Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы №496 бұйрығына 2-қосымша


-тарау. «Ана тілі»пәнінің мазмұны



бет2/3
Дата27.04.2022
өлшемі29,77 Kb.
#32511
1   2   3
2-тарау. «Ана тілі»пәнінің мазмұны

5. «Ана тілі» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына


6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 102 сағатты құрайды.

6. Оқу пәнінің мазмұны:

1) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);

2) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;

3) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен;

4) балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады.

7. «Ана тілі» пәнін оқыту әліппеден кейінгі кезең бойынша
ІІ жартыжылдықта «Ана тілі» оқулығы арқылы жүзеге асырылады.

8. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:

1) тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы сөз өнеріне баулу;

2) ауызша тіл мен жазба тілін дұрыс дамыту;

3) мәтінді дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;

4) ауыз әдебиет үлгілері мен көркем шығармалар арқылы ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу;

5) тілдік білімнің алғашқы негіздерін меңгерту;

6) бастапқы жазу нормаларын сақтап, сауатты жазуға дағдыландыру;

7) көркем жазу дағдыларын дамыту;

8) мәтінмен жұмыста дереккөздерді пайдалана білуге машықтандыру.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруда
А.Байтұрсынұлының жалқылаулы-жалпылау әдісі, тұтас сөзді әдісі, жазу-оқу әдісі басшылыққа алынды.

9. «Ана тілі» пәнінің базалық білім мазмұны.

Тыңдалым мен айтылым:

1) тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;

2) сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;

3) орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;

4) сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;

5) тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;

6) сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау, рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену;

10. Оқылым:

1) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

2) сөйлемді, мәтінді дауыстап оқу; мәнерлеп, түсініп оқу, мұғалімнің қолдауымен мәтіннен қажет ақпаратты тауып оқу;

3) айтылу мақсатына қарай сөйлемнің интонациясын (хабарлы, лепті, сұраулы) сақтап оқу;

4) сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау;

5) сөздердің мағынасын (мәндес; мағынасы қарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер) ажырату, сөздік қорын байыту;

6) мәтін тақырыбын «Кім (не) туралы?» деген сауалдар арқылы анықтау, оқылған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

7) оқыған мәтіні бойынша өз ойын, алған әсерін білдіру;

8)  әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (суретті кітап, сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпараттарды табу;

9) сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;

Ескерту: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, ғылыми-танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөз.

ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

11. Балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) тілі жеңіл, Отан, туған жер, табиғат, жан-жануарлар, отбасы, еңбек, денсаулық туралы мәтіндер беріледі.

12. Жазылым:

1)  әріптерді талапқа сай көркем жазу; әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі үзбей (ырғақты) жазу;

2) әр сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем ішіндегі сөздердің бөлек жазылатынын, сөйлемнің соңына тыныс белгі қойылатынын білу, қолдану;

3) көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы сөздерді (7-10 сөз), жай сөйлемдерді (3-4 сөйлем) жатқа жазу, жазғанын үлгіге қарап тексеру;

4) сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;     

5) сауатты және көркем жазуға дағдылану;

6) заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді дұрыс қолдану;

7) бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына арнайы қойылған аттар) ажырату, дұрыс жазу;

8) сөйлеу барысында жалғауларды қолдана білу;

9) мұғалімнің қолдауымен сөзді тасымалдау.

Ескерту:

2-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, мазмұндама – 10-15 сөз, мәтінді көшіріп жазу –


10-20 сөз, шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (10-15 сөз). Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет