабдықтары,  киім 
шешетін  орындар,  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сай  жасалған  тазалық 
бөлмелері; 
4)  мүмкіндіктері  шектеулі  білім  алушылар  үшін  ғимарат  ішінде  арнайы 
жасақталған жағдайлар; 
5)  мектеп-интернат  жағдайында  білім  алушылардың  тұруы,  тамақтануы 
жəне демалуы үшін салынған ғимарат, мектеп жанындағы телім енеді. 
62.  Жергілікті  атқарушы  органдар  жəне  жалпы  білім  беретін  ұйымдар 
білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін: 
1) салауатты өмір салтын насихаттау; 
2) əлеуметтік жəне психологиялық қызметті күшейту; 
3) ғимаратты күзетуді қамтамасыз ету; 
4)  жергілікті  тұрғындар  мен  ата-аналар  қауымдастығы  арасында  тығыз 
байланыс орнату; 
5) білім алушылардың бейресми ортасын зерделеу; 
6)  алдын  алу  іс-шараларын  (əлеуметтік  сұрақ-жауап,  психологиялық 
қолдау,  құқық  қорғау  жəне  медицина  мекемелері  қызметкерлерімен 
кездесулер) өткізу; 
7) профилактикалық медициналық тексеруді уақытылы ұйымдастыру; 
8) техника қауіпсіздігін, өрттің алдын алу ережелерін сақтау; 
9) үй-жайларындағы жарық пен əуелік жылу режимін сақтау; 
10) компьютерлік техникамен жұмыс істеу тəртібін сақтау; 
11) жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау; 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

22 
 
12)  балаларды  тасымалдауда  техника  қауіпсіздігін  сақтау  жолдары 
арқылы жағдай жасайды. 
63. Жалпы орта білім беретін, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда білім 
беру  процесі  ҮОЖ  негізінде  дайындалатын  оқу  жұмыс  жоспары  аясында 
жүзеге асырылады жəне білім саласындағы жергілікті атқарушы органдармен 
келісіліп, жалпы орта білім беретін ұйымдардың өзінде бекітіледі. 
64. Жалпы орта білім беретін республикалық мамандандырылған мектеп-
интернаттардың білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс 
жоспары  шеңберінде  жүзеге  асырылады  жəне  Қазақстан  Республикасының 
білім саласындағы уəкілетті органымен бекітіледі. 
65.  Қалалық  жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдарда  сынып  толымдылығы 
24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде - 20-ға жеткен кезде 
немесе  одан  асқанда  шағын  жинақты  мектептерде  -  білім  алушылар  10-нан 
кем болмаған жағдайда: 
1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі; 
2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ əдебиеті; 
3)  оқыту  қазақ,  ұйғыр,  тəжік  жəне  өзбек  тілдерінде  жүретін  3-11 
сыныптардағы орыс тілі; 
4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі; 
5) 5-11 сыныптардағы информатика; 
6) бейінді пəндер; 
7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл 
жəне қыз балалар топтары); 
8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі 
топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады. 
66.  Сыныпта  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  болған  жағдайда  сыныпты 
топтарға  бөлу  осындай  əр  балаға  барлық  оқушының  санын  үшке  кеміту 
есебінен жүзеге асырылады. 
67.  Үлгілік  оқу  жоспарының  оқушы  компонентіндегі  оқу  жүктемесі 
көлемінде қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру, еңбек тəжірибесін өткізу 
қамқоршылық  кеңестің  немесе  ата-аналар  комитетінің  қатысуымен  жүзеге 
асырылады. 
  
  
 
 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

23 
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080  
қаулысымен
 бекітілген 
   
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарты 
  
1. Жалпы ережелер 
  
1.  Осы  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стандарты  (бұдан  əрі  -  стандарт)  «Білім  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңына  сəйкес  əзірленді, 
техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беруге  қойылатын  жалпы  талаптарды 
белгілейді. 
Осы  стандартты  меншік  нысаны  мен  ведомстволық  бағыныстылығына 
қарамастан,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  бағдарламаларын  іске 
асыратын  білім  беру  ұйымдары  жəне  білім  беру  бағдарламаларын 
əзірлеушілер қолданады. 
2.  Осы  стандартта  мынадай  терминдер  мен  олардың  анықтамалары 
пайдаланылады: 
1)  базалық  құзырет  -  өзін-өзі  жəне  жеке  қызметін  басқару  қабілеті,  өзін-
өзі жігерлендіру жəне өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі; 
2) біліктілік - алынған кəсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір 
түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі; 
3) құзырет - білім, шеберлік, дағды, кəсіптік тəжірибенің бірлігі негізінде 
маманның  əрекет  ету  жəне  белгілі  бір  кəсіптік  міндеттер  жиынтығын  шешу 
қабілеттілігі; 
4)  оқу  жоспарының  моделі  -  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру 
мазмұнының 
негізгі 
инварианттық 
құрылымдық 
компоненттерін 
сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны; 
5) модуль - білім беру бағдарламасының тəуелсіз, өзіндік жеткілікті жəне 
толық бөлімі немесе оқыту кезеңі; 
6)  модульдік  оқыту  -  нақты  кəсіптік  құзыреттерді  қалыптастыруға 
бағытталған  жекелеген  өзара  байланысты  блоктар  түріндегі  материалдарды 
оқытуды құрылымдап, болжайтын оқыту жүйесі; 
7) оқытудың нормативтік мерзімі - нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, 
сырттай) бойынша кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі; 
8)  кəсіптер  мен  мамандықтардың  тізбесі  -  оқытудың  неғұрлым  жалпы 
параметрлерін  айқындайтын  кəсіптер  мен  мамандықтардың  жүйеленген 
тізілімі  (мамандықтың  бейіні,  кəсіптік  біліктілік  деңгейі,  базалық  білім 
беруге байланысты оқыту мерзімі); 
9)  білім  беру  бағдарламасы  -  пəндер  тізімі,  оқу  жұмысының  түрлері 
арқылы  білім  беру  жүйесінің  белгілі  бір  сатысының  білім  беру  мазмұнын 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

24 
 
жəне мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу  уақытының көлемін айқындайтын 
құжат; 
10)  кəсіптік  құзіреттілік  -  білім,  шеберлік  пен  дағды,  сондай-ақ  кəсіптік 
қызметті  тиімді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  жеке  қасиеттер  негізінде 
маманның кəсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі; 
11)  кəсіптік  практика  -  кəсіптік  білім  берудің  оқу  процесінің 
ажырамайтын  бөлігі  жəне  білікті  техникалық  жəне  қызмет  көрсету  еңбегі 
жұмыскерлерін еңбек қызметіне кəсіптік даярлаудың тиімді нысаны; 
12) оқу жұмыс жоспары - білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін, 
оқу  пəндерінің  тізбесі  мен  көлемін,  бірізділігін,  қарқындылығын  жəне 
оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  нысандарын,  білім  алушының  білімі  мен 
шеберлігін  бақылауды  жəне  кəсіптік  даярлығын  бағалауды  регламенттейтін, 
үлгілік  оқу  жоспарының  негізінде  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру 
ұйымы əзірлейтін құжат; 
13)  оқу  жұмыс  бағдарламасы  -  білім  беру  ұйымдарының  басшыларымен 
бекітілетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты 
пəні үшін техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары əзірлейтін құжат; 
14)  үлгілік  оқу  жоспары  -  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру 
ұйымдарында кəсіп пен мамандыққа оқыту мерзіміне қатысты оқу пəндерінің 
тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде əзірленетін 
құжат; 
15)  үлгілік  оқу  бағдарламасы  -  үлгілік  оқу  жоспарының  нақты  бір  пəн 
бойынша  меңгерілуге  тиіс  білім,  шеберлік  пен  дағдының  мазмұны  мен 
көлемін айқындайтын құжат; 
16) цикл - білім берудің бір бағытындағы оқу пəндерінің жиынтығы. 
3.  Техникалық  жəне  кəсіптік  білімі  бар  кадрларды  даярлау  осы 
стандартқа, сондай-ақ: 
1)  оқу-бағдарламалық  құжаттамаға  -  оқу  жоспарының  моделіне,  үлгілік 
жəне 
оқу 
жұмыс 
жоспарлары 
мен 
бағдарламаларына, 
жеке 
оқу 
жоспарларына; 
2) білім беру бағдарламаларына; 
3)  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саласындағы  уəкілетті 
органдары бекіткен нормативтік құжаттарға сəйкес жүзеге асырылады. 
   
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 
  
4. Техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұны: 
1)  жалпы  білім  беретін  пəндер  бойынша  интеграцияланған  курстарды 
зерделеуді; 
2) жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кəсіптік, арнайы пəндерді 
зерделеуді; 
3) 
жоғары 
оқу 
орындарының 
1-2 
курстарының 
білім 
беру 
бағдарламаларымен  қоса  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің 
интеграцияланған білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

25 
 
5. Білім беру бағдарламаларын əзірлеу мен іске асыруда техникалық жəне 
кəсіптік білім беру ұйымдары: 
1)  кəсіптік  оқу  бағдарламасын  меңгеруге  бөлінген  оқу  уақытының 
жиынтық  көлемін  сақтаған  кезде  циклдар  мен  пəндер  үшін  оқу  уақыты 
көлемін 25% дейін өзгертуге; 
2) оқыту процесінің əртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру 
мен бақылаудың нысандарын, əдістерін таңдауға құқылы. 
6.  Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  бағдарламалары  міндетті 
пəндермен  қатар,  білім  беру  ұйымы  айқындайтын  пəндерді,  факультативтік 
сабақтар мен консультацияларды қамтиды. 
Консультациялар  мен  факультативтік  сабақтар  білім  алушылардың  жеке 
қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған. 
7.  Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру 
базалық  жоғары,  техникалық  жəне  кəсіптік  білімі  бар,  оқытылатын  пəн 
бейініне  сəйкес  жəне  педагогикалық  жəне  əдістемелік  қызметпен  жүйелі 
түрде  айналысатын  инженерлік-педагогикалық  кадрлармен  қамтамасыз 
етіледі. 
8. Өндірістік оқыту мен кəсіптік практиканы ұйымдастыру: 
1)  кəсіптік  дағдыларды  игеру  бойынша  оқу-өндірістік  жұмысты  (оқу 
практикасы мен өндірістік оқыту); 
2) кəсіптік дағдыларды (жұмысшы мамандығын алуға, өндірісте оқытуға 
арналған) игеру жəне бекіту бойынша оқу-өндірістік жұмысты; 
3) кəсіптік практиканы (технологиялық, дипломалды) қамтиды. 
Практиканың əрбір түрінің ұзақтығы маманның біліктілігіне байланысты 
маманның 
біліктілік 
сипаттамасына 
қойылатын 
талаптарға 
сəйкес 
анықталады. 
Өндірістік 
оқыту 
оқу-өндірістік 
шеберханаларда, 
оқу 
шаруашылықтарында  жəне  оқу  полигондарында  өндірістік  оқыту  шеберінің 
басшылығымен жүзеге асырылады. 
Кəсіптік 
практиканың 
мерзімі 
жəне 
мазмұны 
оқу 
жұмыс 
бағдарламаларымен жəне оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады. 
Практикадан  өту  кезінде  білім  алушыға  разряд,  санат  беріле  отырып, 
жұмысшы  біліктілігінің  бір  немесе  бірнеше  жақын  мамандықтарды  меңгеру 
көзделеді. 
Кəсіптік  даярлық  (жалпы  кəсіптік  жəне  арнайы  пəндер  бойынша 
зертханалық-практикалық  сабақтар,  курстық  жəне  дипломдық  жобалау, 
өндірістік оқыту, кəсіптік практика). 
Кəсіптік  практика  міндетті  оқытудың  жалпы  оқу  уақыты  көлемінің 
кемінде 40%-ын құрауы тиіс. 
Кəсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілермен 
берілетін  жұмыс  орындарында  өткізіледі  жəне  оқыту  процесінде  алынған 
білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен кəсіптік құзыреттерді меңгеруге 
бағытталған. 
Білім
 
берудің
 
тиісті
 
деңгейлерінің
 
мемлекеттік
 
жалпыға
 
міндетті
 
білім
 
беру
 
стандарттары

Государственные
 
общеобязательные
 
стандарты
 
образования
 
соответствующих
 
уровней
 
образования
.
         27/08/2015

26 
 
9.  Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыруда 
оқу  əдебиеттері  мен  оқу-əдістемелік  құралдардың  кітапханалық  қорының, 
оның  ішінде:  электрондық  оқу  құралдары,  аудио  жəне  бейне  материалдар, 
əдістемелік  көрнекі  құралдар  жəне  пəндер,  кəсіптік  практикалар,  жазбаша-
біліктілік  жұмыстары,  дипломдық  жобалар  бойынша  ұсынымдардың 
болуымен қамтамасыз етіледі. 
10. 
Оқыту 
процесін 
материалдық-техникалық, 
оқу-əдістемелік 
қамтамасыз  ету  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органмен  белгіленген 
нормативтік талаптарға сəйкес болуы тиіс. 
11.  Білім  беру  бағдарламаларының  тəрбиелік  компоненттері  білім 
алушылардың  бойында  ұлттық  құндылықтарды  дарытуға,  патриоттық  пен 
азаматтылықты 
қалыптастыруға, 
жан-жақты 
қызығушылығы 
мен 
қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
12.  Оқыту  процесін  жоспарлау  кезінде  техникалық  жəне  кəсіптік  білім 
беруді  əзірлеушілер  осы  стандартқа  1-қосымшаға  сəйкес  техникалық  жəне 
кəсіптік білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады. 
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет